Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетаулық отбасында коронавирус анықталған жоқ - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетаулық отбасында коронавирус анықталған жоқ

Әлеуметтік желіде Қытайдан шыққан қатерлі коронавирус індеті Көкшетауға келіпті деген хабар жарияланған еді. Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едік.

«Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жатқызылған науқас балалардан тиісті анализдер алынып, оларда коронавирус емес, А типті тұмау екені анықталды. Мұны Ақмола облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жүргізген сараптама нәтижелері көрсетті, – деді басқарманың баспасөз хатшысы Фатима Россолова.
Айта кетейік, Қытайда демалыста болған отбасы Көкшетауға келген күні, яғни, 28 қаңтарда көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған болатын. Отбасындағы ересектер – әкесі мен анасының және бір баланың денсаулығын дәрігерлер бірден жақсы деген. Ал, бес және үш жасар тағы екі баланың ыстығы көтеріліп тұрғасын олар тиісті бақылауға алынған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар