Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ұшқын-Көкшетауға» үлкен сенім артылып отыр - АРҚА АЖАРЫ

«Ұшқын-Көкшетауға» үлкен сенім артылып отыр

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, Ақмола волейбол федерациясының президенті Марат Сырлыбаевты қабылдап, өңірімізде волейбол спортын дамыту мәселелерін талқылады.

Облысымыздың «Ұшқын-Көкшетау» волейбол командасы облыс әкімінің қолдауымен былтыр күзде құрылған болатын. Команданың құрамында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан құрамасының мүшелері, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпиондары мен жас спортшылар бар. Ашылғаннан бері команда бірнеше жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Қазіргі таңда
«Ұшқын-Көкшетау» Батыс Қазақстан облысында ерлер командалары арасында өткізіліп жатқан Қазақстан чемпионатына қатысуда.
Волейболшыларымыз биіктен көрініп, жанкүйерлерінің сенімін ақтау үшін сонау Украинадан тәжірибелі бапкер, Кеңес Одағының спорт шебері, Украина мен Молдованың жоғары командаларының бас бапкері болған Виталий Осипов шақырылғанын, бүгінгі күні клубқа облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып отырғанын айтқан облыс әкімі өткен аптада Ақмола облысы волейбол федерациясына президент болып тағайындалған Марат Сырлыбаевты қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
–Волейбол бұқаралық спорт түрі. Өңірімізде 25 мың адам волейболмен айналысады. Сонымен қатар, облыстағы он спорт мектебінде шамамен 700-ге жуық адам осы спорт түрінен жаттығады. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін қосқанда, өңірде волейболдан жаттықтыратын 400-ге жуық адам бар. Сол себепті, негізгі командада ақмолалық мектептің шәкірттері де болса деген тілегіміз бар. Жастармен көбірек жұмыс істеу керек, – деген облыс әкімі команда жетекшісінен, бапкерінен «Ұшқын-Көкшетаудың» аяқ алысын, келешектегі жоспарларын сұрады.
Команда жетекшісі, волейболдан спорт шебері Асхат Елеусізовтың айтуынша, Қазақстан чемпионатының екі кезеңінде де жерлестеріміз жүлделі орындардан көрінген. Енді алда жақсы нәтижелерді жалғастырып, ұлттық лигаға ену міндеті тұр. Осы орайда облыс әкімі Ақмола волейбол федерациясының президенті Марат Сырлыбаевқа волейбол спортының дамуына жете көңіл бөлуді, салада қандай проблемалық мәселелер барын зерделеуді тапсырып, үш-төрт айдан соң осы мәселе бойынша тағы да кездесетінін жеткізді.
Кездесу соңында жуырда командаға бас жаттықтырушы болып тағайындалған Виталий Осипов облыс әкіміне кездесуден естелік ретінде волейбол добын сыйға тартты.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар