Көкшетауда ауыл шаруашылығына арналған техникаларды құрастырып шығаратын «Қазақстан Агроинновациялық Корпорациясы» серіктестігі еліміздегі танымал ірі кәсіпорындардың бірі.
Бүгінгі таңда индустриалды-технологиялық паркте ауыл шаруашылығы техникаларымен бірге оларға қажетті аспалы, тіркемелі бөлшектер де құрастырылады. Зауытта түрлі ауыл шаруашылығына арналған және коммуналдық қызмет саласына қажетті техника, жоғары сапалы жол талғамайтын сүйрегіштер, басқа да қазіргі заман талабына сай техникалар құрастырылып шығарылады. Мұндағы мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін үнемі жетілдіріп отырады. Солардың бірі 40 жылдан астам еңбек өтілі бар, бесінші санатты токарь Александр Жирохов кәсіпорын ашылғаннан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол өзін білікті маман ретінде танытып, бұл күнде жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Сонымен қатар, ол көп жылғы бай тәжірибесін өзінен кейінгі жастарға да үйретуден еш жалыққан емес.
Суретте: токарь Александр Жирохов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.