Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сұрақ – сізден, жауап бізден! - АРҚА АЖАРЫ

Сұрақ – сізден, жауап бізден!

Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты газетіміздің сайтына бірқатар тұрғындардан сұрақтар түскен болатын. Солардың бірнешеуін облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жолдаған едік. Басқарма мамандарының тұрғындардың сауалдарына берген жауаптарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Gabdullina.dina@gmail.com. Сәлеметсіз бе. Менің үш балам бар. Жұмыс істемеймін. Жолдасымның жалақысы 50 мың теңге. Тұрмысымыз нашарлап кетті. Бізге атаулы әлеуметттік көмек тағайындала ма?
Жауап: Құрметті Дина, облыстық «Арқа ажары» газетінің сайтына жазған атаулы әлеуметтік көмекке байланысты сауалыңызға қатысты мынаны хабарлаймыз: «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 3 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2020 жылдың бірінші тоқсанында облыста күнкөріс мөлшері 29074 теңгені құрап отыр. Сәйкесінше, кедейлік шегі күнкөріс мөлшерінің 70 пайызы болып есептеледі, яғни 20352 теңгені құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тағайындалатыны жайлы толық ақпарат алу үшін Сізге жеке құжатыңызбен тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ол мүмкін болмаған жағдайда жергілікті әкімдікке бару қажет.
Mikaospanova42@mail.com. Сәлеметсіз бе, жолдасым бір жекеменшік мекемеде жұмыс істейді. Жалақысы мардымсыз. Үш баламыз бар. Кішкентайымыз бір жаста. Өткен жылдың желтоқсан айына дейін атаулы әлеуметтік көмек алып келдік. Енді қалай болады екен? Атаулы әлеуметтік көмекті тағы ала аламыз ба?
Жауап: Құрметті Мәриям, «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 3 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2020 жылдың бірінші тоқсанында облыста күнкөріс мөлшері 29074 теңгені құрап отыр. Сәйкесінше, кедейлік шегі күнкөріс мөлшерінің 70 пайызы болып есептеледі, яғни 20352 теңгені құрайды.
Егер, жеке кәсібі болса, одан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есепке алынады.
Адамның (отбасының) кәсіпкерлік қызметтен түскен жиынтық табысын есептеген кезде келесі:
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату құнының өсуінен түскен;
3) шаруа (фермер) қожалығының қызметі нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүліктік пайлардан алынған табыс ескеріледі.
Miss_kizilorda@mail.ru. Сәлеметсіз бе, менің екі балам бар. Жолдасым екеуіміз де жұмыс істемейміз. Балаға бір жасқа дейін төленетін жәрдемақыны алып тұрамыз. Басқа ешқандай табысымыз жоқ. Бізге атаулы әлеуметтік көмек тағайындала ма?
Жауап: Құрметті Аружан! «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығының 3 тармағына сәйкес, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі. 2020 жылдың бірінші тоқсанында облыста күнкөріс мөлшері 29074 теңгені құрап отыр. Сәйкесінше, кедейлік шегі күнкөріс мөлшерінің 70 пайызы болып есептеледі, яғни 20352 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, аталған бұйрықтың 25 тармағына сәйкес, шартты ақшалай көмекті тағайындау шарттары бар. Олар мыналар: әлеуметтік келісімшарт жасасу, онда тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары мен әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетіледі; табысы аз отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысуы.
Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тағайындалатыны жайлы толық ақпарат алу үшін Сізге жеке құжатыңызбен тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша жұмыспен қамту орталығына, ол мүмкін болмаған жағдайда жергілікті әкімдікке бару қажет.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметтері бойынша әзірлеген
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар