Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жол құрылысының сапасы – өз дәрежесінде - АРҚА АЖАРЫ

Жол құрылысының сапасы – өз дәрежесінде

Облыста инфрақұрылымды дамытуға, әсіресе, жол құрылысы саласына маңыз беріліп отыр. Осы бағытта «Көкшетауавтодор» серіктестігі де өңір аумағында атқарылып жатқан ауқымды істерге өз үлесін қосуға тырысып жатқан жайы бар.

Өткен жылы облыстық, аудандық маңызы бар жол салу, оны күрделі және ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізу қалыпты жүргізілді. Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауларында да инфрақұрылым, жол, теміржол, жалпы, қатынас мәселесіне үлкен маңыз беріледі. Осындай тұрақты қадағалау мен нақты тапсырмалар жол құрылысы саласы жұмыстарының бойына қан жүгіртіп отырғаны да рас. Автокөлік жолының құрылысымен және күтіп ұстауымен айналысатын «Көкшетауавтодор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылдың басында шағын кәсіпорын ретінде тіркелген. Серіктестік директоры
Рустам Бадалянның айтуынша, кәсіпорын алғашқы жылдары Көкшетау мен Щучинск қалаларының көшелеріне, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмысын атқарған екен.
2009 жылы субмердігер ұйымы ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл», Ақмола облысындағы «Көкшетау-Атбасар» автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмысын жүргізді. Сондай-ақ, кәсіпорын облыстық маңызы бар автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмысын жүргізеді. Мәселен, 2007 жылдан бас-тап бүгінгі күнге дейін серіктестік ара қашықтығы 134 шақырым облыстық маңызы бар автокөлік жолдарын ағымдағы жөндеу және күту бойынша мердігер болып табылады. Жұмысты қаржыландырудың негізгі көзі – республикалық, облыстық және қалалық бюджет. Жұмыс СНиП, ВСН, ТУ нормативтік талаптарына, конкурстық құжаттардың жағдайына сәйкес, тиісті техникалық, кәсіптік, ұйымшылдық
және сапалық деңгейде орындалады.
– Компания құрылыс жұмысын жүргізу үшін бірінші санаттағы мемлекеттік лицензия алды. Осы құжат негізінде құрылыс-монтаж жұмысының жауапкершілігін өз мойнымызға аламыз. Жол құрылысы жұмысынан өзге инженерлік коммуникация тарту жұмысын атқарамыз. 2006 жылдан бері біз жыл сайын қалпына келтіру, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және спорт алаңдарын, скверлер мен аула аумағын абаттандыру жұмысын орындап келеміз. Кәсіпорынның жоғары сапалы жұмыс істеуі үшін атқарылатын жұмыс үрдісінің барлық кезеңінде лабораториялық бақылау, өндірісте сапа менеджмент жүйесіне сәйкес мердігердің сапа қызметі ұйымдастырылған. Жұмыста қазіргі заманғы технология, аспаптар мен тетіктер, жол құрылысы материалдарының сапасын жақсартатын осы заманғы өнімдер қолданылады. Серіктестіктің жөндеу шеберханасы, қоймалары, техникалар боксы, жол құрылысының материалдарын тасымалдайтын теміржол тұйығы, вагон өлшейтін электрондық аспабы, битум қоймасы, автокөлік өлшейтін аспап тәрізді өндірістік базасы бар,–дейді серіктестік директоры.
«Көкшетауавтодор» серіктестігінің шағын процессорлық жүйемен басқарылатын ДС-1853, үш баспалдақты жүйемен тазаланатын ДС-117-2 асфальт жасайтын қондырғылары бар. Жол құрылысы жұмысына арналған асфальт-бетон қоспасын өндіру және кептіру үрдісі автоматты түрде басқарылады. Сондай-ақ, әртүрлі қиыршық тас пен құм өндіру үшін үгіту-сұрыптау кешені іске қосылыпты. Кәсіпорында темірбетон өнімін шығаратын цех пен «Рефей-Буран» өндірістік желісі жұмыс істейді. Мұнда жол жиегінің тасы, бедертас және өзге де жол құрылысы материалдары шығарылады. Тауарлық бетон мен темірбетон өнімін шығаратын растворбетон торабы жұмыс істейді. Барлық шығарылатын өнімнің сапа сертификаты бар.
Асфальтбетон қоспасы, қиыршық тас, битум мен құм, бетон өнімдері тәрізді жол құрылысы материалдарының сапасын тексеру үшін асфальтбетон зауытының аумағында аттестатталған өндірістік зертхана орналасқан. Серіктестік отандық тауар өндіруші және жұмыс беруші болып табылады. Кәсіпорында квалификациялық аттестаттаудан өткен білімді әрі тәжірибелі инженерлік-техникалық мамандар, тәжірибелі жол құрылысшылары мен механизаторлар еңбек етеді. Қажетті жол құрылысының техникаларымен және тетіктерімен жабдықталған. Парк жыл сайын қазіргі заманғы жол құрылысының техникаларымен толықтырылады. Қазір компанияда елуден астам арнайы жол құрылысы техникалары бар. Серіктестіктің мамандары әртүрлі семинарларға қатысады. Қазақстан, Ресей және Украинада біліктіліктерін арттыру курстарында оқиды. Кәсіпорын жұмысшылардың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін, сондай-ақ, жол құрылысы жұмысын орындау үшін қаржы, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарын бекітеді. Мұнда еңбеккерлердің өнімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған.
Бүгінгі күні серіктестік жол құрылысы жұмысының өндірістік деңгейін жоғары көтеруді өздерінің негізгі міндеті санайды.

Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар