Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
7,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды - АРҚА АЖАРЫ

7,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

Облысымызда 130 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, өңірде «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шағын және орта бизнес саласы қанат жайып келеді. Жеке кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамытудың деңгейі мен жағдайы ел экономикасының тұрақты дамуына септігін тигізетіні сөзсіз. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға, бәсекелестікке қабылетті тауарлардың түрі мен өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген несие ұсыну арқылы өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы қаржылық орта құрылуда. Бүгінгі күні облыста шағын және орта бизнестің айналысатындардың саны 45,5 мыңға адамды құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен саластырғанда 3,1 пайызға артып отыр. 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында шағын және орта бизнес саласынан бюджетке 41 миллиард салық түскен. Қазіргі таңда Ақмола облысында 130 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Өткен жылы осы салада 7 584 жаңа жұмыс орны ашылып, барлығы 45,4 миллиард теңгеге несие берілді. Оның ішінде ауыл шаруашылығының үлесі – 50,7 пайыз, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу – 17,5 пайызды құрап отыр.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілері өндіріп отырған өнім көлемі 3,1 пайызға артып, 556,3 миллиард теңгені құрады. Осылайша, отандық кәсіпкерлікті дамыту арқылы бәсекелестікке қабылетті өнімдерді шығаратын кәсіпорындардың саны мен өндірістік әлеуеті артып келе жатқандығын байқауға болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар