Біздің отбасымыз үлкен қайғыға ұшырады. Шаңырағымыздың отағасы, әкеміз, атамыз Ибрагим Дәуітұлы Жанғоразов кенеттен қайтыс болды. Ол біздің баршамызға жоғары адамгершілік пен жауапкершіліктің үлгісі, данагөй тәрбиеші әрі ұстаз, отбасымыздың ұйытқысы, өз Отанының шынайы патриоты еді.
Біз «Арқа ажары» газеті арқылы Мемлекет, Ақмола облысы және Аршалы ауданының басшылығына, «Ижевский» өндірістік кәсіпорнындағы туған ұжымымызға, мың сан аршалылық жерлестерімізге қайғымызға ортақтасып, біздің қадірлі Ибрагим Дәуітұлын ақтық сапарға шығарып салуға қатысқандары үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!
Жанғоразовтар отбасы.