Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Коммуналдық қызмет тарифі өспейді - АРҚА АЖАРЫ

Коммуналдық қызмет тарифі өспейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Жалғасбаев пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тимур Хамзин облысымыздағы коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілмеуі жөніндегі шаралар туралы айтып берді.

–Бүгінгі күні департамент табиғи монополияның облыс бойынша мемлекеттік регистрдің жергілікті бөлімшесіне енгізілген 74 субъектінің қызметін реттейді. Жылумен, сумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін бұл субъектілер 141 реттелетін қызмет түрін ұсынады. Бұл қызметке кіре беріс жолдар мен газ тасымалдау да кіреді. 2020 жылға бекітілген жоғары деңгейлі тарифтер аясында алғашында коммуналдық қызметке тариф республика бойынша 15,5 пайызға, Ақмола облысында 8,4 пайызға көтеріледі деп күтіледі. Осы орайда, коммуналдық қызметке тарифтерді өзгету мақсатында департамент табиғи монополиялар субъектілерінің қызметіне талдау жасады. Тарифтік сметаның орындалуын талдаудың қорытындысы бойынша 2018 жылы рұқсат етілген заңнамалық деңгейден артатын тарифтік сметаның орындалмағаны үшін 22 қызмет түрі бойынша табиғи монополияның 20 субъектісіне 1 миллиард 493,6 миллион теңгенің жеңілдетілген тарифі енгізілді. Оның ішінде Степногорск жылу электр станциясы мен «Көкшетау Жылу», «Степногорск Теплотранзит», «Атбасар Су», «Теплосервис», «Шортанды Су», «Аршалы Су 2030», «Термо-Транзит», «Комхоз» кәсіпорындары бар. Сондай-ақ, сумен қамтамасыз ететін 9 субъект жеңілдетілген тарифке ие болды,–деген департамент басшысы бұл бағытта «Көкшетау Энерго», «Степногорск Энерготранзит» серіктестіктері 100,1 миллион теңгенің жеңілдетілген тарифін алғанын айтты.
Тұрғындар үшін тарифтерді көтермеу мақсатында департамент биылғы жылдың басында өседі деп күтілген қызметте табиғи монополиялардың субъектілері үшін дифференцияланған тарифтерді қайта қарады. Қорытындысында тариф өсімін тұрғындардан өзге тұтынушы топтарға таратып беруге мүмкіндік берді. Сөйтіп, бұл өзгеріс экономикалық тиімділікке қол жеткізіп, тұрғындардың тарифін бұрынғы деңгейде қалдыруға мүмкіндік берді.
–Бүгінгі күні департамент «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнының тұтынушыларды 5 жылғы жылумен қамтамасыз ету тарифінің шектеулі деңгейін бекітті. «Көкшетау Жылу» кәсіпорны стратегиялық тауар бағасының көтерілуіне байланысты тарифті қайта қарауға өтінім берді. Ал, кәсіпорын инвестициялық бағдарлама мен тарифтік сметаны орындау кезінде негізсіз 463,5 миллион теңге кіріс тапқан. Сондай-ақ, тұтынушыларға 687,3 миллион теңге жеңілдік тарифі қайтарылмапты. Осының арқасында тариф бұрынғы деңгейінде қалды,– деген департамент басшысы «Көкшетау Энерго Орталығы» серіктестігіндегі жағдайды айтып берді. Аталмыш басқарма басшысының орынбасары Тимур Хамзин өз сөзінде барлық коммуналдық шаруашылықтар жыл сайын бөлінетін 6,5 миллиард теңге субсидия есебінен жұмыс істейтінін айтып берді. Мәселен, бүгінгі күні отын бағасы қымбаттады. Ал, оны тұтынушылардан жиналған қаржы жаба алмайды. Осы баға айырмашылығы субсидия есебінен төленіп, тарифтердің көтерілуіне жол бермеуде. Брифинг барысында журналистер өз сауалдарына нақты жауап алды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар