Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алмаса, зардабы ұлғая береді - АРҚА АЖАРЫ

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алмаса, зардабы ұлғая береді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылған есептік кездесуде аталған департамент басшысы Мұрат Төлеубаев облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған шаралар жөнінде айтып берді.

– 2019 жыл еліміз үшін саяси оқиғаларға толы болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің болашағын айқындайтын бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылып, бұл орган тікелей Президентке бағынатын болды. Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жүргізу, жемқорлық әрекеттерден азаматтардың құқықтарын қорғау, осы заң бұзушылықтың жолын кесу біздің басты міндетіміз болып табылады, – деген департамент басшысы Мұрат Төлеубаев өз сөзінде былтыр облыстағы 18 мемлекеттік мекеме мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілгенін, соның нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында 79 ұсыныс жолданғанын айтты.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жұртшылықтың рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» сервисін іске қосқан. Бұл сервис бюджет қаражаты қайда жұмсалып жатқанын сырттан бақылап отыруға, азаматтардың өтініштерін онлайн режимінде қабылдауға мүмкіндік береді.
– Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 166 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның 142-сі сыбайлас жемқорлық фактілеріне қатысты. Қылмыстың негізгі бөлігін ұрлық фактілері құрайды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 99 адам жазаға тартылды, – деді департамент басшысы.
Сондай-ақ есептік кездесуде «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, өңірлік арнайы мониторингтік топтың және ақпараттық-ағартушылық штабтың былтырғы жұмыс қорытындылары туралы аталған ұйым жетекшілерінің есептері тыңдалды. «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тәйтенованың айтуынша, өткен жылы жобалық кеңсе 2,5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырған. Адалдық пен тәртіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін 306 адалдық дүкені ашылып, жұмыс істеуде. Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларымен айналысатын фронт-офистер ашылып, 724 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларының кабинеттері жұмыс кеңсесінің бірінші қабатына көшірілген.
Департамент жанындағы арнайы мониторингтік топтың төрағасы Владислав Шуль өткен жылы топ пойыздарда жолаушылар тасымалының ашықтығына мониторинг жүргізгенін, соның барысында 77 билетсіз жолаушы, 54 техникалық ереже бұзушылық анықталғанын айтты. Есептік кездесуді қорытындылаған департамент басшысы қатысушыларды сыбайлас жемқорлық көріністеріне бей-жай қарамауға шақырды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар