Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Поэзия өнерінің канондары туралы трактат - АРҚА АЖАРЫ

Поэзия өнерінің канондары туралы трактат

Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Бүгін назарларыңызға Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Поэзия өнерінің канондары туралы трактатын» ұсынып отырмыз.

Аса қамқор, мейірімді Аллаға арнадым! Поэзия өнерінің канондарын Екінші ұстаздың талқылауы. Ол былай дейді:
Ой толғауды дәлелдеу және данагөй (Аристотель) «Поэзия өнерінде» бекіткен ойды, білуге (ниет білдіргендерді) онымен таныстыру үшін еске салу осы зерттеудегі біздің мақсатымыз болып табылады. Алайда, біз бұның әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі және аталмыш өнерге қатыстының бәрін тиісті деңгейде сипаттап түсіндіріп жатпаймыз, өйткені, данагөй (Аристотель) поэзия өнері туралы айтпағанның өзінде, әуелі софистика өнері бойынша да өз ізденісін аяқтамады. Бұған (себеп) ол жөнінде өзінің софистика өнері бойынша ізденісінің соңында өзі көрсеткендей, өзінің ізашарларынан ақиқатқа қол жеткізу ісінде басшылыққа алу үшін ол қолдануға және реттеуге мүмкін болатын ешқандай негіз бен канондарды таба алмағандығы болып отыр. Ақылман өзінің бүкіл өнері мен даналығында аяқтауға тәуекел етпегенді аяқтауға тырысқаннан гөрі, осы өнерде қазіргі кезде бізге кездесуі (мүмкін) пайдалы канондарды, мысалдарды және ой толғауларды көрсетумен шектелген жақсы емес пе екен.
Біз айтамыз: Сөз тіркесі мағынаны не білдіруі, не білдірмеуі мүмкін. Айтылым жай және күрделі болады. Күрделі айтылым пікір болуы да немесе пікір болмауы да мүмкін. Пікірлердің кейбіреулері кесімді болады, ал екіншілері үзілді-кесілді болмайды; кесімді пікірлердің кейбіреулері ақиқатты болады, екіншілері жалған болады. Жалған пікірдің кейбіреуі қарастырып отырған, пікір орнына жүретін, зат тыңдаушысын ойға түсіреді, ал ол кезде басқалары олардың ойына заттың еліктеуін түсіреді; дәл сол соңғысы поэтикалық пікір болып табылады. Ол еліктеулердің кейбіреуі біршама жетілген, басқалары жетілмеген болады. Олардың жетілу немесе жетілмеу табиғатын зерттеу толығымен ақындар немесе поэзияны әртүрлі тілде және әртүрлі диалектіде зерттейтін әрі осы жөнінде жазатын адамдар (мәселесінің) шеңберіне енеді.
Бірақ «софистика» және «еліктеу» терминдері – екеуі де бір нәрсе деп ешкім ойламауы керек. Керісінше, олар бір-бірінен мынандай қатынастарда ерекшеленеді: софистің мақсаты еліктеушінің мақсатынан өзгеше болады, өйткені, софист тыңдаушыны (оны қандайда бір) керісінше (шындықты) (ұйғаруға мәжбүрлей отырып) адасуға апарады; сонымен ол өмір сүретінді өмір сүрмейтін ретінде, ал, өмір сүрмейтінді өмір сүруші ретінде елестетеді, осыған орай еліктеуші болса, басқаны емес, керісінше, (шындыққа) ұқсайтынды елестетеді. Осыған ұқсайтын сезімде де кездеседі, өйткені, бір орнында тұрған адам кейде өзін қозғалып бара жатқан адам сияқты сезінеді, (мысалы), корабльде кетіп бара жатқан адам жағадағы адамдарға қараған кезде немесе адам жерде тұрып аспандағы көшіп бара жатқан бұлттарға қараса осындай күйде болады. Бұл – адамның сезімі оның өзін алдайтын кездегі жағдай-күй. Алайда, адам айнаға немесе қандайда бір адам өз бейнесін көре алатын затқа қараған кезде, ондай күй оны затқа ұқсайтынды (оны көріп тұрғандай) елестетуге мәжбүрлейді.
Пікір енді басқаша жіктелуі мүмкін. Біз пікір мүмкін кесімді, не кесімді емес болады деп айтамыз. Егер пікір кесімді болса, онда ол не силлогистік, не силлогистік емес болуы мүмкін. Егер ол силлогистік болса, онда ол не проблематикалық, не ассерторикалық болуы мүмкін; егер ол проблематикалық болса, онда ол не индуктивті болуы мүмкін, не аналогия бойынша айтылған пікір болуы мүмкін. Аналогия көп жағдайда поэзия өнерінде қолданылады; осыдан поэтикалық пікір – ол аналогия болатыны анық.

Силлогизмдер және жалпы пікір, сол сияқты, басқаша жіктелуі де мүмкін. Пікір не абсолютті ақиқат, не абсолютті жалған, не тұтастай алғанда ақиқат, бірақ жарым-жартылай жалған, не керісінше, не теңдей дәрежеде әрі ақиқат, әрі жалған деп айтады. Абсолют ақиқат пікір дәлелді деп аталады; онда тұтастай алғандағы ақиқат – диалектикалық, ал, теңдей дәрежедегі ақиқат және жалған – риторикалық пікір; тұтастай жалған – софистикалық; ал, абсолют жалған – поэтикалық пікір деп аталады. Осы жіктелуден поэтикалық пікір ол дәлелді де, диалектикалық та, риторикалық та, софистикалық та (пікір) болып табылмайды дейтін түсінік туындайды, бірақ ол силлогизмнің түрі немесе ең алдымен, «силлогизмнен кейінгі» («силлогизмнен кейінгі» деген ұғымды мен индукция, аналогия, интуиция және т.б. деп түсінемін, яғни, олар силлогизмнің күші барлар) болып табылады.

Интернет материалдары негізінде дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар