Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың «Ақмола облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылдың негізгі міндеттері туралы» ЕСЕБІ - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың «Ақмола облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылдың негізгі міндеттері туралы» ЕСЕБІ

2019 жыл еліміз үшін тарихи жыл болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытының сабақтастығы қуатталып, Қ.К.Тоқаев президенттік қызметіне кірісті. Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Елді одан әрі жаңғырту мен демократияландыруға бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» тұжырымдамасын іске асыру басталды. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыларды, сондай-ақ, студенттердің шәкіртақыларын арттыру туралы шешім қабылданды. Көп балалы аналарды, әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдаудың теңдессіз шаралары жасалды. 500 мыңнан астам мұқтаж азаматтардың қарыз жүктемесі төмендеді. Шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі бағдарламалар жалғастырылды.
2019 жылғы ең маңызды саяси құжаттардың бірі – Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы қабылданып, ол Елбасының Бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және 5 әлеуметтік бастамада белгіленген саясатының жалғасы болды.
Облыс экономикасының қарқынды дамуы Мемлекет басшысының біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттерін табысты және тиімді шешу үшін жеткілікті негіз және орасан зор әлеует құрғанын айғақтайды. Экономиканың барлық салаларында оң динамикаға қол жеткізу бойынша 2019 жылға қойылған міндеттер орындалды. Экономиканың негізгі салаларының өндіріс көлемінің өсуі есебінен қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,2 пайызды құрады.
534,1 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу есебінен 4700 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Нақты сектордағы көрсеткіштердің өсуі орташа айлық жалақының (135 065 теңге) өсуіне және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етті. 16,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

ӨНЕРКӘСІП

Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының басымдықтарына сәйкес облыстың өнеркәсіп секторын дамыту жалғасуда.
2019 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 769 миллиард теңге сомасында тауар өнімін өндірді, бұл 2018 жылға қарағанда 109,3 миллиард теңгеге артық. Трендтің өңдеу өнеркәсібі деңгейінің 70 пайыздан 2015 жылда 81,5 пайызға дейін (2019 жылда) жоғарылауына қол жеткізілді.
Өңдеуші сектордың өсуін қамтамасыз еткен салалар машина жасау 16,6, тамақ өнеркәсібі 11,1, жеңіл 12,2 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 37, жиһаз өндіру 5,2 пайыз болды.
Тауарлық өнімдегі айтарлықтай өсім тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорны – «Макинск құс фабрикасы» ЖШС жылына 50 мың тонна ет өндіретін бройлерлік құс фабрикасының және «Kazakhaltyn Technology» ЖШС үш алтын шығаратын фабрикасының жобалық қуатына шығуы есебінен алынды.
«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ (жүк және мамандандырылған автомобильдерді құрастыру 2018 жылға қарай 71,5 %-ға өсті), «ЕПК-Степногорск» АҚ (мойынтіректерді шығару 2018 жылға қарағанда 20,8 %-ға көп), «Қазақалтын» ТКМК» АҚ (құрамында алтыны бар концентратты өндіру 1,5 есе өсті) кәсіпорындары өндірістің қарқынын арттырды.
Тау-кен секторында «Қызылту» ЖШС мыс концентратын өндіру көлемін 46,4 пайызға арттыру және құрамында алтыны бар кен өндіру көлемін 19,4 пайызға арттыру есебінен «Алтынтау Көкшетау» АҚ, «RGGold» ЖШС және «Қазақалтын «ТКМК» АҚ кәсіпорындары жоғары өсу қарқынына қол жеткізді (НКИ-117,7%).
Ірі кәсіпорындар өндірісті цифрландыруға және Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге шамамен 2 миллиард теңге салынды. Бұл «Қазақалтын» ТКМК» АҚ тау-кен қазбаларын модельдеу, «Тыныс» АҚ конструкторлық-технологиялық құжаттаманы автоматтандыру, «Көкше-Цемент» ЖШС шикізатты автоматты іріктеу және ауыстыру модульдері және басқалар сияқты технологиялар. Цифрландыру бойынша бекітілген жоспарлар шеңберінде жұмыстар 2020 жылы да жалғасатын болады.
Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аяқталды, оны іске асыру кезінде 189 миллиард теңге сомасындағы 39 жоба енгізілді, 4 мың жұмыс орны құрылды.
Құрылыс индустриясы, машина жасау, тамақ өнеркәсібі саласында: «Бижан» ЕӨЗ» ЖШС, «CapitalProjectsLtd» ЖШС, «КАИК» ЖШС, «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС жаңа кәсіпорындары құрылды.
«Сапа Су» темір бетон бұйымдарын өндіру зауыты, «RG Gold» алтын өндіру фабрикасы, Степногорск тау-кен химия комбинаты, «Astana Ceramic» кірпіш зауыты жаңғыртылды және қайта жаңартылды. Үш қабатты полиэтилен пленкасы («Асыл Арман» ЖШС), сфералық подшипниктер («ЕПК «Степногорск» АҚ), ауыл шаруашылығы техникасы («КАИК» ЖШС), ауыл шаруашылығы жануарларының құтырмасына қарсы вакцина («BIOTRON GROUP» ЖШС), аяқ киім («SAMHAT» ЖШС), калий тұзы, глифосат және құрамында глифосат бар гербицидтер («Август Нан» ЖШС), цемент («ПО «Көкше-Цемент» ЖШС) сияқты бірқатар жаңа тауарлар өндірісі игерілді.
2019 жылы жалпы құны 4 миллиард теңге болатын 5 жоба іске қосылды, 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, Жақсы ауданында қуаты тәулігіне 50 тоннаға дейінгі жарма мен үлпектерді өндіретін инновациялық кешен «Урожай» ЖШС (жобаның құны 2,6 млрд.теңге) бар.
Енгізілген объектілерден мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің үлесі 40,2 пайызды құрады немесе 78,4 миллиард теңге түсті.
Іске асырылған жобалар өнеркәсіптік өндіріс көлемін тұрақты өсіру үшін сенімді негіз қалады.
2020 жылы өнеркәсіптегі өсу драйверлері машина жасау, тамақ өнеркәсібі, химия және құрылыс индустриясы сияқты салалар болады.
Машина жасауда Көкшетау қаласында «John Deer» маркалы ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша сервистік орталықты іске қосу жоспарланған. Өндірістік қуаттарды кеңейту есебінен, «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС астық жинау комбайндарын жинау көлемін 3 есе өсіру (425 комбайн) жоспарлануда.
Азық-түлік өнеркәсібінде «Макинск құс фабрикасы» ЖШС екінші кезегін іске қосу есебінен құс етін өндіру көлемін 18,5 пайызға ұлғайту күтілуде, бұл елдің ішкі нарығының құс етіне деген қажеттілігін 15 пайызға дейін қамтамасыз етуге және импортты 30 пайызға дейін (50%-дан) төмендетуге мүмкіндік береді.
Химия саласында Степногорск қаласында BIOTRONGROUP компаниясының топырақ құнарлылығын арттыру үшін қолданылатын кешенді биобайытқыш өндіретін инновациялық жобасы енгізілетін болады. Өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру көлемін 1,5 есе өсіру «Astana Nan Chemicals» ЖШС кәсіпорнында күтілуде.
Құрылыс индустриясы тұрақты даму әлеуетін сақтап, тұрғын үй құрылысын жандандыруды ескере отырып, «Көкше-Цемент» ЖШС, «Регион-Строй» ЖШС, «ENKI» ЖШС және «AstanaCeramic» ЖШС кірпіш зауыты сияқты кәсіпорындардың өнімдеріне жоғары сұраныс күтілуде.
Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы аясында Ақмола облысының әкімі мен «ХЕВЕЛ» компаниялар тобының ресейлік инвесторы арасында жасалған келісім аясында ағымдағы жылы Целиноград ауданында қуаты 100 МВт болатын өңірдегі алғашқы күн электр станциясын іске қосу жоспарлануда. Бұл облыстың жаңартылатын энергия көздерінің өндірілетін энергия үлесін 40 пайызға дейін арттыруға, 30 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі барлық іс-шаралар еңбек өнімділігін арттыру және өңделген өнімді экспорттау жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған.
2019 жылы облыстың 4600 агроқұрылымдарына 42,1 миллиард теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осының арқасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері өндірісінің тұрақты өсуі қамтамасыз етілді.
2019 жылы ауыл шаруашылығының жоғары өсу қарқыны салмағындағы ет өндірісінің – 35,1%-ға, сүт – 2,7%-ға, сары май – 11 %-ға,
ет-сүйекті субөнімдері – 78,7%-ға, өңделген сүт – 23,9 %-ға өсуіне байланысты болды.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 515,8 миллиард теңгені немесе 2018 жылдың деңгейіне 100,1 пайызды құрады.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жалпы жинау 5 миллион тоннадан астамды құрады (орташа өнімділік 11,7 ц/га кезінде), бұл республика бойынша жалпы алымның төрттен бір бөлігі.
Астық өндірісінің жалпы көлеміне астық өнімділігі 24,2 центнер-гектарды құрайтын «Свободное» ЖШС (Сандықтау ауданы) сияқты кәсіпорындар айтарлықтай үлес қосты; «Викторовское» ЖШС (Зеренді ауданы) – өнімділігі 21 центнер-гектарды; «Жакен» ЖШС (Шортанды ауданы) – өнімділігі 17,2 центнер-гектарды, «Айбат» ЖШС (Жақсы ауданы) – 17 центнер-гектарды.
2019 жылы АӨК кәсіпорындары техниканы жаңартуға және цифрлық технологияларды қолдануға белсенді қаржы бөлінді, өткен жылы 38,6 миллиард теңге сомасына 1904 техника сатып алынды, оның ішінде 15,8 миллиард теңге сомасына 525 бірлік лизингке сатып алынды, ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту 2,9 пайызға жетті.
100-ден астам ірі кәсіпорындар өндірісті цифрландырудың жеке элементтерін енгізді. Бұл «Родина» АФ» АҚ-да жануарлар және олардың өндірістік көрсеткіштері туралы толық мәліметтер жиынтығы бар табынды орталықтандыру, «KazBeefLTD» ЖШС-де зоотехникалық және ветеринарлық іс-шараларды автоматтандыру, «Журавлевка-1» ЖШС-де нақты егіншіліктің барлық элементтері бар енгізілген технологиялар және басқалары. Бұл жұмыс 2020 жылы жалғасатын болады.
Жолдауда айқындалған өнімділікті арттырудың тағы бір маңызды факторы суармалы жерлердің көлемін кеңейту болып табылады.
2019 жылы суармалы жер көлемдері 20 пайызға ұлғайтылды – 24 мың гектарға жетті. 2020 жылы оны 28,5 мың гектарға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл осы жерлердегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 4,5 есе арттыруды қамтамасыз етеді.
2019 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал 1,8 пайызға, оның ішінде сиыр – 4,1 пайызға, құс – 7 пайызға артты.
Етті мал шаруашылығы саласы «CapitalProjectsLTD» ЖШС фабрикаларының жобалық қуаттылығына шығуының арқасында жоғары даму әлеуетіне ие. Сондай-ақ, 2020 жылы жылына 50 мың тоннаға дейін ет өндіретін «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің 2-ші кезегінің іске асыруы жалғасады.
«Щучье қалалық сүт зауыты» ЖШС мал санын 5 мыңнан 15 мыңға дейін көбейтудің арқасында 2019 жылы қолданыстағы бордақылау алаңдарының қуаты 10 мың басқа кеңейтілді. 2020 жылы 25 мың басқа арналған бордақылау алаңдарын ашу жоспарлануда. Олар Көкшетау қаласында «Биборд» ЖШС (5 мың басқа), Степногорск қаласында «KazBeef» ЖШС (20 мың басқа). Облысқа 10 300 бас асыл тұқымды аналық мал (ІҚМ) әкелінді.
Облыста сүтті мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өткен жылы 100-ден 400 бас сауын табынына дейінгі 4 тауарлы-сүт фермалары іске қосылды.
Сүт саласын дамытуды одан әрі жеделдету мақсатында 2020 жылы 750 сауын мал басынан тұратын 6 ферма құру жоспарлануда. Сонымен қатар, үш ірі тауарлы-сүт фермасын құру атап айтқанда: «Еңбек» ЖШС (Ақкөл ауданында), «Камышенка» ЖШС (Астрахан ауданында) және «Бастау» ЖШС (Атбасар ауданында) іске қосу басталады, сауын табынның мал басы 3900 бастан тұрады және іске қосылу мерзімі 2020-2021 жылдар.
2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына 52 миллиард теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылғы деңгейден 1,4 есе жоғары. Инвестициялық кірістің өсуіне терең қайта өңдеуге және жоғары сапалы өнімді шығаруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал етті. Модернизациялаудан кейін Бурабай ауданында мәрмәр қара мал етін өндіретін ірі ет кешені ашылды, ол бүкіл өңірде «зәкірлі» кәсіпорнына айналды «KazBeef» ЖШС құрылтайшысы.
Астықты терең өңдеу секторы аясында «Урожай» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 12 мың тонна жарма өндіру бойынша зауыты қолданысқа енгізілді (10-нан астам сұрыпталымы), сонымен қатар тұрақты шикізатпен қамтамасыз ететін диірмен кешені іске қосылды. Импортты алмастыру аясында қуаттылығы жылына 36 мың тонна май экстрациялау зауытын салу іске асырылуда («Бота-2015» ЖШС, Бұланды ауданында).
Елорда төңірегіндегі азық-түлік белдеуін дамыту аясында 2019 жылы жалпы сомасы 22,5 миллиард теңгеге 193 инвестициялық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы инвестиция көлемі 82,3 миллиард теңгені құрайтын 1063 жаңа жұмыс орны құрылатын 31 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 2019 жылдың қорытындылары бойынша 2018 жылмен салыстырғанда, 11,1 пайыз өсімімен 100 миллиард теңгеден астам өнім өндірілді. Елорданың базарларына ет жеткізу 2 пайызға (28,6 мың тонна), сүт өнімдері 1,4 пайызға (113,6 мың тонна), жұмыртқа 2,4 пайызға (276,5 млн. дана) ұлғайды.
2019 жылы еңбек өнімділігінің 8,6 пайызға немесе 1342,5 мың теңгеге жоғары өсу қарқыны байқалды (2019 жылдың 9 айына). Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 33,9 миллион АҚШ долларына дейін өсті (11 айындағы статистикалық мәліметтері).
Барлық жоспарланған іс-шараларды іске асыру өңірдің 2020 жылы агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойылған барлық міндеттерін сөзсіз орындауға мүмкіндік береді.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысында 2019 жылы 2,1 миллиард теңге бөлінді, 250 жобаға қолдау көрсетілді. 13,5 миллиард теңге сомасына 131 жаңа жобаны субсидиялау басталды. Ол бойынша 1,8 миллиард теңге мөлшерінде субсидия төленді. 4 миллиард теңге сомасына несиелер бойынша 170 миллион теңгеге 82 кепілдік берілді. 79 миллион теңгеге 34 грант берілді. 862,7 миллион теңгеге инфрақұрылым жүргізілді және 376,9 миллион теңгеге 3 жоба мақұлданды.
2019 жылғы 24 желтоқсанда «Бизнестің жол картасы-2025» жаңа бағдарламасы бекітілді. Оған шағын және орта бизнесті қолдау тиімділігін арттыру үшін тұжырымдамалық өзгерістер енгізілді. Бағдарламаны іске асыруға 2020 жылы 3,1 миллиард теңге бөлінді.
Өткен жылы «қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын несиелеу тетігі жұмыс істей бастады. «Қарапайым заттар экономикасының» портфелі бүгінгі таңда өңдеуші өнеркәсіптің, агроөнеркәсіп өндірістік кешені саласының және 32,9 миллиард теңгеге қызмет көрсетудің 59 жобасынан тұрады. Оның ішінде 7,8 миллиард теңгеге 44 жоба қаржыландырылды және мақұлданды. Оның ішінде 4,4 миллиард теңге сомасына 17 жоба бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылды, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейдегі банктер 3,5 миллиард теңгеге 27 жобаны мақұлдады. 5 жоба бойынша кепілдік шарттарға қол қойылды.
Атбасар ауданында несиенің жалпы сомасы 894 миллион теңгеге «Баха Sohne» ЖШС сұлы үлпегін өндіретін зауыты, Бурабай кентінде 1938 миллион теңге несие сомасына «Астана» астық индустриясы» ЖШС қонақ үйінің құрылысы, Степногорск қаласында «Лимфа СИ» ЖШС-нің МРТ аппараты мен медициналық жабдықтарын 180 миллион теңгеге сатып алу сияқты маңызды жобаларға қолдау көрсетілді.
Банктер мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қарауында 17,5 миллиард теңге сомасына – 6 жоба, жобалық кеңсенің жұмысында 7,6 миллиард теңгеге – 9 жоба бар.
Аталған бағдарламалар мен мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлерін іске асыру оң нәтижелер береді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3,1 пайызға өсіп, 45,5 мыңды құрады, оларда жұмыспен қамтылғандар саны – 131 мыңнан астам адам, 7584 жаңа жұмыс орны құрылды.
2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруы 2018 жылғы деңгейге 3,1 пайыз өсіммен 556,3 миллиард теңгені құрады.
2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерлік жалпы қосылған құны 337 миллиард теңгені немесе жалпы өңірлік өнімде 27,5 пайызды құрады.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерінен салықтар мен төлемдер 43,6 миллиард теңгеге түсті, бұл өткен жылдың деңгейінен 17,4 пайызға артық.
Жақын болашақта экономиканың негізі ретінде жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауқымды жұмыс мемлекеттік органдардың, қаржы даму институттарының және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жалғасатын болады.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Өңірге инвестицияларды тарту, соның ішінде шетелдік инвес-тициялар бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. 2019 жылы облыс экономикасына 14,4 пайыз өсіммен 329,7 миллиард теңге инвестициялар салынды. Сыртқы инвестициялардың көлемі 1,2 есе өсіп, 20,3 миллиард теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі өнеркәсіп саласына – 43,7 пайыз және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға – 18,4 пайыз бағытталған. Ауыл шаруашылығына инвестициялар үлесі 15,8 пайыз, көлік және қоймалау – 7,2 пайыз, тұру және тамақтану бойынша қызметтер – 5,5 пайыз, өзге де салалар – 9,4 пайызды құрады.
Өсім динамикасына инвестициялық жобалардың іске қосылуы ықпал етті, олардың ішінде: Аршалы ауданындағы 41 миллиард теңгеге жел паркінің бірінші кезеңі, Бурабай ауданындағы 4,5 миллиард теңгеге ет комбинаты, Целиноград ауданындағы 4 миллиард теңгеге эмульсиялық матрицаны, жарылғыш заттар компоненттерін өндіру жөніндегі химия зауыты, Көкшетау қаласында 2,5 миллиард теңгеге макарон өнімдерін өндіретін астық зауыты, Көкшетау қаласында 0,5 миллиард теңгеге полипропилен қаптарын өндіретін зауыт.
2020 жылға мынадай ірі жобаларды іске асыру жоспарланған: Ерейментау ауданында қуаттылығы 30 МВт болатын жел электр станциясы, Көкшетау қаласында 5 миллиард теңгеге керамикалық кірпіш шығаратын өндірістік цех, Бұланды ауданында 3,7 миллиард теңгеге өсімдік майын өндіретін зауыт.
Экономиканың әр түрлі секторларында шетелдік капиталымен инвестициялардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден асатын 11 жоба жүзеге асырылуда. Бұл Ресеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Сауд Арабиясымен және басқа да елдермен бірлескен жобалар.Олардың ішінде ең ірілері-қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы, қуаттылығы 5,5 мың тонна шошқа бағатын кешені, жабық бассейндерде форель өсіру.
Жаңа жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мәселелері бойынша инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер ұйымдастырылады.

СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Облыста 26 елге өз өнімдерін жеткізетін 50-ден астам экспорттаушы компаниялар жұмыс істейді (басты серіктестер – Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия).
2019 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымының көлемі 852,8 миллион АҚШ долларын, экспорт 397,6 миллион АҚШ долларын құрады.
Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі 33,6 пайызды құрайды, ол 2019 жылғы қаңтар-қарашада 2018 жылғы деңгейге қарағанда 8,5 пайыз өсіммен, 133,7 миллион АҚШ долларын құрады.
Экспорт құрылымында негізгі үлесті бидай (31,3%), подшипниктер (18,8%), арпа (7,1%), ұн (5,7%), күнбағыс тұқымы (2,7%), уран (2%) құрайды.
Келесі экспорттық позициялар бойынша өсім байқалады: подшипниктер (19,4%), арпа (12,6%), сүт (17,6%), күнбағыс тұқымы (12,6%), қаптар мен буып-түю пакеттері (12 есе).
Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында орналасқан «Астана-Агропродукт» ЖШС Қазақстанда алғаш рет келісім-шарт жасады, оның шеңберінде 2019 жылы Иранға ет өнімдерін жеткізуді жүзеге асырды.

САУДАНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ

2019 жылы облыс бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 305,6 миллиард теңгені құрады, НКИ – 101,5 пайыз. Облыста 9 мыңнан астам сауда кәсіпорындары және 600-ден астам қоғамдық тамақтану кәсіпорындары бар, олар халықтың сұранысын толық көлемде қанағаттандырады.
Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 5,1 пайызды құрады (ҚР бойынша – 5,4%).
Азық-түлік тауарларына, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыру және тежеу мақсатында, облыста өткен жылы белгілі бір жұмыстар жүргізілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру бойынша жұмыс тобы құрылды, аудандық және қалалық жедел штабтар күнделікті баға мониторингін жүргізеді, негізгі тауар өндірушілермен, сауда саласының кәсіпкерлерімен кездесулер ұйымдастырады, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша жедел шешімдер қабылдайды.
Тауар өндірушілермен және сауда кәсіпорындарымен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 1039 меморандум жасалып, бақылауға алынды, 844 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, 2 миллиард теңгеге 3,6 мың тоннадан астам өнім сатылды.
«Есіл» ӘКК» ҰК» АҚ облыстық тұрақтандыру қорын қалыптастырады. 2019 жылы 2065 тонна өнім (1 сұрыпты бидай ұны, қарақұмық жармасы, күріш, сары май, күнбағыс майы, картоп және сәбіз) сатып алынды. 2019 жылдың қараша айынан бастап бұл тауарлар «Қамқор» коммуналдық сауда павильонында сатылуда.
Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша бекітілген өңірлік Жол картасына сәйкес жұмыстар жалғасатын болады.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2019 жылдың қорытындысы бойынша 534,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (2018 жылға 111,7%), бұл 4 648 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Тұрғын үй құрылысына 58,7 миллиард теңге, оның ішінде өз қаражаты есебінен – 53,1 миллиард теңге, орталықтандырылған көздерден – 5,2 миллиард теңге, несие қаражаты – 0,4 миллиард теңге тартылды.
«Сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша 9 көп пәтерлі тұрғын үй немесе 21,4 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй. Көкшетау қаласында бес 40 пәтерлі тұрғын үй, Жақсы ауылында 27 пәтерлі тұрғын үй, Шортанды кентінде 36 пәтерлі тұрғын үй, Макинск қаласында 40 пәтерлі тұрғын үй, Державинск қаласында 75 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ қаражатын тарту есебінен «тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу» бағыты бойынша Көкшетау қаласында 28,0 мың шаршы метр (екі 45 пәтерлік тұрғын үй, екі 35 пәтерлік тұрғын үй, жеті 30 пәтерлік тұрғын үй) пайдалануға берілді.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру мақсатында 937 жер учаскесі үшін (Шортанды ауданында 808 учаске, Ақкөл ауданында 129 жер учаскесі) 88,6 шақырым желі салынды (сумен жабдықтау желілері – 52,7 км, электрмен жабдықтау желілері – 35,9 км). Жеке тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны 125 пайызды құрады (338 мың шаршы метр пайдалануға берілді).
«7-20-25» әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы аясында 2019 жылы 5,2 миллиард теңгеге 579 өтінімі мақұлданды.
Елбасының бастамасымен табысы төмен, мүгедек балалары бар немесе көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін және толық емес отбасыларға тұрғын үй сатып алу бойынша «Бақытты отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды. Осы механизм шеңберінде 2020 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша 171 өтінім қабылданды, оның 145-і мақұлданды.
2019 жылы республикалық бюджеттен аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және 36 пәтер сатып алуға 1,4 миллиард теңге бөлінді (Көкшетау қаласында – 20 пәтер салу). Степногорск қ. – 30, Атбасар ауданы – 32; Бұланды – 42; Шортанды ауданы – 24), (сатып алу Целиноград – 9, Бурабай – 5, Ақкөл – 4, Аршалы – 2, Бұланды – 5; Атбасар, Есіл – 1, Зеренді – 4 және Степногорск қаласында – 5).

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Инфрақұрылым ерекше назардағы сала. Оны дамытуға ұдайы көңіл бөлінеді. Облыстың ауылдық елді мекендері орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 60,7 пайызы қамтылған. Орталықтандырылмаған сумен жабдықталған 213 АЕМ-нің 107-і 2021-2023 жылдары жүзеге асыру мерзімімен сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, 49-ы құрамдастырылған блок-модульдерді орнату жоспарлануда. Жыл қорытындысы бойынша 169,5 шақырым сумен жабдықтау және 56 шақырым су бұру желілері салынды және қайта жаңартылды.
2019 жылы 3 елді мекен – Жарқайың ауданының Бірсуат, Аршалы ауданының Қостомар, Атбасар ауданының Сепе ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау категориясына ауыстырылды.
Экологиялық проблемаларды шешу үшін Щучинск-Бурабай курорттық аймағында 21 миллиард теңгеден астам сомаға 11 жоба жүзеге асырылуда, бұл 2021 жылға қарай Щучинск қаласын, Бурабай және Қатаркөл кенттерін, сондай-ақ, курорттық аймақта орналасқан сауықтыру орындары мен санаторийлерді орталықтандырылған сумен және су бұрумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірлер бойынша елді мекендерді абаттандыруға көп көңіл бөлінеді. 2019 жылы осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 721,6 миллион теңге бөлініп, Степногорск қаласындағы орталық алаң, аула аумақтары (Көкшетау қ.), Державинск, Ерейментау, Степногорск қалаларындағы саябақтар, ескерткіштер (Державинск қ., Степногорск қ.), балалар алаңдары (Ақкөл қ., Бурабай к., Степногорск қ.), күркелер (Степногорск қ.), көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың демалуына арналған орындар ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылы Көкшетау (3 386 дана) және Щучинск (485 дана) қалаларында көше жарықтандыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар пилоттық режимде жүргізілуде.
Облыста «жасыл экономикаға» баса назар аударылады.
Өңірде жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Бүгінгі күні баламалы энергетика саласында Аршалы ауданында «ЦАТЭК GreenEnergy» ЖШС қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысы бойынша ірі жоба жүзеге асырылуда. 2019 жылғы тамызда қуаты 50 МВт болатын 1-кезең іске қосылды (жобаға инвестиция 40,7 млрд.теңгені құрайды), өндірілген электр энергиясының көлемі 75,6 миллион кВт құрады. Осы жобаны іске асырудың екінші кезеңі 2020 жылы қуаттылықты 100 МВт-қа дейін ұлғайтуды көздейді.
Жыл сайын, жел станциялары облыста жалпы өндірілген электр энергиясының 17 пайызын өндіреді, 2019 жылы жаңа жылу электр станциясын іске қосу есебінен бұл көрсеткіш 22 пайызға жетті.
2020 жылы облыста Целиноград ауданында «KB Enterprises» ЖШС қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жобаны іске асыру жоспарлануда.
2023 жылға қарай аталған жобаларды іске асыру облыста жалпы өндірілген энергиядан жаңартылатын көздермен өндірілетін энергия үлесін 45 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2019 жылы біздің өңір үшін әлеуметтік маңызды жоба елді мекендерді газдандыру болды.
«Сарыарқа» магистральды газ құбыры құрылысының I кезеңі шеңберінде «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша Аршалы ауданының 17 елді мекенінде және Целиноград ауданының 3 елді мекенінде 50 мың адамды қамтитын газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Бүгінгі күні барлық жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды. Оның ішінде 9 жоба бойынша Целиноград ауданы Аққайын (Малотимофеевка), Қоянды және Шұбар, Аршалы ауданы (газ құбыры және газ тарату станциясы), Анар, Донецк, Ақбұлақ, Ақтасты, Арнасай, Бабатай, Түрген мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы алынды, 4 жоба бойынша сараптама ақпан айының бірінші онкүндігінде алынатын болады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына облыстық бюджеттен 2020 жылға 665,8 миллион теңге қарастырылған.

АУМАҚТЫҚ ДАМУ

2020 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жалғастырылды. 2019 жылы кешенді жоспардың 32 іс-шараларын іске асыруға 10,7 миллиард теңге бөлінді.
Қостомар ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желілерінің және Аршалы ауданы 42 разъезд стансасында медициналық пункттің, Ақмол ауылындағы көше-жол желісінің, Қосшы ауылындағы 45 пәтерлі тұрғын үйдің (3 позиция), Целиноград ауданы Қызылсуат және Нұресіл ауылын электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды.
Степногорск моноқаласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджеттік кредиттер есебінен Ақсу және Заводской кенттерінің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Құны 5 миллиард теңгеден асатын 305 шоқының су тазарту құрылыстарын қайта жаңарту жөніндегі жобаны іске асыру аяқталуда.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспарының 3-ші кезеңі шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жақсарту мақсатында 2019 жылы 4,5 миллиард теңге бөлінді. Щучинск қаласында (4 кезек) кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің, Қатаркөл канализациялық коллектордың, Бурабай кентінде тазарту құрылыстарының құрылысы аяқталуда.
Үлкен рекреациялық және мәдени әлеуетті ескере отырып, демалыс және туризм индустриясы экономиканың басым салаларының бірі болып қала береді.
Облыс Қазақстанның туристік аймақтары көшбасшыларының бестігінде нық орын алуда. Щучинск-Бурабай курорттық аймағының жұмысы Қазақстанның туристік картасының ондығына енгізілген. Зеренді демалыс аймағы өңірлік деңгейдегі 50 нысанның қатарына енді және экологиялық, мәдени-танымдық және этнотуризмді дамытуда үлкен әлеуетке ие.
Ауылдық, аңшылық-олжалық және спорттық туризмді дамыту орталығы болып Сандықтау ауданы анықталды, отбасылық туризмді ұйымдастыру және дамыту үшін (демалыс күнгі турлар) астана жанындағы демалу аймағы анықталды (Аршалы, Ақкөл, Шортанды, Целиноград аудандары).
Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында жалпы сомасы 28,7 миллиард теңгеге 4 нысан (Бурабай ауданында «Променад» көпфункционалды кешеннің бірінші кезеңі, BI-Group және «Байтас» қонақ үй кешені «Демеу» Фонды, Щучье көлінде қонақ үйлер, «East West company Ltd» ЖШС; «Баранкулова» ЖК мейрамхана-қонақ үй кешені, Ақкөл ауданының Ақкөл қаласы) және 7 қоғамдық тамақтану нысаны іске қосылып, 376 жұмыс орны ашылды.
Бүгінгі күні өңірдің туристік кластерін туризм саласының 700-ден астам кәсіпорыннан (407 орналастыру объектісі, 45 санаторлық-курорттық мекемелер, 178 жол бойындағы сервис субъектісі, туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 68 турфирмалар, «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» үш мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, «Бурабай даму» ЖШС) кластердің мәдени-тарихи сегменті 900 ескерткіштен тұрады, олардың көпшілігі мемлекеттің қорғауында болады және экскурсиялық бағдарламаларды қамтамасыз ету кезінде пайдаланылады.
Бурабай курортын жыл бойы жүктеуді қамтамасыз етуге бағытталған «Four seasons» тұжырымдамасы шеңберінде 2019 жылы 10 мыңнан астам адамды қамтитын 20 ірі іс-шара өткізілді. 2019 жыл ішінде облыс 8 халықаралық туристік іс-шараларға және 5 ірі ақпараттық жарнамалық турға қатысты.
Демалу және саяхаттау мүмкін орындар туралы туристерді хабардар ету мақсатында «Visit Aqmola» туристік орталығының құрылған www.visitaqmola.kz 3 тілдік интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерде бейнероликтер, аймақ пен көрікті жерлер, туристік бағыттар, картографиялық материалдар жарияланған. Демалушылармен кері байланысқа бағытталған бірыңғай Call-center (+7 708 801 0000) жұмыс істейді. Қазіргі уақытта оны төрт таңбалы нөмірге ауыстыру мәселесі қарастырылуда.
Сервис сапасын жақсарту үшін еліміздегі бірінші Сервис және туризм академиясының 48 студенті Туркияның таңдаулы қонақ үйлерінде («Q Premium Otel»қонақ үйі, Алания қ., «Hane Group Hotel» қонақ үйі, Сиде қ, «Raymar Resort Hotel Alanya», «Samаra Hotel» қонақ үйлері, Бодрум қ.) тағылымдамадан өтті.
Туризм саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар қызмет көрсетілген келушілердің санын 2018 жылғы деңгейге қарағанда 14,8 пайызға 310 мың адамға дейін, көрсетілген қызметтердің көлемін 16 пайызға 5,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Облыста алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен перспективалы ауылдық елді мекендердегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы басталды.
2019 жылы жобаларды іске асыру бойынша пилоттық аймақтар болды. Халқының саны 21 мың адамнан асатын 3 аудан орталығы Астраханка (Астрахан ауданы), Зеренді (Зеренді ауданы) және Аршалы кенті (Аршалы ауданы) 3 миллиард теңгеге 32 жоба, көлік инфрақұрылымы саласында 10 жоба, әлеуметтік салада 13 жоба және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында 9 жоба.
Аршалы кентінде 10 жоба іске асырылды (ФОК құрылысы, мектепті күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу: бала бақшаны, су құбыры желілерін, жарықтандыру, жылу желілерін, жылыту жүйесін, су өткізу құрылыстары мен жолдарын), Астраханка селосында 12 жоба (қазандық ғимараты бар Аки құрылысы, сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту, ағымдағы жөндеу: АМҮ, БЖСМ, шығармашылық үйі, тротуарлар, АТК – 5 жоба және жолдарды орташа жөндеу, Зеренді селосында 10 жоба (жолдарды қайта жаңарту, МҮ күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу: жолдарды тротуарларды, су құбыры желілерін және су қысымды мұнараны орнату, ауыстыру қазандық агрегаттарын орнату және орнату, және 5 жолдарды орташа жөндеу) іске асырылды. 2020 жылы 30 жобаны іске асыру жоспарлануда 6,7 миллиард теңге, оның ішінде 2 ауыспалы жоба (Аршалы кенті «ФОК құрылысы», Астраханка селосы «ИКИ қазандық құрылысы») және 28 жаңа жоба (Аршалы кенті – 1 жоба (Аршалы ауданы), Жалтыр селосы – 2 (Астрахан ауданы), Бастау – 3 (Атбасар ауданы), Қызылағаш – 2 (Бурабай ауданы), Викторовка – 2 (Зеренді ауданы) және Сандықтау – 2 (Сандықтау ауданы), Шортанды – 5 (Шортанды ауданы) және Ақмол – 1 (Целиноград ауданы), Краснояр ауылы (Көкшетау қаласы – 6). Облыс орталығын дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.
2019 жылы Көкшетау қаласында 3 мектептің оқу корпустарына 1 320 орындық қосымша нысанның құрылысы басталды (№1, №6 және №13). Мәдениет колледжіне қосымша құрылыс енгізілді. Ақан сері және Көкшетау қаласындағы Әуезов көшесі, 119 бойындағы 280 орындық балабақша. Денсаулық сақтау саласында Көкшетау қаласындағы онкологиялық емханасының құрылысы жүргізілуде. Жеті 30 пәтерлі тұрғын үй, бес 40 пәтерлі тұрғын үй, екі 45 және 35 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
2020 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізу үшін жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Көкшетау қаласының автомобиль жолдары мен көшелерінің жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлінеді.
2019 жылы Көкшетау-Зеренді автомобиль жолынан Жайлау шағын ауданына дейінгі Вавилов көшесін күрделі жөндеу аяқталды. Көше магистраль болып табылады. Ол Жайлау шағын ауданындағы тұрғын үйлерді өзара байланыстырады және Көкшетау-Зеренді автомобиль жолына шығуды қамтамасыз етеді, Көкшетау қаласындағы Наурызбай батыр көшесіндегі жолды күрделі жөндеу бойынша жоба жалғасуда. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын табады. Васильковка шағын ауданы жолдарына орташа жөндеу жүргізілді. Сүлейменов көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін, Н.Назарбаев-Абай және Н.Назарбаев-Жүнісов көшелерінің қиылысындағы жолдар қайта жаңартылды.
Көктем шағын ауданының солтүстігіне қарай магистральды инженерлік желілердің (d-800 жылу желілері) және ТМ-2 жылу магистралінің құрылысы басталды, РК-1-ден 2-торапты көтергіш станциясына дейін, Қопа көлінің жағасы бойымен Кенесары көшесінен қан орталығы маңындағы бұрылысқа дейінгі жолдар, абаттандыруды, көлік инфрақұрылымын және жылумен жабдықтауды дамыту қажет.
2020 жылы «BolashaqSaraiy» құрылысы, жылумен жабдықтау нысандары, инженерлік инфрақұрылым, көлік инфрақұрылымын дамыту және үйлердің қасбеттерін жөндеу жоспарланған. 2020 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізу үшін жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Қазіргі заманғы көлік инфрақұрылымын қалыптастыру облыс пен жалпы елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Сондықтан, автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға көп көңіл бөлінеді.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5 626 шақырымды құрайды, оның ішінде облыстық маңызы бар 2 661 шақырым, аудандық маңызы бар 2 965 шақырым.
2019 жылы облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желілерін жөндеуге 21,6 миллиард теңге бөлінді.
Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көше-жол желілерін салуға және қайта жаңартуға, іс-шараларды іске асыруға, оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» және қала шеті жобаларының шеңберінде 7,1 миллиард теңге бөлінді, 90,9 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту жүргізілді.
Жыл қорытындысы бойынша Целиноград ауданының Ақмол ауылында көше-жол желісінің құрылысы аяқталды, Зеренді ауылындағы автомобиль жолы мен Зеренді ауданының Елікті тау-шаңғы базасына кіреберіс жолы, Атбасар ауданының Атбасар қаласындағы автомобиль жолдары қайта жаңартылды.
Нұр-Сұлтан қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде 2020 жылға дейін іс-шараларына 5,1 миллиард теңге, Целиноград ауданының Талапкер, Нұресіл, Қосшы, Ақмол және Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында – 4,0 миллиард теңге көше-жол желісін салу Целиноград ауданының Қажымұқан, Қосшы, Қараөткел және Шортанды ауданының Ключи ауылында – 1,1 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Бүкіл ел бойынша өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірлік дамудағы «алшақтықты» азайтуға бағытталған өңірлік саясатты іске асыру мақсатында ірі қалалардың шеттерін дамытуға Целиноград ауданының Қосшы және Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдарында көше-жол желісін салуға республикалық бюджеттен 3,3 миллиард теңге бөлінді.
Моноқала-Степногорск қаласында Целиноград көшесіне шығатын Сарыарқа көшесінің жолын қайта жаңарту жобасын іске асыруға республикалық бюджеттен 56,4 миллион теңге бөлінді.
Бұдан басқа, 2019 жылы Көкшетау қаласындағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Көкшетау қаласының көше-жол желісін дамытуға 1,2 миллиард теңге сомасында қаражат бөлінді (Қопа көлінің жағасы бойындағы жол құрылысы; Н.Назарбаев-Жүнісов көшесінің қиылысындағы жолды қайта жаңарту; Н.Назарбаев-Абай көшелерінің қиылысындағы жолды қайта жаңарту; Абай көшесіндегі жолды орташа жөндеу; Васильковка шағын ауданы мен Сүлейменов көшесінен Н.Назарбаев даңғылына дейін).
Ұзындығы 368,8 шақырым автомобиль төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілді (Целиноград ауданы, Қызылсуат, Қажымұқан, Қосшы, Талапкер, Қараөткел ауылдарының КҚБ күрделі жөндеу Ақмол а. автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, Шортанды ауданы, Ключи ауылына кіреберіс жолдарды күрделі жөндеу, «Жақсы – Державинск» а/ж күрделі жөндеу, «Жақсы-Державинск» а/ж 2х (4х2, 5) тікбұрышты құбырды күрделі жөндеу, «Щучинск-Бурабай» а/ж облыстық маңыздағы «Наурызбай батыр-облыс шекарасы» а/ж 26-33 км учаскесін күрделі жөндеу, Бейбітшілік көшесін, Наурызбай батыр көшесін, Вавилов көшесін күрделі жөндеу), (Целиноград ауданы Малотимофеевка а. кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу, Целиноград ауданы Қосшы а., Қоянды а. КҚБ орташа жөндеу, Н.Назарбаев, Ғабдуллин, Школьная, Гагарин, Чехов к., Тәуелсіздік к., Ильясов к., Ленин к. бойындағы КҚБ орташа жөндеу, Целиноград ауданы Малотимофеевка а. кіреберіс автомобиль жолын орташа жөндеу, Целиноград ауданы Қосшы а. КҚБ орташа жөндеу, Н.Назарбаев, Ғабдуллин, Школьная, Гагарин к., Чехов к., Тәуелсіздік к., Ильясов К., Ленин «Ақсу-Бестөбе-Изобильное» а/ж орташа жөндеу, «Атбасар-Сочинское» а/ж орташа жөндеу, «Қабанбай батыр — Жанғызқұдық» а/ж орташа жөндеу – «Атбасар-Кийма» а/ж «Жақсы-Державинск» а/ж орташа жөндеу, «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» а/ж орташа жөндеу, «Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» а/ж орташа жөндеу, «Балкашино-Шаңтөбе» а/ж орташа жөндеу, «Екатеринбург-Алматы-Турген-Константин» автомобиль жолын орташа жөндеу, «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское» автомобиль жолын орташа жөндеу, «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское» автомобиль жолын орташа жөндеу, «Петровка-Острогорка-Мариновка» автомобиль жолын орташа жөндеу, «Атбасар-Қима» — «Жақсы-Державинск» автомобиль жолын орташа жөндеу», «Қонысбай-Сейфулин-Қызылсая» автомобиль жолының 0-30 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары, «Жақсы-Державинск» автомобиль жолының 101,5-140 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары, «Есіл-Свободное» автомобиль жолының 0-34 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары, Степногорск қаласының «Степногорск-Промышленная зона» автомобиль жолының 5,8-16,5 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары, Степногорск қаласының «Степногорск-Промышленная зона» автомобиль жолының 0-5, 8 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстары, Ерейментау ауданының Ерейментау, Васильковский және орталық Сүлейменовтен бастап Көкшетау қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейін). 96 су өткізу құбырлары жөнделді, 480 жол белгілері, 358 сигналдық баған орнатылды.
Автобус маршруттарының жергілікті желісі дамуда. Жолаушылар автокөлік қатынасымен елді мекендердің 95,2 пайызы қамтылған (100 адамнан астам халқы бар 474 елді мекен).
15 жаңа ауданішілік қатынас ұйымдастырылды. Автобус қатынасымен қосымша 35 елді мекен қамтылды. (Ақкөл ауданында тұрақты ауданішілік автобус маршруты Қарасай-Қына-Саздыбұлақ (Минск)-Ақкөл (Қарасай, Қына, Саздыбұлақ (Минск) а. 3 е/м қамтылған), Аршалы ауданында «Аршалы-Қостомар-Бұлақсай-Ақжар» ауданішілік автобус маршруты ұйымдастырылды (Қостомар, Бұлақсай, Ақжар а. 3 е/к қамтылған), Астрахан ауданында «Астраханка-Таволжанка» және «Астраханка-Степное а. 3 е/к қамтылған), Астрахан ауданында «Астраханка-Таволжанка» және «Астраханка-Степное а. 3» (Таволжанка, Степное а. 2 е/м қамтылды), Біржан сал ауданында «Степняк-Казгородок-Қызылұйым-Карловка» және «Степняк-Сәуле-Құдықағаш-Мақпал-Заураловка-Яблоневка» ауданішілік маршруттары ұйымдастырылды. (Карловка, Құдықағаш, Мақпал, Заурал ауылдарының 4 е/м қамтылған), Ерейментау ауданында «Ерейментау-Балықты-Торғай» ауданішілік маршруты ұйымдастырылды. (Жаңажол, Балықты ауылдарының 2 е/м қамтылған), Жарқайың ауданында «Ерейментау-Балықты-Торғай» ауданішілік маршруты ұйымдастырылды. (Жаңажол, Балықты ауылдарының 2 е/м қамтылған), Жарқайың ауданында «Степняк-Сәуле-Құдық-Мақпал» Державинск-Шойындыкөл-Тасөткел» 2 е/м қамтылған. Зеренді ауданында «Зеренді-Қызылсая», «Зеренді-Баратай» автобус қатынасы ұйымдастырылды (Терісаққан а. 2 е/м қамтылған), Сандықтау ауданында «Мәдениет-Балкашино» автобус қатынасы ұйымдастырылды. (Богородка, Жаңа-жол, Красная поляна, Петриковка а. 4 е/м қамтылған). Целиноград ауданында «Опан-Приречное-Нұр-Сұлтан-Ақмол», «Ақмол-Ақмол» автобус қатынасы ұйымдастырылды. «Нұресіл-Талапкер-Төңкеріс-Қосшоқы-Тастақ» станциясы және «Ақмол-Өтеміс-Шалқар-Қаратомар» (3 адам қамтылды. Шортанды ауданында «Бектау-Конкрынка» ауданішілік автобус бағыты ұйымдастырылды (Конкрынка ауылының 1 е/м қамтылған).
2020 жылы бұл көрсеткішке 100 пайыз деңгейінде қол жеткізу жоспарланып отыр.
2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) аясында жолаушылар көлігін жаңғырту бойынша екі жоба іске асырылды, электрондық билеттеу жүйесін енгізу және Көкшетау қаласының қоғамдық көліктерінде автобустарды жаңарту жалғасуда.
«Көкшетау автобус паркі» ЖШС жеке қаржылық бастамасымен және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Көкшетау қаласының қоғамдық көлігін жаңарту бойынша МЖӘ жобасы жүзеге асырылды. Жоба шеңберінде Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС қазақстандық автоөндіруші зауытында жиналған Yutong ZK6108 HGH маркалы 44 жаңа автобус сатып алынды. МЖӘ объектісін пайдалануды «KoksheBusTolem» ЖШС жүзеге асырады. Қалалық маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылар билеттеу жүйесіне қосылған. Жүйе сәтті іске қосылды.
2020 жылы Көкшетау қаласының автопарктерін жаңарту мақсатында қалалық маршруттарға қызмет көрсететін тасымалдаушылармен жұмыс жүргізілуде, тасымалдаушылардың мүдделілігіне орай заманауи талаптар мен стандарттарға жауап беретін автобустар сатып алынады.
2019 жылы 2 маусымдық облысаралық «Астана-Алматы-1» және «Астана-Достық» теміржол қатынасы ұйымдастырылды. Мереке күндері «Астана-Шымкент», «Астана-Алматы», «Астана-Павлодар» және «Қарағанды-Жезқазған» бір реттік темір жол қатынасы ұйымдастырылды.
2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланған Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумы аясында мемлекет басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласының теміржол вокзалы мен автовокзалына ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлануда.  Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында білім сапасын арттыруға ерекше назар аударуды тапсырған болатын.
Облыста 34,5 мыңнан астам баланы қамтитын мектепке дейінгі 610 білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 108-і – жекеменшік балабақша. Есептік кезеңде Көкшетау қаласында 560 орындық 2 мемлекеттік «Zerek» және «Нұр бала» балабақшалары ашылды және Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында балабақша құрылысы жалғасуда. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инвестиция сомасы 800 миллион теңгеден астам 13 жоба іске асырылуда (6 жаңа жекеменшік балабақшаның ашылуы, 7 балабақшаның сенімді басқаруға берілуі).
2019 жылы 13 мектепке дейінгі ұйымды ашу және жұмыс істеп тұрған 8 ұйымды кеңейту есебінен 1475 жаңа орын құрылды, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуға мүмкіндік берді.
Облыстың барлық мектепке дейінгі ұйымы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою» автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсетуге қосылды.
Орта білім беруде облыстағы 576 мектепте 129,1 мың оқушы оқиды, облыс бойынша білім сапасы 61,7 пайызды құрады. Жаңартылған білім мазмұнына көшу аяқталуда, 1-10 сыныптар бойынша 121,0 мыңнан астам оқушы немесе 96,4 пайызы жаңа білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.
Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық қызметті 15 мың мұғалім жүзеге асырады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында, мектеп мұғалімдерін аттестаттаудың жаңа моделіне көшу жүзеге асырылды және олардың лауазымдық жалақысына қосымша ақының жаңа кестесі енгізілді. Көрсетілген кезеңде жаңа жүйе бойынша 7320 педагог (48 %) аттестаттаудан өтті (педагог-шебер – 54, педагог-зерттеуші –1959, педагог-сарапшы – 3106, педагог-модератор – 2201), бұл педагогтар кәсіби шеберлігі үшін 30-дан 50 пайызға дейін қосымша ақы алады.
Сапалы білім беру қызметіне бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 57 магниттік мектепте 21 ресурстық орталық ашылды. Тасымалдауды қажет ететін 6486 оқушыны тасымалдау жүзеге асырылуда, өткен жылы қосымша 9 автокөлік құралы сатып алынды. Аз қамтылған отбасыларындағы 17402 бала ыстық тамақпен, мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді.
Тұңғыш Президент Жолдауында балалар қауіпсіздігінің маңыздылығы ескеріле отырып, барлық мектептер мен бала бақшаларды бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету қажет екендігі айтылған. Ақмола облысында мектептердің 60,8 пайызы мен балабақшалардың 88,2 пайызына бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Облыстың барлық мектептері кең жолақты ғаламторға, «BilimLand» инновациялық білім беру платформасына және бірыңғай «Kundelik» ақпараттық жүйесіне қосылған. Мектептерде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету орташа есеппен алғанда бір компьютерге 9 оқушыны құрайды. 2019 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 72 миллион теңгеге 23 жаңа модификация кабинеті сатып алынды.
2019 жылдың қыркүйегінде Бурабай ауданының Щучинск қаласында 135 орынға арналған мектеп жанындағы интернатымен 800 орынға арналған IT мектеп-лицейі пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қараша айында жеке инвестициялар есебінен Целиноград ауданының Қосшы ауылында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді.
Оқыту жағдайын жақсарту мақсатында 1,2 миллиард теңгеге 12 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілді (Атбасар қ.
№ 2 арнайы мектеп-интернаты; Красный Яр с. №3 агротехникалық колледжі; Шортанды ауданы Бозайғыр ОМ, Көкшетау қ. №4 ОМ; Ерейментау қ. №1 ОМ; Степногорск қ. Бестөбе к. №1 ОМ; Зеренді ауданы Еленовка ОМ; Бұланды ауданы Макинск қ. №3 ОМ; Астрахан ауданы Есіл ОМ; Ерейментау ауданы Ақмырза ОМ; Ақкөл қ. № 10 Агротехникалық колледжі; Аршалы к. №2 ОМ).
2019 жылы құрылысы басталған 5 мектептің (Целиноград ауданында 4 мектеп, Көкшетау қаласында 1 мектеп), Көкшетау қаласындағы 3 мектепке қосымша оқу ғимаратының (№1, № 6, № 13 орта мектептерге) құрылысы, сондай-ақ, Бұланды ауданының Алтынды орта мектебін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Орта білім беру жүйесінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Көкшетау қаласының асханаларын сенімгерлік басқаруға беру бойынша инвестиция сомасы 146 миллион теңгеден асатын 21 жоба жүзеге асырылуда.
Ауылдық жерлерде тұратын дарынды балаларды анықтау және дамытуға жағдай жасау Қазақстан Республикасының Президенті айтқан басым әлеуметтік міндеттердің бірі болып табылады. Бұл жұмыс мақсатты түрде жүргізілуде. Мәселен, 9-шы сыныптың бес оқушысы Қазыбек Әбілмансұр және Гирич Александра (Есіл ауданы), Шалкенбаев Мирас (Жақсы ауданы), Оспандияр Камила (Целиноград ауданы), Вдовин Сергей (Шортанды ауданы) «IQanat-Бурабай» мектебінде оқуға Тұңғыш Президент Қорының грантына ие болды.
2019-2020 оқу жылының басынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында өткен Халықаралық байқаулардың, Алматы қаласындағы математика, физика және информатикадан XVI Жәутіков олимпиадасының және Семей қаласында өткен Абай оқулары, Алматыдағы «Менің кіші Ота-
ным» жас тарихшылар байқауы, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада, Бурабай ауданында өткен VI республикалық Ақберен байқауы, Алматыдағы Абай атындағы ІІ республикалық олимпиада облыстың «қоржынына» 1 алтын, 2 күміс және 13 қола медаль әкелді.
Облыстың білім беру саласындағы оқу сабақтарынан кейін балаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін 27196 баланы қамтитын 56 қосымша білім беру ұйымдары (балалар шығармашылық үйлері/орталықтары, музыкалық мектептер, басқа да қызығушылық бойынша ұйымдар) жұмыс істейді. Ұйымдарда көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, туристік-өлкетану, спорттық және басқа да бағыттар бойынша үйірме және секциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Баршаға арналған тегін техникалық және кәсіптік білім» жобасын іске асыру жалғасуда. 33 колледжде 21,3 мың студент білім алуда. Бюджеттік қаржыландыру аясында 5847 студент, соның ішінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 1193 студент, «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 120 студент қабылданды. Түлектерді жұмысқа орналастыру 72 пайызды құрайды.
Дуальді оқытуды дамыту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Дуальді жүйені енгізіп жатқан колледждер саны экономиканың 7 саласы (металлургия және машина жасау, сервис, көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы) бойынша 28 колледжді қамтыды.
Тұңғыш Президенттің Жастар жылының ашылуында берген тапсырмасына сәйкес, «Жас маман» жобасын жүзеге асыру және дуальді оқыту тетігін жетілдіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Жобаға облыстың 11 колледжі, оның ішінде 2020 жылы заманауи оқу жабдықтарын сатып алуға 1,6 миллиард теңге қаржыландыру көлемімен 5 жоба кіреді.
ТжКБ мамандықтарының беделін арттыру мен сапалы даярлаудың белсенді құралы WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаты болып табылады. WorldSkills Ұлттық чемпионатында Ақмола облысының командасы 4 алтын, 4 күміс және 2 қола медальды жеңіп алып, республикада жалпы командалық 2-ші жүлделі орынға ие болды.
2019 жылы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін, облыстық бюджет қаражаты есебінен, жоғары білімді кадрларды даярлауға 100 білім гранты бөлінді (98 – педагогикалық, 2 – технологиялық мамандыққа). Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы мен көп балалы отбасыдан шыққан 86 мектеп түлегі Ұлттық қордың мақсатты трансферті есебінен жоғары білім алу грантына ие болды.
Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту – Елбасы бастамаларының бірі болып табылады. Осыған орай, облыста техникалық және кәсіптік білім беретін 4 ұйымға 1200 орындық, ал, Көкшетау қ. 2 жоғары оқу орны үшін 1500 орындық жатақхана салу жоспарланған.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында республиканың әрбір азаматы үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне назар аударды.
2019 жылы денсаулық сақтау саласын материалдық-техникалық жарақтандыруға 2,1 миллиард теңге бағытталды, 210 дана медициналық құрал-жабдықтар алу үшін, оның ішінде 10 дана санитарлық автокөлік, 13 бірлік жедел медициналық жәрдем бекеттері үшін автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық жүйесі және Көкшетау жоғары медициналық колледжінің симуляциялық орталығына жабдықтар алынды.
Туа біткен даму кемістігінен сәби өлімін төмендету және оларды уақытында анықтау үшін 12 бірлік УДЗ аппараты сатып алынды.
Электрондық құжат айналымына көшу және медициналық ұйымдарды одан әрі цифрландыру мақсатында 996 бірлік ұйымдастыру техникасы (компьютерлер) сатып алынды, бұл облыстың барлық медициналық ұйымдарын толық көлемде компьютерлік техникамен жабдықтауға мүмкіндік берді. 600,5 миллион теңге сомасына 8 денсаулық сақтау нысанына (9 жоба)күрделі жөндеу жүргізілді (Шортанды аудандық ауруханасының балалар бөлімшесі, Жарқайың ауданы Кенское ауылының медициналық пункті, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің жатақханасы, гараждар және жедел медициналық жәрдем станциясының, дәрігерлік амбулаторияның аумағын абаттандыру. Су құбыры мен кәріз жүйесінің сыртқы желілерін, облыстық психикалық денсаулық орталығын электрмен жабдықтауды, қалалық емхананың жылу беру мен желдетудің ішкі жүйелерін күрделі жөндеуді, қалалық емхананың педиатриялық бөлімшесінің үй-жайларын жөндеуді, көп бейінді облыстық балалар ауруханасы ғимаратын, үш қабатты емдеу корпусын, ас блогы мен гараждарды күрделі жөндеуді қамтиды).
Халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2019 жылы қосымша 12 жедел медициналық көмек бөлімшесі ашылды, бұл 197 мың адамы бар 152 елді мекенді (ауыл халқының 67,6%) қамтуға мүмкіндік берді, АЕМ қамту аймағы 27,7 пайызды құрады.
20 аудандық және қалалық алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарында 4 санатты шұғыл шақырту бойынша емханалар жанынан 23 жедел жәрдем бригадасы ашылды. Мемлекеттік жеке меншік серіктестік желісі бойынша желілік бригадаларға арналған 30 жылжымалы кешен және 5 машина жеткізілді. Жедел жәрдем паркингінде 117 автокөлік бар.
Санитарлық авиацияның екі бөлімшесі табысты жұмыс істейді Көкшетау қаласының базасында облыстық жедел жәрдем станциясы және Нұр-Сұлтан қаласында №2 көпсалалы облыстық аурухана базасында, олар 2019 жылы 534 шақырым аумағында қызмет көрсетті.
Барлық қызметкерлер халықаралық стандарттар бойынша медициналық көмек көрсетуге оқытылды. Жедел жәрдем қызметін орталықтандыру аяқталды. Облыста жедел медициналық жәрдем шақыруларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2019 жылы облысқа 67 жас дәрігер және 126 орта медициналық қызметкер келді, оларға әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде ауылдық жерге келген 31 жас маманға 1 миллион теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді.
«Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткен жылы 77 дәрігерге 16,9 миллион теңгелік көтерме жәрдемақы алып және 50 дәрігер тұрғын үй сатып алуға 176,4 миллион теңге несие алды. 35 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілген (әкімдік есебінен: жатақханада 5 пәтер және 3 бөлме (Ақкөл ауданы – 2 дәрігер, Аршалы ауданы – 1 дәрігер, Бұланды ауданы – 1 дәрігер, Зеренді ауданы – 1 дәрігер, Сандықтау ауданы – 1 дәрігер, Шортанды ауданы – 1 дәрігер); м/а есебінен: жалгерлік тұрғын үй құнын өтеу (5 дәрігерге төленетін құнның 50% және тұрғын үй құнынан 3-ке 100%), 3 пәтер, 7 бөлме және жатақханадағы 9 төсек).
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ҚР ЖОО-да талап етілетін медициналық мамандықтар бойынша 35 резидент оқытылады. Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің медицина факультеті үшін «жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар кадрларды даярлауға 44 миллион теңге көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді.
Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысы аясында еліміздің ЖОО-да 58 адам бакалавриатта, интернатурада және резидентурада оқиды, қаржыландыру сомасы 41,9 миллион теңге, олар кейіннен облыс аумағында 3 жыл жұмыс істейтін болады. Бүгінгі кадрлар тапшылығы 415 дәрігерді құрайды, оның 97-і ауылдық жерлерде. Жалпы тәжірибе, акушерлік-гинекология, терапия, анестезиология және қарқынды терапия, жалпы хирургия, кардиология, неонатология және т.б.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес 2019 жылдың 1 маусымынан бастап облыстың 37 медициналық ұйымдарында барлық мамандықтағы дәрігерлер мен орта медициналық құрам үшін жалақы 30 пайызға арттырылды. Облыста 1679 дәрігердің жалақысы 162 мың теңгеге дейін және 5521 орта медициналық қызметкердің жалақысы 112 мың теңгеге дейін өсті.
Жүргізілген емдеу-алдын алу іс-шараларының кешені әлеуметтік-маңызды аурулар мен олардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал етті. Осылайша туберкулезбен сырқаттану 9,7 пайызға, жалпы өлім-жітім 0,7 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім – 3,9 пайызға, ана өлімі 4,4 есеге төмендеді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу саясатын жаңғырту, адам капиталының сапасын арттыру, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз ету жұмыспен қамту мәселелерін шешудің негізгі басымдықтары ретінде айқындалған.
Осыған байланысты өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктілік алудың тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға бағдарланған.
Халықты жұмысқа орналастыру, жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері Жұмыспен қамту саясатын іске асыруда ерекше орын алады.
2019 жылы жаңа жұмыс орындарын ашу жұмыстары күшейтілді. Облыста 16 664 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 8010-ы тұрақты.
Жұмыс іздеудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету және құрамды іріктеуге жәрдемдесу үшін Еңбек ресурстарын дамыту орталығы арнайы порталда электрондық еңбек биржасын енгізді www.enbek.kz жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай сандық алаң болып табылады.
Электрондық еңбек биржасы порталында 3 060 жұмыс беруші және 5 735 жұмыс іздеуші тіркелген. Портал арқылы 6 487 адам жұмысқа орналастырылды.
2019 жыл ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында «еңбек биржасы» интернет-ресурсын пайдалану бойынша 43 мыңнан астам адам компьютерлік сауаттылығын арттырды.
Жаңа жұмыс орындарын құру және халықты жұмысқа орналастыру бойынша белсенді шаралар жалпы жұмыссыздық көрсеткішін 4,7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді (Статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2019 жылдың 3 тоқсанында).
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде, белсенді жұмыспен қамту шараларымен 3 599 адам қамтылды, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 2 240 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 602 адам, жастар тәжірибесіне – 757 адам жіберілді.Техникалық және кәсіптік білім алу үшін облыстың 18 колледжінде 1190 жас оқуға тартылды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 3 083 адам жіберілді.
2019 жылы 1048 адам шағын несие алды (оның ішінде 62%-дан астамы немесе 645 адам жаңа бизнес ашуға) және қосымша 1203 жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын ескере отырып, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тетігін түзетіп, ол айқын, әділ және еңбекке ынталандыратын болады.
Қазіргі уақытта атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәсілдері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек 42 мыңдай азаматқа, тұрғын үй көмегі – 2 411 азаматқа төленді, үйден тәрбиеленіп оқытылатын 357 мүгедек баланы оқытуға жұмсалған шығындар өтелді.
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019 жылы мүгедектер 504 кресло-арбамен, 1 169 тифло-сурдотехникалық құралдармен, 922 протездік-ортопедиялық бұйымдармен, 3 290 гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емделу – 1 246, 274-тен астам мүгедекке «Инватакси» қызметі берілді. Республикалық бюджет есебінен 3 мүгедек сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етілді.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Ақмола облысының мәдениет саласының инфрақұрылымын барлық меншік нысанындағы 673 нысан, оның ішінде 642 мемлекеттік, 31 басқа меншік түрі: 272 клуб (252 мемлекеттік және 20 жекеменшік), оның ішінде ауылдық жерде – 249, 364 кітапхана (356 мемлекеттік және 8 ведомстволық), оның ішінде ауылдық жерде – 299, 21 мемлекеттік мұрағат, 11 музей, 2 театр, облыстық филармония, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы, облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығы құрайды.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты, тарихи-мәдени мұраны сақтауды, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын танымал етуді, адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттауды, тұрғындар арасында мәдени бос уақытты қамтамасыз етуді 3 299 мәдениет қызметкерлері жүзеге асырады, оның ішінде ауылда – 2 454, облыстық ұйымдарда – 845.
2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 29 жасқа дейін және орта буын жас қызметкерлер санының өсуі байқалады.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты аз жалақы төленетін мәдениет қызметкерлері: экскурсоводтар, дыбыс инженерлері, сахна қызметкерлері және басқа да техникалық қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 22 пайызға өсті.
2019 жылдың 1 маусымынан бастап мәдениет және мұрағаттар саласы қызметкерлерінің жалақысы еңбек өтіліне байланысты орташа 30 пайызға артты. 2019 жылы 200 адам біліктілігін арттырудан өтті, оның 75-і ауылда.
2019 жылы саланы қаржыландыру 6,8 миллиард теңгені құрады, оның ішінде облыстық бюджет – 2,9 миллиард теңге, аудан – 3,9 миллиард теңге. 2018 жылмен салыстырғанда ол 1,4 есеге немесе 40 пайызға ұлғайтылды. (2018 ж. – 4,8 млрд. теңге, оның ішінде OБ – 1,5 млрд. теңге, аудан–3,3 млрд. теңге).
Жоспарлы қаржыландырудың арқасында 2 облыстық музейге реэкспозициясы жасалды: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Мәлік Ғабдуллин музейіне. Әдебиет және өнер музейінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Зеренді және Астрахан аудандарында республикалық бюджет есебінен 88,9 миллион теңге сомасына 2 ауылдық мәдениет нысаны жөнделді.
Облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылда (Астрахан, Аршалы, Жақсы, Қорғалжын аудандарында, Степногорск қаласында) 12 аудандық мәдени нысандары жалпы сомасы 184,1 миллион теңгеге жөнделді (Астрахан ауданының Староколутон ауылдық клубы, Аршалы ауданының Волгодоновка және Бұлақсай ауылдық клубтары, Жақсы ауданының Запорожский, Жаңақима, Киев және Подгорное ауылдық клубтары, Қорғалжын аудандық МҮ, Ақсу кентінің МҮ, Заводской кентінің клубы, Степногорск қаласының эстрада театры және «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» МҮ), ҚР заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс қаражат есебінен – 7 нысан 46 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа жөнделді (Атбасар ауданының Новосел селолық мәдениет үйі, Ақкөл ауданының Наумовка селолық мәдениет үйі, Бұланды ауданының Иванков селолық клубы, Бастрымовка селолық клубы, Новоромановка селолық клубы, Михайлов селолық клубы және Сандықтау ауданының Лесное селолық мәдениет үйі.
2020 жылы 2 нысанда 372,3 миллион теңге сомасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, 7 нысанда 306 миллион теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда (Көкшетау қ. Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Бурабай, Сандықтау, Шортанды, Степногорск қ., Краснояр а.).
Халықтың бос уақытын қамтамасыз ету үшін облыста 2 493 клубтық құрылымдар жұмыс істейді, қатысушылардың жалпы саны 30 006 адам, ауылда 2 125 құрылым, оған қатысушылар – 22 920 адам (2018 ж. 2 513 клубтық құрылымдар, қатысушылар – 30 280 адам; ауылда 2 160 клубтық құрылымдар, оған қатысушылар – 22 920 адам).
Әр түрлі жанрлық бағыттағы 1 946 көркемөнерпаздар тұрақты жұмыс істеп және дамып келеді, олардың 111-і – «халықтық» және «үлгілі» атақтары бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 ұжымға көбейген.
Жастар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары-2019» халық шығармашылығының жыл сайынғы облыстық байқауына 211 ауылдық округтен 49 мыңнан астам ақмолалықтар қатысты. 110 жаңа шығармашылық ұжым, 151 жаңа атау, солистер анықталды.
Байқау шеңберінде жеңімпаздарға автомобильдер (Көкшетау қ., Есіл және Целиноград аудандары), дыбыстық және радиоаппаратура (Степногорск қ., Аршалы, Астрахан, Бурабай, Бұланды, Жақсы, Ерейментау аудандары), ұйымдастыру техникасы (Сандықтау және Ақкөл аудандары) тапсырылды.
Облыстың 364 кітапханасы 259 986 адамға қызмет көрсетті, кітап жеткізілімі –5,4 миллион дана. Ақмола облысының мемлекеттік кітапханалар желісінің кітап қоры 4 768 412 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 329 338 дана. Ауылдағы кітап қоры 3 208 398 дананы құрайды, оның ішінде мемлекет тілде – 977 986 дана.
Облыс кітапханаларында бүгінде оқырмандар үшін жаңа жайлы жағдайлармен 21 коворкинг-орталықтар жұмыс істеп тұр. Жақсы, Егіндікөл, Бұланды аудандарында және Степногорск қаласында коворкинг-орталықтарын ашу жоспарлануда, облыс бойынша модельді кітапханалар саны 70-ті құрайды, ауылда оның 47-і орналасқан.
Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Magjan.kz» тарихи-әдеби портал жұмыс жасайды, eLIBRARY.RU электронды кітапханасымен лицензиялық келісімге қол қойылды. Бұл Ресей және шетел кітапханалары мәліметтерінің қашықтағы базасына оқырмандардың қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Мәдениет нысандарының жұмысын қайта пішімдеу аясында 10 қыркүйектен бастап М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы жұмысты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жаңа кестемен жүргізеді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрланған әдебиеттердің айналымын арттыру үшін «Цифрлік лаборатория – Цифровая лаборатория» жобасы іске асырылуда, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 46,7 миллион теңге бөлінді, соның арқасында бүгінгі күні 667 дана кітап цифрландырылды.
Бүгінгі таңда облыста облыстық бағыныстағы 11 музей, сонымен қатар, 210 қоғамдық және ведомстволық музей жұмыс істейді. Онда студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің кіші Отанының дамуы туралы кең білім алады. Облыс өлкетанушыларының базасы жиналды, олармен өлкетану материалдарын жинақтау бойынша тұрақты негізде бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Облыстың 50 өлкетанушыларының тізімі облыстық тарихи-өлкетану мұражайының http://akmomuzey.kz/. сайтында жарияланған.
Облыстың 11 музейімен 3 638 іс-шара өткізілді, оған 144 376 адам қатысты, 3712 экскурсия, 2062 дәріс, 520 көрме ұйымдастырылды, 11 музейдің қоры 799 жаңа экспонаттармен толықты.
2019 жылы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Ғасырлар аманаты» экспозициялық-көрме жобасын (Ақмола облысының аудандары бойынша облыстық тарихи-өлкетану материалдары қорынан көрмені ұйымдастыру)іске асырды. Жобаға 10 000-нан астам адамды қамтыған 10 аудан қатысты.
«Ботай-Бурабай» ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық музейін 100 мыңға жуық адам тамашалады.
Бүгінгі таңда музейлер мен кітапханаларды қайта форматтау жүргізілуде: тұрақты негізде айына 1 рет «Музейдегі түн» акциясы жоспарланған.
Қазіргі уақытта облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – «Ботай-Бурабай» археологиялық-этнографиялық ашық аспан астындағы музейі облыс қонақтары мен тұрғындарының қызығушылығын арттыруда. Ашылғаннан бері 100 мыңға жуық адам келді, қазіргі уақытта шамамен 60 мың адамға жуықтады.
Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның ұжымы 219 концерт өткізді, 44 451 көрерменге қызмет көрсетілді, ақылы қызмет көрсетуден түскен кіріс 21 627,3 мың теңгені құрады.
Театрларда 923 спектакль қойылды, оның ішінде 45 премьера, 103 771 көрерменге қызмет көрсетілді, ақылы қызмет көрсетуден түскен табыс 35 698,5 мың теңгені құрады. Облыстық орыс драма театрымен мүмкіндігі шектеулі балалардың спектакльге қатысуын және осындай балалар үшін шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру және социумда бейімдеу үшін жағдай жасауды көздейтін инклюзивті балаларға арналған «Бірдей болу бізге міндетті емес» жобасы іске асырылуда.
Қазақстанның халық ақыны Көкен Шәкеевтің 95 жылдық мерейтойына және еңбек сіңірген өнер қайраткері, айтыскер ақын Мұса Асайыновтың 90 жылдығына арналған «Айтыстың қос тарланы – Көкен, Мұса» атты облыстық айтыс, Көкшетау қаласының 195 жылдығына арналған «Көзайымым, Көкшетау» ақындар фестивалі; С.Сейфуллиннің 125-жылдығына арналған өңірлік ақындар мүшәйрасы; 500 домбырашының қазақтың күйін орындауымен «Домбыра» архитектуралық композициясының салтанатты ашылуы; «Көкшетау – тал бесігім» ұлттық өңірлік VI музыкалық фестивалі; әлемнің 9 елінен 20 суретшінің қатысуымен «Легенды Бурабая» атты суретшілердің І Халықаралық форумы; Ресей, Украина және Қазақстан театрларының қатысуымен «Te-Art-Кокше» І Халықаралық театр фестивалі елеулі шараның бірі болды.
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, мәдени туризмді дамыту мақсатында туристердің визит карточкасы және белсенді баратын орындары болған «Бурабай Даму» Визит орталығы алаңында 2019 жылдың маусым айынан қыркүйек айы аралығында 20-дан астам мәдени маңызы бар іс-шаралар өткізілді. Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Звездный сезон» жобасы жүзеге асырылды. Фольклорлық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен «KOKSHETAU FOLKFEST» – «Достық керуені» аймақаралық фестивальдар мен конкурстар; Қазақстанның солтүстік өңірлері өкілдерінің қатысуымен «Бурабай толқындары» эстрадалық әндерінің жас орындаушыларының ІІ телевизиялық конкурс-фестивалі өткізілді (Нұр-Сұлтан қ., Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары).
Дене шынықтыру мен спортты дамыту. Бұл әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты болып табылады. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы саланың басым бағыттарының бірі бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру болып табылады.
2019 жылы спорттық ғимараттардың желісі 36 нысанға кеңейді (23 жазық құрылыс, 8 спорт залы, 2 хоккей корты, жүзу бассейні, стадион, спорт кешені) және қазіргі кезде ол 2444 бірлікті құрайды, оның ішінде ауылда – 1711 нысан бар.
Көкшетау қаласындағы Жоғары спорттық шеберлік мектебінің жеңіл атлетикалық манежі, Сандықтау МБЖСМ спорт залы, 27 спорт алаңы (оның ішінде 17 – инвестордың қаражаты есебінен) және 3 хоккей корты жабдықталып, жөнделді. Облыс аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2019 жылы Астрахан ауданы Астраханка ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді, Аршалы, Ерейментау және Біржан сал аудандарында ұқсас нысандардың құрылысы басталды.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс бойынша 252 мың адамның қатысуымен 3732 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді (бұл өткен жылдың деңгейінен 0,6 % жоғары), оның ішінде ауылда 139 мың адамның қатысуымен 3009 іс-шаралар өткізілді.
Облыста 4 кешенді облыстық спартакиадаларды (қысқы «Хрустальный колос», жазғы «Ақ бидай», дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында «Надежда», ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша «Құлагер») өткізу дәстүрге айналды.
2019 жылы «Хрустальный колос» қысқы облыстық спартакиадасының финалдық старттары Бұланды ауданында өтсе, «Надежда» және «Құлагер» спартакиадасы Көкшетау қаласында өтті.
Спартакиаданың барлық кезеңдеріне 25 мың адам қатысты.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, салалық ведомстволардың қызметкерлерін бұқаралық спортпен айналысуға тарту үшін облыс орталығында екі спартакиада өткізіледі: ведомстволық «Бірлік» және мемлекеттік қызметкерлер арасында «Отан». 2019 жылы аталмыш спартакиадаларда жалпы командалар саны 27-ге жетті.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың қамтылуы 29,8 пайыз (жоспар бойынша – 29,5%) немесе 219961 адамды құрады, бұл 2018 жылдың деңгейіне қарағанда 2,8 пайызға жоғары.
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қоғамдық бірлестіктер – спорт түрлері бойынша федерациялар үлкен үлес қосуда. Қазіргі таңда облыста 63 аккредиттелген федерация жұмыс істейді.
Бұқаралық спорт жоғары жетістіктер спортын табысты дамытудың берік іргетасы болып табылады.
Облыста жаттығатындар саны 15472 адамды қамтитын 29 спорт мектебі (оның ішінде 4 – олимпиадалық резерв, 9 – мамандандырылған, 1 – жекеменшік, 1 – ұлттық спорт түрлерінен, 1 – футбол мектебі, 13 мектеп аудандық және қалалық әкімдіктердің қарамағында), жоғары спорттық шеберлік мектебі, олимпиадалық резерв даярлау орталығы, спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейді.
Әртүрлі спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының құрамына Ақмола облысының 406 спортшысы кіреді, олардың ішінде: олимпиадалық – 237, олимпиадалық емес – 169 (2018 жыл – 364 адам).
Жыл басынан бері 1-ші разряд дәрежелі 62 спортшы, 300 спорт шеберлігіне кандидат, 37 спорт шебері, 24 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1 еңбек сіңірген спорт шебері дайындалды.
Республикалық және халықаралық жарыстарда облыс спортшылары әртүрлі дәрежедегі 1023 медаль жеңіп алды (2018 жылы – 1015 медаль).
2019 жылы ірі халықаралық кешенді іс-шаралар өткізілді:
– «Дети Азии» халықаралық спорттық ойындары, ол Южно-Сахалинск қаласында (Ресей) 8-17 ақпан аралығында өттi.
Қазақстан Республикасының құрамасының қатарында ел намысын 5 ақмолалық спортшы қорғады. 3-еуі шаңғы жарыстарынан және 3-еуі биатлон. Ойындардың қорытындылары бойынша биатлоншылар Куралес Вадим және Червенко Данил әртүрлі дәрежедегі 6 медальды жеңіп алды.
– Дүниежүзілік қысқы универсиада, ол Красноярск қаласында (Ресей) 2-12 наурызы аралығында өттi, онда облыстан 7 спортшы қатысты: 1 – спорттық бағдарлау, 6 – шаңғы жарыстары. Осы жарыстарда Гридин Никита мен Климин Олжас шаңғы эстафетада 2-орынға ие болды.
– Дүниежүзілік жазғы Арнайы ойындар 8-22 наурызы аралығында Абу-Даби қаласына (БАӘ) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамында Ақмола облысынан 5 спортшы қатысты: 4 – пауэрлифтингтен, 1 – волейболдан. Олар барлығы 12 медаль жеңіп алды.
Ақмола спортшылары ұлттық спорт түрлерінің V Республикалық фестивалінде 14 медаль жеңіп алып, сәтті өнер көрсетті, бұл облыстың тарихында алғаш рет жалпы командалық 3 орынға ие болуына мүмкіндік берді. (Өткен фестивальда команда 6 орында болған).
Жыл бойы облыстың жетекші спортшылары Азия және әлем чемпионаттарында бірнеше рет жоғары сатыға көтеріліп, еліміздің абыройтын асқақтатты. Олардың қатарында Евгений Гидич, Андрей Чугай, Ульяна Сухоребрик (велоспорт), Әділ Тәшім (каратэ WKF), Карина Қозғанбаева (ауыр атлетика), Теміртас Жүсіпов, Батырхан Сейтенов (бокс), Айна Теміртасова, Ирина Кузнецова (әйелдер күресі) бар.
Кәсіби спорт саласында жетістіктер баршылық. «Арлан» ХК 2018-2019 жылғы құрлықтық кубок жеңімпазы және 2018-2019 жылғы ҚР чемпионатының қола жүлдегері атанды.
«Оқжетпес» ФК (ерлер) Премьер-Лига командалары арасында ҚР чемпионатында 7 орын алды. «Оқжетпес» әйелдер командасы ҚР Чемпионатында 2 орын алды. Футзалдан ерлер командасы ҚР Чемпионатында 5 орын алды (8 команданың ішінде).
«Синегорье» әйелдер және ерлер баскетбол командалары 2018-2019 жылғы маусымда Ұлттық лиганың командалары арасындағы ҚР чемпионатында 5 орынға ие болды. Қазан айында 2019-2020 жылғы маусымдағы ҚР Чемпионаты басталды, онда ерлер баскетбол командасы 4 орында, әйелдер –
3 орында келеді.
2019 жылы Ақмола облысы әкімдігінің бастамасымен «Ұшқын Көкшетау» ерлер волейбол командасы құрылды, ол 2019-2020 жылғы маусымдағы Жоғары лига командаларының арасындағы ҚР Чемпионатының 2 турынан кейін 1 орында келеді.
Облыс аумағында туристік саланы дамытуға ықпал ететін көптеген республикалық және халықаралық жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар, олардың басым бөлігі Бурабай ауданының аумағында өтеді, бұл туризмді дамытуға және облыстың да, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының да тартымды имиджін құруға мүмкіндік береді. 2019 жылы біздің облыста 26 республикалық және 5 халықаралық іс-шара өткізілді.

ЖАСТАР ЖӘНЕ ІШКІ САЯСАТ

Өңірде ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жастарды, халықтар бірлігі мен қоғамды біріктіруді қолдауға бағытталған кешенді іс-шараларды өткізу жалғасып келеді.
Өткен жыл Президент мәлімдеген әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралармен және мол оқиғалар қатарымен ерекшеленді.
Азаматтық қоғам институттары мемлекеттік басымдықтарды ілгерілетуге және қоғамдық келісімді сақтауға зор үлес қосып келеді.
Облыста 6 саяси партияның филиалдары, 11 түрлі конфессияны білдіретін 190 діни бірлестіктер, 718 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.
2019 жылы азаматтық сектордың коммуникативтік қарым-қатынасын, саяси белсенділігін дамыту мақсатында «Намыс» саяси пікірталас клубы құрылды. Клубта мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға азаматтық қоғам институттарының қатысуы, облыс тұрғындарының саяси және азаматтық белсенділігін дамыту мәселелері талқыланды.
Облыста үкіметтік емес ұйымдарды жетілдіруге, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауына және азаматтық бастамаларды қолдау үшін жағдайлар жасалған.
Жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы қаржыландыру жоспарлы түрде ұлғаюда. 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қаржыландыруы 401, 834 мың теңгені құрады. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 500 миллион теңгені құрайды. 2019 жылы аймақтың азаматтық секторымен 50 мың адамды қамтыған 1 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Негізгі қаражат қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
Облыста барлық өңірлерде құрылған қоғамдық кеңестерді институционалдық дамыту жалғасып келеді. Облыстық қоғамдық кеңеспен ҚК 17 отырысы, ҚК Президиумының 12 отырысы өткізіліп, 131 нормативтік-құқықтық актілері қарастырылып және ұсыныстар берілді.
Өңірдегі этносаралық қатынастар өзара сенім мен құрмет, сындарлы диалог негізінде жүзеге асырылып келеді. Этносаралық келісімді нығайтуға барлық этнос өкілдері үлес қосып келеді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында 44 этно-мәдени бірлестіктер, 4 келісім үйі белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Ақмола ассамблеясының жанында «Шаңырақ» тілдерді оқыту жексенбілік мектебінің жұмысы жалғасуда.
Мемлекеттік органдардың жүргізіп жатқан жұмысы туралы халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында 93 бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері пайдаланылады.
Газет беттерінде «2020 Стратегиясы» Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар, Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы материалдар жарыққа шығады. Біздің көп қырлы өміріміздің барлық жағы көрініс табады.
Қазіргі жастар зор әлеуетке, талантқа және қуатқа ие. Жастардың білім деңгейіне, оның құндылықты ұстанымдары мен әлеуметтік белсенділігіне Тәуелсіз Қазақстанның болашағы тәуелді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саясатта жастарды дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялар басымдыққа айналатынын атап өтті. Сондықтан қазақстандық жастарға үміт артудың маңыздылығын ескере отырып 2019 жыл Жастар жылы аясында өтті.
2019 жылы «2021 жылға дейінгі Жастар жылын іске асыру жөніндегі жол картасы» әзірленді, оның шеңберінде жастардың өзін-өзі жетілдіруге ынталандыруға, шығармашылық және еңбек дағдыларын, кәсіпкерлікті және белсенді қызметтің өзге де нысандарын дамытуға бағытталған жастарды әлеуметтендіру бойынша жағдайлар жасалды.
Бүгінгі күні халықтың жалпы санындағы жастардың үлесі 20 пайыз немесе 146 мың адамды құрайды.
Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру мақсатында 18 облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтары, 24 жастар ҮЕҰ жұмыс істейді.
Өткен жылы 250 мың жас адамның қатысуымен 2 мыңға жуық іс-шара өткізілді.
Жастарды қолдаудың басты басымдығы оны жұмысқа орналастыру болып табылады. Облыстың жастар ресурстық орталықтары 2019 жылы 1 мыңнан астам жастарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетті, әр түрлі мәселелер бойынша 1300-ден астам кеңес өткізді.
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 7 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, оның 4 мыңы — ауылдық жерлерден.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің бастамаларын іске асыру үшін 14 жобаны іске асыруға 39 миллион теңгеге гранттар берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жастар арасынан 635 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Жастарды қоғам өміріне тарту, сондай-ақ өмірлік маңызды дағдыларды дамыту мақсатында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы жүзеге асырылуда. 2019 жылы жастардың бастамаларын қолдаудың арқасында өңірде ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша 23 жоба жүзеге асырылуда, 39 білім беру, спорт және демалыс орталықтары, шығармашылық үйірмелер, 24 қызмет көрсету кәсіпорындары ашылды.
«Жас кәсіпкер», «Дипломмен – ауылға!» «Жастар тәжірибесі», «Серпін» жобалары іске асырылуда. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында өз ісін ашуға 228,2 миллион теңгеге 452 грант берілді.
2019 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 439 жас маман 92,1 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы, 252 маман 874,3 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие алды.
Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жастарға қолдау көрсету, облыста сапалы кәсіби білім алуды ынталандыру үшін жыл сайын облыс әкімінің атаулы стипендиялары беріледі. 2019/20 оқу жылында оларға 262 адам ие болды.
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру бойынша тапсырмасын орындау аясында жоғары білімді кадрларды даярлау үшін 150 білім гранты берілді.
«Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша облыста 1700-ден астам студент білім алуда (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде — 1315, колледждерде — 394 студент).
Жастардың әлеуметтік және еңбекке бейімделуі мақсатында студенттік құрылыс және педагогикалық отрядтардың қозғалысын дамыту жалғастырылды. Құрылыстың бірінші нысаны «Парус» балалар сауықтыру орталығына арналған жатын корпус болды. «Думан» тәлімгерлер педагогикалық жасағы облыстың балалар лагерлерінде жұмыс істейді, оған 200-ден астам тәлімгер кіреді. Олар тәуекел тобындағы балаларға арналған әлеуметтік жобаны іске асырды, оның шеңберінде жазғы лагерьде балаларға арналған арнайы бағдарлама енгізілді.
Облыста Ақтөбе қаласында өткен ІV Халықаралық «Балауса» фестивалінде «Өзекті сахналық тілді іздегені үшін» номинациясына ие болған «El jastarу» эксперименттік театрының ашылуы өтті.
Мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларына енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 76 пайызды құрады.
2019 жылы облыс қалалары мен аудандарының тілдерді оқыту орталықтарында және курстарда 3607 адам мемлекеттік тілді оқып, үйренді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артқан.
«Қазтест» мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жүйесі бойынша 5 254 адам тестілеуден өтті, олар 100 пайызы білімдерін растады.
Ағылшын тілі курстарында оқитындар саны артқан. Түрлі деңгейде ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесінің көрсеткіші 16 пайызды құрады.
2019 жылы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың үлесі 97,2 пайызды құрады.
Барлық өңірлерде латын графикасында жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша іс-шаралар және латын графикасы пернетақтасын апробациялау өткізілді. 2019 жылы 13 477 адамды қамтыған 971 ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. Облыстық теледидарда латын графикасына үйрету бойынша арнайы жоба шығарылды, 14 бейне сабақ даярланып, әлеуметтік желілер арқылы таратылды.
«Өрлеу» Ақмола облысының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының базасында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикалы негізінде оқыту кабинетінің» ашылуы өткізілді.
Тұрғындардың тілдік мәдениетін арттыруға, ұлттық кодты сақтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Мысалы, Түркі жазбалары күніне арналған «Ұлы даланың асыл мұрасы» облыстық конференциясы, «Текті сөздің төресі – терме» конкурсы және т.б. Жалпы 110 026 адам қатысқан 1 897-ден астам іс-шара өткізілді. Қазіргі жастар зор әлеуетке, талантқа және қуатқа ие. Жастардың білім деңгейіне, оның құндылықты ұстанымдары мен әлеуметтік белсенділігіне Тәуелсіз Қазақстанның болашағы тәуелді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында әлеуметтік саясатта жастарды дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялар басымдыққа айналатынын атап өтті. Сондықтан, қазақстандық жастарға үміт артудың маңыздылығын ескере отырып 2019 жыл Жастар жылы аясында өтті.
2019 жылы «2021 жылға дейінгі Жастар жылын іске асыру жөніндегі жол картасы» әзірленді, оның шеңберінде жастардың өзін-өзі жетілдіруге ынталандыруға, шығармашылық және еңбек дағдыларын, кәсіпкерлікті және белсенді қызметтің өзге де нысандарын дамытуға бағытталған жастарды әлеуметтендіру бойынша жағдайлар жасалды.
Бүгінгі күні халықтың жалпы санындағы жастардың үлесі 20 пайыз немесе 146 мың адамды құрайды.
Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру мақсатында 18 облыстық және өңірлік жастар ресурстық орталықтары, 24 жастар үкіметтік емес ұйымдары жұмыс істейді.
Өткен жылы 250 мың жас адамның қатысуымен 2 мыңға жуық іс-шара өткізілді.
Жастарды қолдаудың басты басымдығы оны жұмысқа орналастыру болып табылады. Облыстың жастар ресурстық орталықтары 2019 жылы 1 мыңнан астам жастарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетті, әр түрлі мәселелер бойынша 1300-ден астам кеңес өткізді.
Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 7 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды, оның 4 мыңы – ауылдық жерлерден.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысын жаңа бастаған жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау үшін 14 жобаны іске асыруға 39 миллион теңгеге гранттар берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша жастар арасынан 635 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.
Жастарды қоғам өміріне тарту, сондай-ақ, өмірлік маңызды дағдыларды дамыту мақсатында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасы жүзеге асырылуда. 2019 жылы жастардың бастамаларын қолдаудың арқасында өңірде ет және сүт өнімдерін өндіру бойынша 23 жоба жүзеге асырылуда, 39 білім беру, спорт және демалыс орталықтары, шығармашылық үйірмелер, 24 қызмет көрсету кәсіпорындары ашылды.
«Жас кәсіпкер», «Дипломмен – ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Серпін» жобалары іске асырылуда. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында өз ісін ашуға 228,2 миллион теңгеге 452 грант берілді.
2019 жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 439 жас маман 92,1 миллион теңгеге көтерме жәрдемақы, 252 маман 874,3 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алуға несие алды.
Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жастарға қолдау көрсету, облыста сапалы кәсіби білім алуды ынталандыру үшін жыл сайын облыс әкімінің атаулы стипендиялары беріледі. 2019/20 оқу жылында оларға 262 адам ие болды.
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру бойынша жоғары білімді кадрларды даярлау үшін 150 білім гранты берілді.
«Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша облыста 1700-ден астам студент білім алуда (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде – 1315, колледждерде – 394 студент).
Жастардың әлеуметтік және еңбекке бейімделуі мақсатында студенттік құрылыс және педагогикалық отрядтардың қозғалысын дамыту жалғастырылды. Құрылыстың бірінші нысаны «Парус» балалар сауықтыру орталығына арналған жатын корпус болды. «Думан» тәлімгерлер педагогикалық жасағы облыстың балалар лагерьлерінде жұмыс істейді, оған 200-ден астам тәлімгер кіреді. Олар тәуекел тобындағы балаларға арналған әлеуметтік жобаны іске асырды, оның шеңберінде жазғы лагерьде балаларға арналған арнайы бағдарлама енгізілді.
Былтыр Ақтөбе қаласында өткен ІV Халықаралық «Балауса» фестивалінде «Өзекті сахналық тілді іздегені үшін» номинациясына ие болған «El jastarу» эксперименттік театрының ашылуы өтті.
Мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық салаларына енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 76 пайызды құрады.
2019 жылы облыс қалалары мен аудандарының тілдерді оқыту орталықтарында және курстарда 3607 адам мемлекеттік тілді оқып, үйренді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға артқан.
«Қазтест» мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау жүйесі бойынша 5 254 адам тестілеуден өтті, олардың 100 пайызы білімдерін растады.
Ағылшын тілі курстарында оқитындар саны артқан. Түрлі деңгейде ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесінің көрсеткіші 16 пайызды құрады.
2019 жылы мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттардың үлесі 97,2 пайызды құрады.
Барлық өңірлерде латын графикасында жазу дағдыларын қалыптастыру бойынша іс-шаралар және латын графикасы пернетақтасын апробациялау өткізілді. 2019 жылы 13 477 адамды қамтыған 971 ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. Облыстық теледидарда латын графикасына үйрету бойынша арнайы жоба шығарылды, 14 бейне сабақ даярланып, әлеуметтік желілер арқылы таратылды.
«Өрлеу» Ақмола облысының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының базасында «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасы негізінде оқыту кабинетінің» ашылуы өткізілді.
Тұрғындардың тілдік мәдениетін арттыруға, ұлттық кодты сақтауға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Мысалы, Түркі жазбалары күніне арналған «Ұлы даланың асыл мұрасы» облыстық конференциясы, «Текті сөздің төресі – терме» конкурсы және т.б.
Жалпы 110 026 адам қатысқан 1 897-ден астам іс-шара өткізілді.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ»

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы одан әрі рухани дамуға күшті серпін берді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы облыс бойынша 500 мыңнан астам адамды қамтитын 6 мыңға жуық түрлі форматты іс-шаралар өткізілді.
Өткен жылы біздің облыстың меценаттары әртүрлі әлеуметтік маңызы бар нысандарды салды, қалалар мен ауылдарды, сондай-ақ, өскелең ұрпақты дамытуға бағытталған жобаларды іске асырды. «Кіші Отанды» дамытуға бағытталған «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттарды тарту арқылы 2019 жылы 5,5 миллиард теңгеге 591 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды.
Облыс республикада бірінші болып Ресей Федерациясының (Омбы және Түмен облыстарының этникалық қазақтары) оқушылары мен педагогтарына арналған киелі нысандар бойынша өлкетану экскурсияларын өткізді.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында «Көкшетау-Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында өлкенің тарихи тұлғаларына (халық әншілері мен композиторлары Үкілі Ыбырай, Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Қазақ хандығының соңғы ханы, Ұлы Абылай ханның немересі Кенесары хан) 5 ескерткіш орнатылды, Степногорск қаласында Қажымұқан Мұңайтпасовқа ескерткіш орнатылды. Өткен жылдың маңызды оқиғасы Көкшетау қаласында «Домбыра» архитектуралық композициясының ашылуы болды.
Бүгінде облыста бағдарлама аясында мұражайлардың инфрақұрылымын жаңғырту, кітапханаларда кітап қорларын цифрландыру, көрнекті тарихи тұлғаларды танымал ету және басқа да іс-шаралар жалғасуда.
Арнайы жоба аясында біздің ғалымдар мен мамандар аймақтың киелі нысандары бойынша қосымша материалдар жинағын өткізді, оның қорытындысы бойынша «Тоғыз әулие» нысаны (Астрахан ауданында) жалпы ұлттық тізімге кірді.
«Жаңа гуманитарлық білім» платформасын қалыптастыру контексінде облыс ғалымдары 2 ғылыми-практикалық конференция өткізді, қазақ тіліне аударылған 30 кітап пен оқу құралының тұсаукесер сериясын бастады.
Жастарды өлкенің көрнекті тұлғаларын, тарихы мен әдебиетін зерттеуге тарту мақсатында «Көкше аңыздары» кітабы, Біржан сал шығармашылығына арналған «Сал-серілер» сериясының 2 томы, сондай-ақ, облыс ақындары мен жазушыларының аудиокітаптар сериясы шығарылды.
«Архив-2025» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде облыста цифрланған әдебиет таралымын ұлғайту үшін шағын баспа орталығы бар «Сандық зертхана – цифрлық зертхана» жаңа жобасы іске қосылды, онда өңір тарихымен байланысты бұрын зерттелмеген құжаттар бойынша кітаптар мен жинақтар шығарылды.
«Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша облыстың шығармашылық ұжымдары Польшада, Италияда, Австрияда, Ресейде, Кабардино-Балкар Республикасында, Түрік Республикасында өткен халықаралық байқауларға қатысып, Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра эмиратындағы халықаралық көркем фестивалінің, Татарстан Республикасындағы «диалог кеңістігі» ұлттық театрларының Халықаралық фестивалінің дипломаттары болды.
Бұдан басқа, өңірде елде баламасы жоқ сандық құралдарды қолдана отырып, «Smart «Рухани жаңғыру» мобильді жобасы жүзеге асырылды, 3D графиканың жаңа ақпараттық технологияларын қолдана отырып, «Рухани жаңғыру» порталы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтер

Маңызды міндет – халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
2019 жылы 5 миллион мемлекеттік қызметтердің 93 пайызы электронды түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде өткізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2019 жылдың қортындысы бойынша Ақмола облысы республика өңірлерінің арасында халыққа қызмет көрсету сапасы бойынша 1-ші орынға ие болды (халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі – 87,6%).
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілерінің алдын алу және қысқарту жөніндегі жұмыстың тиімділігі жақсарды.
Заңнама талаптарын бұзу фактілерінің төмендеуіне арнайы оқыту, семинарлар, кеңестер сияқты өткізілген алдын алу іс-шаралары есебінен қол жеткізілді. Облыс бойынша барлығы 708 іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға уәждемені күшейту және мүмкіндіктері туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жандандырылды.
Қажетті ақпарат БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланды, сондай-ақ, көрнекі ақпарат пайдаланылады. Барлығы 1464 материал жарияланды, облыстың әрбір елді мекенінде «электрондық үкімет» жұмыс істейді. Баннерлер орналастырылған.
Ауылдық елді мекендерде 259 мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өткізілді.

«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ»

Ақмола облысында мемлекеттік органдар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына арнаған Жолдауында ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» тұжырымдамасын белсенді жүзеге асыруда.
Осы Тұжырымдама шеңберінде барлық мемлекеттік қызметшілердің алдына бірінші кезектегі міндет – халықты толғандыратын проблемалық мәселелерді жедел және тиімді шешу үшін халыққа жақын болу.
Өңірде осы тапсырманы орындау үшін барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Халықпен кері байланыс механизмі оң жолға қойылған.
2019 жылғы 21 қарашада Бірыңғай (Ұлттық) азаматтарды қабылдау күні жалпы республикалық іс-шара аясында облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, облыстық басқармалар, департаменттер мен құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
2019 жылы Ақмола облысы әкімінің аппаратына 3241 жазбаша өтініш келіп түсті (2018 жылы – 2495), оның ішінде жеке тұлғалардан – 1711(2018 жылы – 1127), заңды тұлғалардан – 1530 (2018 жылы – 1368).
2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазбаша өтініштер саны 746 бірлікке артты. Өсім 1,3 есені құрады.
Облыс әкімінің ашық диалог порталында 2019 жылы 13 интернет-конференция ұйымдастырылып, азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді.
Бүгінгі таңда әрбір тілек білдірушінің мемлекеттік органның немесе оның бірінші басшысының аккаунтына Фэйсбук, Instagram және мессенджер телеграммалардың барлық қолжетімді әлеуметтік желілері арқылы сұрақ қою және ұсыныс енгізу мүмкіндігі бар деп сеніммен айтуға болады.Сондай-ақ, халықпен өзара іс-қимыл жасау үшін қосымша диалог алаңдары құрылды. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік желілерде көп балалы және аз қамтылған отбасылармен диалог үшін «Асыл ана» қоғамдастығын құрды.
Интернет-кеңістікте сыни сипаттағы материалдарға жедел әрекет ету бойынша да жұмыс жүргізілуде.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мемлекеттік органдардың алдына белгіленген проблемаларды шешуге бағытталған шаралар туралы халықты ақпараттандыру міндеті қойылды.
Облыс тұрғындары арасында көптеген жылдар бойы ашық есік күндерін өткізу және мемлекеттік органдардың облыстың елді мекендерінде азаматтардың көшпелі қабылдауларын ұйымдастыруы танымал болды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай жұмыс механизмі халықтың көкейкесті мәселелерін тиімді және ең бастысы жедел шешуге мүмкіндік береді. Осы жұмысты күшейту үшін әр елді мекенде тұрақты негізде осындай кездесулер өткізу жоспарлануда.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет көрсететін орган болуы тиіс.
Қоғамдық тәртіп пен заңдылықты бұзуға байланысты 132 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық 2019 жылы көшелер мен қоғамдық орындарда анықталды.
Қоғамдық тәртіпті сақтауға құқық қорғау бағытындағы 243 қоғамдық құрылымдар белсенді қатысады, жалпы саны 1100 адам, оның ішінде 149 «Сақшы» отряды, ЖОО, колледж студенттері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт органдарының жас қызметкерлері қатарынан 24 жедел-жастар жасағы, 70 Қоғамдық кеңес, әр түрлі кәсіпорындар мен ұйымдардан 1606 қызметкер. Есеп беру кезеңінде 620 қылмыс ашылып, 2700 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысқаны үшін 248 азамат марапатталды. Пәтер ұрлығы 7,4 пайызға, мал ұрлығы 0,3 пайызға төмендеді.
Азаматтардың өтініштері бойынша оқиға орнына жедел әрі дер кезінде шығуды жақсарттыру мақсатында облыстық полиция департаментінің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2019 жылы 35 бірлік қызметтік автокөлік сатып алынды, автокөлікпен жабдықтау 79,7 пайызды құрады.
Полиция қызметкерлерін жол қауіпсіздігі желісі бойынша әкімшілік хаттамаларды толтыру үшін пайдаланылатын электрондық планшеттермен қамтамасыз ету жалғасуда, бұл полиция қызметінің жедел және ашық болуын қамтамасыз етеді. 2019 жылы 419 дана планшет сатып алынды, олармен қамтамасыз етілуі 64 пайызды құрады, толық жарақтандыру 2020 жылы аяқталады.
Облыста барлығы ЖП ЖБО 144 сыртқы бейнебақылау камерасы, «Қазақтелеком» АҚ 1070 Бұлтты бейнебақылау камерасы жұмыс істейді.
Облыс орталығында Н.Назарбаев-Уәлиханов, Н.Назарбаев- Е.Әуелбеков, Н.Назарбаев-М.Әуезов, Ш.Уәлиханов-Кенесары, Ш.Уәлиханов-Юбилейный, Абылай-хан даңғылы-«Жәрдем» жанар-жағар май құю станциясы көшелерінің қиылысында автоматты режимде жұмыс істейтін 6 зияткерлік жол қозғалысын бақылау жүйесі жұмыс істейді.
Сонымен қатар, ЖП ЖБО-ға әуежай, вокзал, ҚАЖД және оқу орындары ғимараттарының 70 камерасы қосылған.
Жол қозғалысын бақылауды күшейту үшін, облыс орталығының жолдарында 2019 жылы 5 камера орнатылды және 24 ескірген камера ауыстырылды.
Облыс өңірлерінде 235 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылды (Ақкөл – 63, Жақсы – 24, Шортанды – 21, Егіндікөл –
20, Ерейментау – 19, Атбасар – 11, Жарқайың – 11, Астрахан – 10, Целиноград – 9, Есіл – 9, Зеренді – 6, Бұланды – 4, Сандықтау – 4, Степногорск – 16).
2019 жылы жол қозғалысы ережесі мен іздестіру іс-шараларын бекіту үшін 2 бірлік «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені сатып алынды.
Есепті жылы 4,7 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 430 борышкер іздестірілді, атқарушы құжаттар бойынша 81 көлік құралы ұсталынды, салықтар бойынша берешектері бар 554 азамат хабарландырылды.
2020 жылы жол қозғалысын бақылау мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды тіркеу стационарлық 10 зияткерлік жүйесін, «Автоураган» сатып алу жоспарлануда, бұлар қалаға кіру мен шығу, қала көшелерінің қиылыстарында орнатылып жатыр.
Полицияның саптық бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 106 радиостанция, 100 бейнетіркегіш, 1 бағдарламалық-аппараттық кешен және басқалары сатып алынды.
Аталған шаралар көшелерде қылмыс санын 21,4 пайызға, қоғамдық орындарда 1,2 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.
2020 жылы 25 қосымша камера орнату және 24 ескірген аналогтық және қозғалмайтын сандық камераларды ауыстыру жоспарланған.

2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруды жалғастыруға бағытталған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтижелеріне қол жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
1. Индустриялық секторда ағымдағы жылға арналған міндеттер:
— өнеркәсіптік өндіріс өсуінің оң қарқынын сақтауды қамтамасыз ету;
— технологиялық жаңғырту мен цифрландыруға байланысты бұрын жүзеге асырылған және енгізуге жоспарланған іс-шаралар есебінен ірі кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету;
– басым секторларда-химия, құрылыс индустриясы, тамақ өнімдерін өндіру және машина жасау салаларында өсу резервтерін барынша пайдалану, бұл тұрақты жұмыспен қамтуды, лайықты жалақы деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2.Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі міндеттер:
— сұранысқа ие дақылдар алқаптарын, суармалы жерлерді 28,5 мың гектарға дейін кеңейту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту;
— мал шаруашылығы саласында мал бордақылау алаңдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыру;
— елорданың азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру;
— Нұр-Сұлтан қаласына сүт өнімдерін (114,1 мың тонна), ет және ет өнімдерін (29 мың тонна), тағамдық жұмыртқаны (279 млн. дана) жеткізуді қамтамасыз ету.
3. 2019 жылдан төмен емес деңгейде негізгі капиталға инвестициялар тартуды қамтамасыз ету.
2020 жылы жүзеге қосу мерзімімен кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша іске асырылатын жобаларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету.
4. Тұрғын үйді пайдалануға беру 542 мың шаршы метрден кем емес.
2020 жылы 22 көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда – 19 жалгерлік (Көкшетау, Степногорск, Макинск, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Степняк, Державинск қалаларында, Егіндікөл ауылдарында, Қосшы, Ақмол ауылдарында) және 3 несиелік (Көкшетау қаласында, Бұланды ауданында).
5. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қол жеткізуді арттыру мақсатында 2020 жылы 26 елді мекенде 31 жобаны аяқтау жоспарлануда. Облыс бойынша қалалар мен ауылдарда барлығы 1022 шақырым сумен жабдықтау, 119 шақырым су бұру желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.
6. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде облыстың 54 елді мекенінде тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді.
Сонымен бірге, азаматтық қорғау органдарының барлық күштері мен құралдарын әзірлеу және облыстың елді мекендерінен қарды тазалау және шығару, өзен арналарын, су өткізу құрылыстарын тазалау бойынша алдын ала су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу қажет.
7. Жол картасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша көзделген іс-шаралар кешенін іске асыру.
8. Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын, оның ішінде «қарапайым заттар экономикасын» кредиттеу тетігін іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту.
9. Туризм саласында келесі негізгі міндеттер белгіленген:
— туристік дестинациялардың объектілері мен көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету;
— туризм саласындағы маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларды іздеу және тарту;
— Қазақстан өңірлерімен және шектес аумақтарымен, оның ішінде XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде (Көкшетау қ., 2020 ж.) ынтымақтастықты кеңейту;
10. Білім беру саласындағы негізгі міндеттер:
— білім сапасын арттыру, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша жұмысты жалғастыру;
— мемлекеттік балабақшалардың 100 пайыз жабдықталуын қамтамасыз ету, білім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын уақытында жүргізу;
— еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып мамандарды даярлау.
11.Денсаулық сақтау саласындағы ағымдағы жылға арналған міндеттер:
-Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралары мен көрсеткіштерін орындау;
-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу,
— көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру,
-әлеуметтік маңызы бар аурулар мен олардан өлім-жітім көрсеткіштерін төмендету,
-дәрігерлер кадрларының тапшылығын төмендету және басқа да бірқатар іс-шаралар.
12. Жұмыспен қамту саласындағы негізгі міндеттер:
— жаңа жұмыс орындарын құру;
— өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың белсенді шараларына тарту;
— атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы және кепілді әлеуметтік пакетті енгізу бойынша аз қамтылған отбасылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
— барлық санаттағы мүгедектер үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бейімдеу іс-шараларын өткізу;
— жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайыз деңгейінде сақтау.
13. Спорт саласындағы міндеттер:
— дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар санын 30 пайызға дейін арттыру және қазіргі заманғы спорт нысандарының желісін кеңейту.
14. Ішкі және жастар саясаты саласында саясатаралық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді және өңір жастарының рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған жұмыс жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Еріктілер жылының салтанатты ашылуында берген тапсырмаларын ескере отырып, мемлекеттік жастар саясатының негізгі басымдықтары іске асырылатын болады.
15. Степногорск моноқаласының даму әлеуетін одан әрі арттыру.

 

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар