Жеңіл атлетикадан Ақмола облысының әйелдер құрама командасы республикалық біріншілікте 4х200 метр қашықтыққа эстафеталық жүгіруден жеңіске жетті.
Өскемен қаласында екі күнге созылған жарысқа еліміздің әр өңірінен барған 249 атлет (оның 159-ы ер, 90-ы әйел) қатысты. Ақмолалық спортшылар әр түрлі деңгейде бес медаль иеленді. Маргарита Назаренко, Ксения Яценко, Эльвира Тахауова және Юлия Сыромяжкодан құралған әйелдер құрамасы 4х200 метр қашықтыққа республика чемпионы атанды. Ал, Тахиржан Қадырқұлов ұзындыққа секіруден екінші орын иеленсе, биіктікке секіруден Василий Счастливый мен 800 метрге жүгіруден Эльвира Тахауова үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар, 4х200 метрге эстафеталық жарыста Ақмола облысының ерлер құрамасы (Артем Трайбер, Антон Герасимов, Валерий Нисневич және Илья Алиев) да үшінді орынан көрінді.