Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сұраныс артып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Сұраныс артып келеді

Нұр-Сұлтан қаласындағы «AQMOL» фирмалық дүкендер желісінде өткен жылы 500 миллион теңгенің 300 тонна азық-түлік өнімдері сатылды. Ақмолалық тауар өндірушілердің өнімдері «AQMOL» фирмалық бес дүкен желісіне тікелей жеткізіледі.

Астаналықтар нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан азық-түлік өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болып отыр. 2019 жылы жалпы құны 495 миллион теңге болатын 290 тоннадан астам азық-түлік өнімдері сатылды. Елорда агломерациясын дамыту шеңберінде алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы «AQMOL» сауда желісін кеңейту жоспарланып отыр.
2019 жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері ел астанасындағы базарларға 113,6 мың тонна сүт, 28,6 мың тонна ет және ет өнімдерін, 276,5 миллион дана жұмыртқа жеткізді. Облыс елорданың сүтке деген сұранысының 34 пайызын жабады. Үкімет бекіткен елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша Жол картасы шеңберінде өңірде 2021 жылға дейін 7 200 малға арналған 5 тауарлы сүт фермасын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, суармалы егістік жерлердің көлемін 18 мың гектарға жеткізу мәселесі де назарда. Елордаға жеткізілген азық-түлік өнімдері «Метро», «Астықжан», «Магнум», «Рамстор» және «Еуразия», «Әлем», «Шапағат» тәрізді 44 ірі сауда орындарында сатылады.
Ақмола облысы республикадағы ірі аграрлы өңірлердің бірі саналады. Өңірде ұн тарту өнеркәсібі дұрыс жолға қойылған. Сондықтан, облыс елорда тұрғындарының ұн мен жұмыртқаға деген сұранысын толық жаба алады.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар