Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Волонтерлер жылы нәтижелі болсын десек - АРҚА АЖАРЫ

Волонтерлер жылы нәтижелі болсын десек

оған еріктілер ғана емес, барлығымыз атсалысуымыз қажет

Еріктілер жылы туралы айтпас бұрын, ерікті сөзінің мағынасын түсініп алайықшы. Еріктілер дегеніміз өз еркімен, яғни, саналы түрде айналасындағыларға үздіксіз көмектесіп жүретін жандар. Олар жастар да, үлкен кісілер де болуы мүмкін. Шындығында, жас айырмашылығында ешқандай шектеу жоқ. Тек, жүрегімізде өзгеге көмектесуге ниет болса болғаны.

Енді Еріктілер жылына келсек, біз оны бос дақпыртқа айналдырып жібермей, шынайы нәтиже шығатындай етіп өткізе аламыз ба деген сауал туындайды. Бұлай дейтін себебіміз, баспасөз беттерінде, телеарналарда биыл еріктілер үшін ерекше жыл екені, еріктілерге зор жауапкершілік артылып отырғаны жиі айтылады. Сонда, Еріктілер жылы тек еріктілерге ғана қатысты болғаны ма? Волонтерлік қызмет елімізде дамысын, алға бассын десек, еріктілердің қатарын көбейтуге тырысу қажет.
Өкінішке орай, көптеген адамдар еріктілер қызметіне еріккеннің ермегі деп қарайды. «Жөнді жұмыс істеп, ақша табудың орнына, қайдағы біреудің шаруасын атқарып, уақытын босқа өткізіп жүр» деп, еріктілерге күлетіндер, сын тағатындар аз емес. Шындығында, еріктілер өте еңбекқор адамдар. Оқуды да, жұмысты да ұршықтай иіріп, сосын өзгеге көмектесуге уақыт таба білу нағыз ерлік. Оның үстіне біздің елімізде еріктілердің құқығы заңмен қорғалғанын біле жүргендеріңіз абзал.
Қазақстан Республикасының «Волонтерлік қызметі туралы» заңында еріктілердің міндеттері, волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері, сонымен қатар, бұл қызмет қалай ұйымдастырылатыны да нақты көрсетілген. Еріктілер қызметі дегеніміз – жеке тұлғаларға, кәсіпорын компанияларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, азаматтық позиция-
ны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ресми сайтында өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін еріктілердің қатары жыл санап артып келе жатқаны, бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтырып жатқаны туралы деректер бар.
Былтыр «Ұлттық еріктілер желісі» ұйымының төрайымы Вера Кимнің 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауды ұсынғаны мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты қолдайтынын атап өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті ретінде мен әрқашан волонтерлердің қозғалысын қолдайтынымды жеткіземін. Сондықтан, Сіздердің келесі жылды Волонтерлер қозғалысының жылы деп жариялау туралы ұсыныстарыңызды толығымен қолдаймын. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз», – деді Президент бұл орайда. Сөйтіп, 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды.
Еріктілер жылында біздің облысымызда қандай шаралар қолға алынатыны туралы білу үшін Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығына хабарласқан едік. Орталықтың баспасөз хатшысы Жеңіс Балабеков үстіміздегі жылы Көкшетауда волонтерлік мектептің ашылатынын, мамыр айында халықаралық волонтерлер форумы өтетінін айтты.
– Жыл сайын волонтерлердің саны ұлғаюда. Қазіргі таңда қоғамға пайдасын тигіземін деуші жастардың еріктілер қатарына қосылуы бізді қуантады. Осы күні еліміздің түкпір-түкпірінде 200-ден астам волонтерлер ұйымы жұмыс істеуде.
Солардың ішінде «Рахат», «Жаңа толқын», «Феникс» және «DREAM» сияқты қозғалыстар Көкшетау қаласының тұрақты волонтерлер ұйымдары болып табылады. Тағы бір айта кететін мәселе, өз еркімен волонтер боламын деуші жас-тар kaz.volunteer.kz сайтына тіркеліп, волонтерлер қатарына енуге мүмкіндіктері бар.
Республика бойынша белсенді, қайырымды жастардың қатарына қосылған еріктілерге Үкімет тарапынан сан түрлі жағдайлар жасалып, қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ, Еріктілер жылы аясында, волонтерлерге тағы да көптеген жеңілдіктер қарастырылады, – деген Жеңіс Балабековтің сөзінің жаны бар. Мемлекетіміз волонтерлерді жан-жақты қолдау шараларын қарастыруда. Елбасымыз өткен жылы Үкіметке волонтерлікпен айналысатын университет студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.
Осы орайда біз облысымызда волонтерлікпен айналысып жүрген бірқатар ерікті жастарды да әңгімеге тартқан едік. Солардың бірі Атбасардағы №2 орта мектептің 11 сынып оқушысы Юлия Минец. Ол волонтерлікпен 14 жасынан бастап айналысып келеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді өмірлік ұстанымым деп білетін бойжеткен үш жылда ерікті ретінде біраз адамдарға қол ұшын беріп, игі істердің басы-қасынан табылып жүр.
Бізбен әңгімесінде бойжеткен «Волонтер жылы» деп жарияланған 2020 жылы осы сүйікті ісін әрі қарай жалғастыруға зор мүмкіндік туып тұрғанын, сол үшін биылғы жылда жаңа белестерді бағындырғысы келетінін айтты. Оның үстіне, былтыр «Жас Ақмола-2019» дәстүрлі облыстық жастар жүлдесінің «Жылдың үздік еріктісі» номинациясымен марапатталуы өзіне жүктелген зор жауапкершілік дейді Юлия.
–Волонтерлікпен айналысып келе жатқаныма үш жыл. Бұл шаруаны аудан орталығындағы жастар ресурстық орталығымен бірлесіп атқарамын. Сонымен қатар, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымында да мені белсенді ерікті ретінде жақсы таниды. 2020 жылы мені алда үлкен міндеттер тосып тұр. Ең алдымен, оқуымды ойдағыдай аяқтап, университетке оқуға түсуім керек. Болашағымды журналис-тика саласымен байланыстырғым келеді, – деген Юлияның медиа-волонтер болсам деген арманы бар. Өмірлік қиын жағдайда қалған мұқтаж жандардың мәселелерін көтеріп, қол ұшын бергісі келеді. Сонымен қатар, 2020 жылы өз ауданында еріктілер форумын өткізуді жоспарлап отыр.
–Жасыратыны жоқ, шет елдерде волонтерлік іс жақсы дамыған. Мәселен, Ресейде Волонтер жылы өткеннен кейін волонтерлік іс жақсы жолға қойылып, тұрғындар осыған көптеп бет бұра бастады. Бізде де бұл мәселеге мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, жас-тар жалындап тұрған шағымызда жарқырап қалайық, – деген бойжеткен барша замандас-
тарын барынша белсенді болуға шақырды.
Ал, келесі белсенді жас Көкшетау жоғары медициналық колледжінде фармацевтика мамандығы бойынша білім алып жатқан Тамара Россолова еріктілікпен осымен төртінші жыл айналысып келе жатқанын айтты.
–Колледжге оқуға түскеннен бері еріктілер жұмысына белсенді араласа бас-тадым. Адамдарға көмектесу маған шабыт сыйлайды. Колледжде «Қайырымдылық және ержүректілік» атты еріктілер қозғалысы бар болатын. Оның мүшелері ауруханаға барып, науқастарға көмектесіп, бір жағынан өздеріне де тәжірибе жинақтайды. Олар тұруға шамасы келмейтін науқасты тамақтандыруды, күтуді үйренеді. Бірде маған «Неге өз еріктілер клубымды ашпасқа?» деген ой келді. Сөйтіп, достарыммен ақылдасып, «Жақсылық жаса» еріктілер тобын аштым. Биыл оның жұмыс істеп келе жатқанына үшінші жыл, – деген Тамара қазіргі күні осы топтың жетекшісі болып табылады. Топ белсенділерін қажетті салаларға өзі бағыттап отырады.

Волонтерлік қызмет әлемнің АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия секілді бірқатар мемлекеттерінде жақсы дамығаны белгілі. Бүгінде жоғарыда айтқанымыздай, әлем халқының 970 миллионы волонтер екені, оның ішінде әрбір сегізінші қазақстандық еріктілер қатарын толықтырып жатқаны туралы деректерге сүйенсек, біздің елімізде де бұл қызмет жақсы жолға қойылып келе жатқанын байқауға болады. Жасыратыны жоқ, еріктілердің басым көпшілігі біз әңгімеге тартқан Юлия мен Тамара секілді белсенді жастар. Ал, әлемде еріктілік қызметпен айналысуға жасқа қатысты ешқандай шектеу жоқ десек, үлкендер еріктілер қатарын толықтыруға қалай қарайды екен?..
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар