Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ хандығы – Алтын Орда мемлекеттілігінің тікелей мұрагері - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ хандығы – Алтын Орда мемлекеттілігінің тікелей мұрагері

Қадыржан ӘБУЕВ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Әлем тарихына Шыңғысхан екінші мыңжылдықтың Адамы ретінде енгені баршаға мәлім. Ол өзінің көзі тірісінде бүкіл жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөрте ханымнан туған төрт ұлына бөліп берген. Үлкен ұлы Жошының иелігіне Дешті Қыпшақ даласы және Батысқа қарай Моңғол атының тұяғы тиген жерлерді берген. 1227 жылы Жошы хан қайтыс болғаннан кейін, оның мұрагерлігі қай баласының иелігіне өтетіні белгісіз болды. Осы мәселені шешу үшін Шыңғыс хан Жошының 17 ұлының ішінен үшеуін өз ордасына шақыртты.

Олар – Орда Ежен, Бату, Шайбан болды. Осы аты аталған немелеріне үш киіз үй тұрғызылды: біреуі – босағасы алтындатылған ақ киіз үй, екіншісі – күмістетілген көк киіз үй, үшіншісі – темірлетілген боз киіз үй. Біріншісіне – Батуды, екіншісіне – Орда Еженді, үшіншісіне – Шайбаниды орналастырды. Сонымен, ұлы хан Жошының мұрагері ретінде Бату немересін тағайындағаны белгілі болды.
1227 жылы Шыңғысхан дүниеден өткеннен кейін, бүкіл моңғол құрылтайының шешімімен, оның мұрагері болып Үгедей хан тағына отырды. Ол 1236 жылы құрылтай жиналысын шақырып, Батысқа жорық жасауды ұйғарды және оған қолбасшы етіп Бату ханды, оған көмекші ретінде 11 ханзаданы тағайындады. Бату хан бастаған бұл жорық 1236-1242 жылға созылды. 1236 жылы Бату хан әскері Еділ Болғарларының елін, Батыс Қыпшақтардың жерін, 1237 жылы Русь князьдіктерін жау-
лап алды. Осыдан кейін, Батысқа жорығын 1242 жылы Шығыс Еуропаны өзіне бағындырғаннан кейін, бүкіл жаулап алған жерін билейтін Ұлық Ұлыс мемлекетін орнықтырды. Бұл мемлекет XVI ғасырдан бастап, Ресей тарихнамасына Алтын Орда деген атпенен енгізілді.
XV ғасырдың орта шенінде 200 жылдай өмір сүрген Алтын Орда мемлекеті Әмір Темірдің ауыр жорықтарынан кейін құлдырап, бірнеше хандықтарға бөлініп, ыдырап кетті. Сондай мемлекеттердің бірі – Қазақ хандығы. Оның негізін қалаған Алтын Орданың соңғы ханы Барақтың ұлы Абу Сайд оғлан болды. Ол тарихта Әз-Жәнібек (1420-1477) атымен танылатын болды. Ол өзінің немере ағасы Кереймен 15 ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығының негізін қалады. Қазақстан тарихында «Әз» атағы тек екі ханға ғана берілген. Олар Жәнібек хан мен Тәуке хандар. «Әз» сөзі қазақ тілінің сөздігінде «сыйлы, құрметті» деген мағына білдірсе, ал қазақ-орыс сөздігінде «данышпан» деген мағынаны білдіреді. Осы «Әз» сөзінің қосылуына байланысты Шоқан Уәлиханов былай дейді: «Аңыз бойынша Жәнібек хан білікті, ақылды, данышпан билеуші болғандықтан, қырғыздар оны Әз Жәнібек деп атаған және оның уәзірі өте ақылды және қызыл тілші – Жиренше Шешен болған деседі». Егер Жәнібек ханның данышпан, әділ және сый құрметке ие болған хан екені туралы барлық деректі ескерсек ол басқа авторлардың дерегімен де сәйкес келеді.
Жәнібек ханның 1465-1477 жылдары қазақ Хандығында билік еткені белгілі. Ол төре (Шыңғыс тұқымдары) тұқымдарынан тараған, оның арғы атасы Жошы хан, ал бергі атасы – Орыс хан болған. Кейбір деректерге қарағанда Орыс хан Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен тараған делінсе, ал басқа деректер бойынша Жәнібек Жошы ханның кіші ұлы Тұқай Тимурдан тараған деп көрсетілген.
Әбілғазы Бахадыр ханның шежіресі бойынша Жәнібектің шежіресі былай сипатталады: Шыңғыс хан – Жошы хан – Тұқай Тимур – Үз-Тимур- Бадағұл Оғлан – Орыс хан – Құйыршақ хан – Барақ хан – Абу Саид (Жәнібек хан). Бұл деректерді шығыс авторлары Өтеміс қажы, Махмұд вен Уәли, Қадырғали Жалайыри, Шәкәрім Құдайбердіұлы да растайды. Жәнібек хан Орыс ханның немересі екендігі ешқандай күмән тудырмайды. Айтпақшы осы атау қазақ әдебиетінде әр түрлі аталады, мысалы: Өріс («Выпас» – Қазақстан Энциклопедия), ал, басқа деректерде «Ұрыс» – шайқас деген мағынаны білдіреді. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, ол туылған кезде оған Мұхаммед деген мұсылман есімі берілген, бірақ оны Орыс деп атап кеткен. Олай атауының себебі қазақтарда шашы ашық түсті ноғайларды және көк көзділерді орыс деп атаған. Мысалы: Брокгауза мен Ефрон энциклопедиясында былай делінген: «Орыстықтар –Едіге манғытқа жоғарылайтын князьдік ұрпақтар».
Жәнібек ханның туған күні мен қайтыс болған күні туралы нақты дерек жоқ, алайда, оның жас мөлшерін анықтай алатын жанама мәліметтер бар. Тарихи деректерге қарағанда оның әкесі – Алтын Орданың соңғы ханы Барақ батыл және іскер болған. Барақ хан туралы Қадырғали Жалайыри былай жазады: «Алып денелі, нағыз батыр. Қысқа уақыт ішінде ол көптеген шекаралас ұлыстарды өзіне бағындырды. Соңында ол Еділ (Волга) аңғарындағы Қас наурыз деген жердегі шайқаста қаза тапты». Бұл шайқастың 1428 жылы болғандығын ескерсек Жәнібек ханды 1420 жылы туылды деуге толықтай негіз бар. Ал, егер ол 1420 жылдан бұрын туылған болса әкесінің өлімінен кейін бірден оны хан сайлауы тиіс болатын еді.
Халық даналығында: «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» дейді, оның мағынасы отбасында қандай тәрбие алсаң сондай адам болып шығасың. Орыс ханның ұрпақтарының әкелерінің ошағында балаларын елінің нағыз патриот азаматы, өз халқының қамын ойлайтын ақылды билеуші тәрбиелеу дәстүрге айналған. Сонымен қатар, Жәнібек әкесінен ерте айырылып жетім қалуы да оны одан әрі шыңдай түсті.
Жәнібек ханның тарихтағы ұлы тұлға болғандығы туралы дәлелдейтін деректер көбінесе шығыс авторларының еңбектерінде кездеседі. Ең алдымен оның есімі қазақ хандығының құрылуы туралы баяндайтын еңбектерде және қазақ хандарының шежіресінде кездеседі. XIV ғасырдың соңында Алтын Орданың әлсіреуіне байланысты осы аумақта Казань хандығы, Қырым хандығы, Астрахань хандығы, Ноғай Ордасы, Ақ Орда сынды бірқатар мемлекеттер қалыптасты. Жәнібектің әкесі Барақ хан қысқа уақыт ішінде астанасы Сарайшық болған Ақ Орда мен Алтын Орданы біріктірді, алайда, оның өлімінен кейін Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі Тұқайтимурлықтардан Жошы ханның бесінші ұрпағы Шабанилерге көшті.
XV ғасырдың І ширегінде Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында тарих сахнасында Шайбани Әбілхайыр пайда болды.
1428 жылы жергілікті тайпалардың қолдауымен Сібірдегі Тура қаласында хан сайланды. Өзінің қарсыластарын жеңген Әбілхайыр территориясын оңтүстікте Сырдарияға дейін кеңейтті және ел орталығын бұрынғы Ақ Орда астанасы Сығанақ қаласына көшірді. Әбілхайырдың тоқтаусыз соғыстары мемлекеттің әлсіреуіне әкеліп соқты. Ақ Орда құрамына кіретін тұқайтимуридтердің билігі сақталып қалған оңтүстік аудандарды өзіне бағындыру Әбілхайырға қиындық туғызды. Бар күшімен уақыты соларды бағындыруға жұмсалды. Әбілхайыр ханның билігінің әлсіреуі 1457 жылы Сығанақ түбінде оның қалмақтардан ойсырата жеңіліп олармен бітім жасасқанынан байқалады.
Қалыптасқан этносаяси жағдайға байланысты ру-тайпалық ақсүйектердің Әбілхайыр ханға бағыныштылықтан шығуға тырысу күшейе түсті. Өзінің немере ағасы Керейдің қолдауымен Алтын Орданың соңғы ханы Барақтың ұлы Жәнібек ханға қарсы наразылықтарды басқарды. Бүлікші сұлтандарды Жәнібек ханның әкесі Барақ ханға адал болған ру тайпалардың бір бөлігі қолдады. Ортағасырлық көшпелі өмірде ханның иелігінен бөлініп шығуы наразылық нысаны ретінде жиі болатын құбылысқа айналды. 1459 жылы Жәнібек сұлтан мен Керей сұлтандар соңына енген ру-тайпалар мен біріге отырып Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып Моғолстан жеріндегі Жетісудың шығысына қоныстанды. Сұлтандар мен олардың қол астындағылардың Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығуына Қобыланды батыр мен Ақжол бидің арасындағы келіспеушілік себеп болды деген дерек бар. Жазба деректерге сүйенетін болсақ, 1457 жылы Әбілхайыр қалмақтарға қарсы соққы беру үшін әскер жинақтаған, сонда Жәнібек пен Керей шайқасқа қатысудан бас тартып соңы Әбілхайыр әскерінің жеңілуімен аяқталған. Осыған байланыс-ты сұлтандарға және Орыс ханның ұрпақтарына Әбілхайыр ханнан қауіп төніп, Керей мен Жәнібек өз адамдарымен Өзбек хандығынан бөлініп шығуға мәжбүр болды.
Ортағасырлық автордың трактаты «Тауарих – и Гузида нусрат нама» еңбегінде Жәнібек пен Керей жақын туыс болмағандықтары туралы айтылады. Керей ханның шежіресі («Кирей хан» дерек көзінен) былай көрсеткен: Орыс хан – Тохтахия – Болад – Керей хан. Орыс хан Керей мен Жәнібек ханның арғы тегі болған. Тарихи дерек көздерінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың қайсысы үлкен болғандығы нақты айтылмаған. Алайда, Жәнібек ханның әкесі, хан болған Құйыршақтың баласы Барақтың ұлы екені белгілі.
Керей Жәнібек ханнан үлкен болған, алайда, Керейдің әкесі Полад хан болмаған. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттерде тақ мұрагерлігі туралы қатаң заң болмағандықтан билік үшін талас тартыстар жиі болып тұрды. Әдетте хан қайтыс болған соң оның тағы әкеден балаға өтетін болған, алайда, хан өлген соң ұлы емес бауыры немесе шыңғыс тұқымынан шыққан беделді дала ақсүйектерінің қолдауына ие болған сұлтандардың да таққа отыруы кездеседі.
Қазақ тарихнамасында Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын бір уақытта билегені туралы айтылған. Ал, әлемдік тарихта мұндай жағдай болмаған, керісінше ағайындылар билік үшін күресіп бір-бірін жойып жіберетін болған.
Мысалы: Египеттің атақты билеушісі Клеопатра өзінің ағасы мен әпкесін өлтірді. Мұндай мысалдар Алтын Орда тарихында да кездесіп тұрған. Солардың бірі: Бердібек хан таққа отырған соң әкесін тұншықтырып өлтіріп, таққа талас болмау үшін бауырларын өлтірді. Осыған ұқсас жағдайлар қазақ хандығының тарихында да болған. XVII ғасырдың басында қазақ хандары Тұрсын мен Есім билік үшін күресті. Бұл шайқас Тұрсын ханның өлімімен және Есім ханның бір орталыққа бағындырған хан болуымен аяқталды.
Осы жағдайларға байланысты келесі дерек көздерін де ескерсек: қазақ хандарының шежіресі туралы баяндалатын атақты би Қадір Әли-бек (Қадырғали) Жалайырдың (1530-1605жж) «Жамиғат Тауарих» (шежірелер жинағында) атты еңбегінде Керей хан туралы айтылмайды. Сонымен қатар, Керей ханның есімі Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» шығармасында да аталмаған. «Қазақ хандарының тарихы» бөлімінде мынадай хандар көрсетілген: «Шыңғыс хан – Жошы хан-Тұқай Тимур – Қожа Бадағұл оғлан – Орыс хан – Құйыршық хан – Барақ хан – Абусағит (лақап аты Жәнібек хан)». Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ хандарының шежіресі» еңбегінде де басқа қазақ шежірелерінде де кездеспейді. Осы деректерге сүйене отырып қазақ хандығының алғашқы ханы Жәнібек екендігіне толық негіз бар. Бұл деректерді растау мақсатында Шоқан Уәлихановтың келесі айтқандарын келтіруге болады:
«Қырғыздардың (қазақ) аңызы бойынша Орыс жылнамаларында қазақтың алғашқы ханы Жәнібектің туған жері және осы дәуір туралы түсінік беретін аздаған хронологиялық деректер келтірілген».
Сырдарияның төменгі ағысындағы қалалармен тығыз байланыста болған Оңтүстік Қазақстандағы тайпалардың бір бөлігі және бұрын Барақ ханға бағынышты болғандар Ақ орда хандығының әулетінің билігін қайта қалпына келтіруге тырысты. Қақтығыстардың жиі болып тұруы сауда мен қалалық өмірдің дамуын тежеп тайпалардың халық болып қалыптасуына кері әсерін тигізді. Осындай саяси бытыраңқылық жағдайда Жәнібек пен Керейдің жеке хандық құруға тырысуы аймақтағы тайпалардың көңіл-күйіне тікелей әсер етті. Ауыл мен қала тұрғындарының Әбілхайыр ханның елді билеуіне наразылығы 1457 жылы ойраттармен Сығанақ түбінде болған шайқаста жеңілуіне байланысты өрши түсті. Жәнібек пен Керей бастаған тайпалар мен рулар 1459 жылы Әбілхайыр хандығынан бөлініп Шу өзенінің аңғарына қоныстанды. Бұл туралы ортағасырлық қазақ авторы Мұхаммед Хайдар Дулати өз еңбегінде былай жазған: «сол кездері Әбілхайыр хан Дешті Қыпшақты толықтай қол астында ұстады. Ол жошылық – сұлтандар Жәнібек пен Керейге шабуылдап соңында сұлтандар хандықтан қашып Моғолстанға кетуге мәжбүр болды. Есен бұға хан Жәнібек пен Керейді құшақ жая қарсы алып Моғолстанның батыс бөлігіндегі шу өзені бойындағы Қозыбасы деген жерді берген».
Жәнібек пен Керейдің соңынан Әбілхайыр ханның саясатына көңілі толмайтын көшпелі рулардың біраз бөлігі ерген. Бұл туралы ортағасырлық автор Махмуд Бен Әмір Уәли былай жазады: «Жәнібек пен Керей хандар тоқтаған әрбір аумақта Әбілхайыр ханға қарсы билік өкілі болсын немесе әскерилер болсын барлығы да сұлтандардан пана тапқан».
Кейбір деректер бойынша Әбілхайыр хан өлген соң қоныс аударушылардың саны екі жүз мыңға жеткен және оларды өзбек-қазақ деп атаған. Қазақ сұлтандарының қазақ хандығын билеуі 870 (1465-1466 жж.) басталады. М.Х.Дулатидың еңбегі бойынша қазақ хандығы 1465 жылы құрылған және оның алғашқы ханы Әз Жәнібек болды деуге толықтай негіз бар. Жәнібек пен Керейдің соңына еріп Жетісуға қоныс аударған қазақ рулары орта жүз бен ұлы жүз қазақтарының бірігуін тудырды.
Кейінгі ортағасырларда нақтырақ айтқанда ХV ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мыңжылға созылған қазақ руларының халық болып қалыптасуы мен этникалық аумағының анықталуының аяқталуында зор рөл атқарды. Қазақ хандығы Ақ Орда мен Өзбек хандығының тікелей мұрагері болды. Кейіннен Жәнібек хан мен оның ұлы Қасым ханның көреген саясатының арқасында қазақ хандығының құрамына кіші жүз қазақтары да қосылды.
Күні кешеге дейін Әз Жәнібек хан 1477 жылы қайтыс болып Сарыайшық қаласында жерленді деп айтылып келді. Алайда, 2009 жылғы Есіл археологиялық экспедициясының қорытындысы бойынша Жәнібек хан Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы Жәнібек-Шалқар көлінің жағасында жерленген. Осы аймақта Жәнібек ханға арнап кесене тұрғызылған. Ол қайтыс болған соң Керей хан сайланды, ал оның өлімінен соң 1480 жылы ұлы Бұрындық хан сайланды. Осылайша Жәнібек ханның және оның ізбасарларының тұсында қазақ хандығы құрылып нығая түсті.
Қазақ хандығының алдағы уақыттағы тағдырында 9 ұл болған Жәнібектің ұрпақтары маңызды рөл атқарды. Олар: Иренші, Махмұт, Қасым, Адик, Жаныш, Қамбар, Таныш, Өсік және Жәдік. 1580 жылдан бастап хандықты билеу Жәдік сұлтанның ұрпақтарына өтті. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына Жәдік сұлтанның ұлы Шығай хан отырды. Одан кейін Тәуекел хан (1582-1598жж), Есім хан (1598-1621жж), Жәңгір хан (1621-1652жж), Тәуке хан (1650-1716жж), Қайып хан (1716-1718жж), Болат хан (1718-1730жж), Сәмеке хан (1730-1737), Әбілмәмбет хан (1737-1771жж), Абылай хан (1771-1781жж), Уәли хан (1781-1821жж), Кенесары хан (1841-1847) билікке отырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар