Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек заңдарын бұзуға жол берілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек заңдарын бұзуға жол берілмейді

Өткен жылы еңбек заңнамасының талаптарын орындау деңгейін анықтау мақсатында 496 кәсіпорын мен ұйым тексерілді, барлығы 517 тәртіп бұзушылық анықталды. Тарқатып айтар болсақ, еңбек қатынастары бойынша – 448 (оның ішінде жалақы бойынша 412), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша – 59, халықты жұмыспен қамту бойынша – 10 заң бұзушылық анықталды. Осыған байланысты олқылықты жоюға 262 жұмыс берушіге ұйғарым берілді.

Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың 1341 өтініші қаралды, оның ішінде 857-сі еңбекақы бойынша. Тексеру барысында облыстың 148 кәсіпорындары мен ұйымдарында 6101 қызметкердің алдында жалпы сомасы 813,4 миллион теңге жалақы бойынша берешек анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде жалақы бойынша 5290 қызметкерге қатысты 712,1 миллион теңге берешек өтелді. Сонымен қатар, қызметкерлерге жалақыны уақытылы төлемеуге қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары 21,5 миллион теңге сомасына айыппұл түрінде 148 заңды тұлғаларға қолданылған (әкімшілік айыппұлдар толық көлемде өтелді).
2019 жылы облыс бойынша 71 жазатайым оқиға болды, онда 78 адам зардап шекті. Барлық жазатайым оқиғаларға қатысты арнайы тергеу жүргізілді. Актілер жасалып, өндірістегі мұндай жағдайлар туралы, олардың нәтижелері бойынша анықталған жұмыс берушілер мен қызметкерлердің кінәсі жөніндегі барлық материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін ішкі істер органдарына берілді.
Облыстың 203 кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілді (оның ішінде ірі кәсіпорындарда – 45, орта кәсіпорындарда – 68, шағын кәсіпорындарда – 90). Сонымен қатар, өңіріміздегі 927 кәсіпорын мен ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңестер құрылды. Қазіргі таңда 2575 техникалық инспектор бар, 465 кәсіпорында қауіпсіздік техникасы бойынша инженерлер жұмыс істейді.
2019 жылы 78 кәсіпорында өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау өткізілді. Сондай-ақ, еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында 2019 жылы облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмыс берушілермен және лауазымды тұлғаларымен 103 семинар өткізілді. 2068 маман оқытудан және аттестаттаудан өтті. Еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған 157 адамды қамтитын 3 диалогтық алаң ұйымдастырылды, БАҚ-да 23 жарияланым жарыққа шығып, жергілікті телеарнаға сұхбаттар берілді. Облыста 5474 кәсіпорын басшыларымен ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша, қызметкерлердің жалақысы төмен санаттағы еңбекақысын арттыру бөлігінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оның 108-і ірі кәсіпорындар.
Олар жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 112,5 пайызға көтерді. Қазіргі таңда орташа жалақы 51116 теңгені құрады. Ағымдағы жылдың алғашқы айында облыстың кәсіпорындары мен ұйымдары 6064 ұжымдық шарт жасас-ты. Бұл өңіріміздің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары мен ұйымдарының жалпы санының 61,5 пайызын құрайды.
Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру шеңберінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша (электрондық-еңбек шарттарын тіркеу) 2019 жылы 1406 кәсіпорын интеграциядан өтті, 65 771 еңбек шарты жасалды.
Асан ШӘЙМЕРГЕНОВ,
Ақмола облыстық еңбек инспекциясы
басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар