Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызыл командир Аюханов - АРҚА АЖАРЫ

Қызыл командир Аюханов

Биыл Атбасар қаласының іргетасының қаланғанына 175 жыл толып отыр. Осы екі ғасырға жуық уақытта шаһарымызда қаншама тарихи оқиғалар болды. Сондай тарихи оқиғалардың қатарында 1917 жылғы қазан төңкерісі бар. Кеңес үкіметін орнатуға атбасарлық азаматтар да ат салысты. Олардың ішінде Минниғали Минниярұлы Аюхановтың орны бөлек еді.

М.Аюханов 1893 жылы Орынбор губерниясының Орск қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1919 жылы коммунистік партияның мүшелігіне, ал, 1921 жылы Атбасар атқару комитетінің қазақ бөліміне мүше болып қабылданады. Сол жылдың ақпан айында қазақ-татар атты әскері отрядының командирі болып тағайындалады.
Атбасарға іргелес жатқан Сандықтау елді мекенінде жергілікті бай-кулактар кеңес үкіметін мойындамай көтеріліске шықты. Ел ішіндегі бүлікті басуға Минниғали Аюханов жасағымен жіберіледі. Қарулы қақтығыс кезінде ол ерлікпен қаза табады. Сүйегі бауырластар зиратына жерленген.
«1921 жылдың ақпанында ағам Минниғали шұғыл түрде кулактардың көтерілісін басуға аттанып кетті. Соңынан бізге шайқас кезінде қаза тапқаны туралы естіртті. Жеңгеміз Нафиса және ревкомның адамдарымен мәйітханаға барып атыс кезінде көз жұмғандар арасынан Минниғалидың мәйітін іздеп таптық. Аяздан сіресіп қатып қалған мүрдесін үйіне апарып үш күн пештің жанында жылыттық. Әскери тәртіппен ағамның денесін революция атынан арулап бауырластар зиратында жер қойнына берді…» деп осы оқиға туралы Атбасардан шыққан тұңғыш комсомол, оның немере қарындасы Рахиля Аюханова естелігінде жазыпты. Жерлестері құрметтеп, ел есінде қалдыру үшін Атбасар қаласындағы бір көшеге М. Аюхановтың есімін береді (материалдар мен сурет өлкетанушы Михаил Резниковтың жеке архивінен алынды).
Темірбек Қасымжанов,
Атбасар тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Суретте: Минниғали Минниярұлы Аюханов әйелі Нафисамен. Атбасар қаласы. 1912 жыл.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар