Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзін теледидардан мұқият тыңдадым.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғайтын және дамытатын, өткізу нарығына жол ашатын, өнімділікті ұлғайтып, қазақстандық өнімдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тиімді өнеркәсіп саясатын, сондай-ақ ашық әрі прагматикалық салықтық-бюджеттік саясат қалыптастыру керектігіне назар аударды. Біз селода тұратын адамдарға жан-жақты көмектесеміз. Олардың тұрмысын жақсартуға тырысамыз. Тұрғындар өзге елді мекендерге қоныс аудармауы үшін барлық мүмкіндікті жасаудамыз.
Біздің наубайхана село тұрғындарын нан өнімдерімен және мал азығымен қамтамасыз етеді. Бір бөлке нанды 35 теңгеден сатамыз. Селоны абаттандыруды, жолды қардан тазалауды, мектеп оқушыларын тегін тасымалдауды өз мойнымызға алдық. Әкімшілік ғимаратта дәмхана, бильярд пен жаттығу залы жұмыс істейді. Зейнеткерлер мен мектепке материалдық көмек көрсетеміз. Сондай-ақ, селода өтетін мәдени шараларға жыл сайын 1 миллион теңге бөлеміз. Өз қаржымыз есебінен Егіндікөл селосында Абылай ханға ескерткіш орнаттық. Аң және балық шаруашылығымен де айналысамыз. Осының бәріне мемлекет қолдауының арқасында қол жеткіздік. Біз тұрғын үй және өзге де ғимараттар құрылысымен, су құбырын тартумен айналысамыз. Өзім басқаратын «Қарамеде би» қоры арқылы жерлестеріме көмектесемін. Алға белігілеген жоспарымыз ауқымды. Оның бәрі жүзеге асса, село тұрғындарының тұрмысы жақсара түседі.
Қазақтан Президенті фискальды саясат та жаңғыртуды қажет етеді деп санайды. Оның негізгі міндеті – бюджетке қаржының тұрақты тусуін қамтамасыз ету, ұлттық кірісті әділетті бөлу, экономикалық өсімнің сапасы мен құрылымын жақсарту. Микро және шағын бизнесті салықтан босату оның дамуына тың серпін беретінін көрсетті. Бірақ жаппай салықтан босату айтарлықтай теріс әсер беруі мүмкін. Сондықтан, көп ойланып, оң шешім шығарған дұрыс.
Әбілқайыр ОШАҚБАЕВ,
«Қоржынкөл-А» серіктестігінің
бас директоры.
Егіндікөл ауданы.