Өткен жылы Жарқайың ауданының негізгі капиталына 5,3 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған еді.
Биылғы жылы 5,4 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылады. Оның ішінде сүт өндіретін цехы, элеватор, балалардың ойын-сауық орталығы, астық қабылдау кәсіпорыны бар. Жуырда Державинск қаласында биылғы жылғы жоспарға енгізілген инвестициялық жоба іске қосылып, жаңадан салынған «Ажар» мейрамханасы өз қонақтарына есігін айқара ашты. Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Балпан құттықтау сөз сөйлеп, жеке кәсіпкерге жылы лебізін білдірді. Екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында бизнес орталығы, «BABY LAND» балалар ойын алаңы, тігін шеберханасы орналасқан. Бұл инвестициялық жобаның құны 70 миллион теңгені құрайды. Қазіргі заманғы үлгідегі тойхана 200 орынға есептелген.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.