Сондай-ақ, өңірлік партия кураторының «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы «Индустриялық-инновациялық даму» бағытын қамтитын «Индустрияландыру бағдарламасы – жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысы» тақырыбындағы мәжілісі өткізілді.
«Altyntau Koksetau» акционерлік қоғамындағы пікір алмасу жиынына өңірлік партия кураторы Сергей Кистин және бір топ сарапшылар қатысып, жетекші кәсіпорындағы заманауи технологияларды енгізудің жай-күйімен танысты.
Кездесу кезінде облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Айдарханов пен «Altyntau Koksetau» АҚ бас директорының цифрландыру және ІТ–технология мәселелері бойынша кеңесшісі Евгений Котляров өндірістік аумақтағы жаңа екпіннің тиімділігі, оның қайтарымы туралы таратып әңгімеледі.
Өндірістік учаскелерді аралаған партия белсенділері ұжымның ұтқыр қадамдарын атап көрсетумен бірге, табысты еселей түсуге бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.
Бақберген Амалбек,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.