Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Б А С П А С Ө З - Х А Б А Р Ы - АРҚА АЖАРЫ

Б А С П А С Ө З — Х А Б А Р Ы

2019 жылғы желтоқсан айы бойынша Ақмола облысындағы инфляция және қаржы нарығындағы жағдай туралы

Инфляция, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және алтын валюта резервтері.
Ақмола облысының статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2019 жылғы желтоқсанда облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 105,1 пайызды, 2018 жылдың тиісті кезеңінде – 104,9 пайызды, республикалық мағынада – 105,4 (105,3 пайызды) құрады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,2 пайызға төмендеді, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,0 пайызға, азық-түлік тауарлары – 9,6 пайызға қымбаттады.
2019 жылғы 10 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме жылғы 9,25 пайызды құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 2,0 пайызға өсті, 91,0 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 29,0 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері 62,0 миллиард АҚШ долларын құрады.
Облыстағы қаржы нарығының жағдайы.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттарымен екінші деңгейлі банктердің 16 филиалы және «Қазпочта» АҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Көкшетау ҚПБТ бар.
Валюта нарығы. 2019 жылдың желтоқсан айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 383,86 теңгені, еуроға – 426,13 теңгені, ресей рубліне – 6,10 теңгені құрады.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында 91 айырбастау пункті жұмыс істейді, оның ішінде: 58 банк филиалдарының, 24 уәкілетті ұйымның 33 айырбастау пункті бар.
2019 жылғы желтоқсан айында облыстағы айырбастау пункттері 13,3 миллион АҚШ долларын, 1,4 миллион еуро және 476,9 миллион ресей рублін сатты.
Депозит нарығы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 180,0 миллиард теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,6 пайызға өсті, өткен аймен салыстырғанда 5,3 пайызға өсті.
Депозиттердің жалпы сомасында теңгемен салынған депозиттердің үлес салмағы 77,3 пайыз.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 8,69 пайыз, шетел валютасы бойынша – 1,05 пайыз болып қалыптасты.
Облыс халқының жан басына шаққандағы депозиттердің орташа мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 243,7 мың теңгені құрады.
Кредит нарығы. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 212,3 миллиард теңгені құрады, бұл 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдайдан 7,6 пайызға аз, ал өткен аймен салыстырғанда 3,7 пайызға өсті.
2019 жылғы желтоқсан айында облыс банктері сомасы 20,8 миллиард теңгеге кредит берді, бұл 2019 жылғы қараша айынан 26,8 пайызға көп.
2019 жылғы желтоқсан айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 14,8 пайызды, шетел валютасындағы кредиттер бойынша – 7,0 пайызды құрады.
Кредиттерді долларландыру деңгейі берілген кредиттердің жалпы көлемінен 2,9 пайызды құрады.
Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 71,0 миллиард теңгені құрады. 2019 жылғы желтоқсан айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің көлемі 2019 жылғы қараша айымен салыстырғанда 2,9 пайызға өсіп, 7,2 миллиард теңгені құрады.
Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 41,6 миллиард теңгені құрады. 2019 жылғы желтоқсан айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 1 964,7 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы қараша айымен салыстырғанда 20,2 пайызға немесе 330,7 миллион теңгеге өсті.
Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2020 жылғы 1 қаңтарға 44,3 миллиард теңгені құрады. 2019 жылғы желтоқсан айында сомасы 3,8 миллиард теңгеге кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы қараша айымен салыстырғанда 72,7 пайызға (2019 жылғы қарашада – 2,2 миллиард теңге берілді) азайды. Орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 11,2 пайызды құрады.
Төлем карточкалар нарығы.
Айналымдағы төлем карточкаларының саны 2020 жылғы 1 қаңтарға 810,3 мың бірлікті құрайды, өткен аймен салыстырғанда 0,2 пайызға азайды, республикалық көлемнен 2,5 пайызды құрады, Ақмола облысы бойынша бұл карточкаларды ұстаушылар саны 766,6 мың адамды құрады, өткен аймен салыстырғанда 5,8 пайызға өсті.
2019 жылғы желтоқсан айында төлем карточкалары пайдаланылған транзакциялар көлемі 65 338,1 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 26,2 пайызға өсті). Транзакциялар саны 3 142,2 мың транзакцияны құрап, 23,9 пайызға өсті. Қолма-қолсыз төлемдер саны 26,4 пайызға өсіп, 2 193,6 мың транзакцияны құрады, сомасы 37,3 пайызға өсіп, мөлшері 26 539,3 миллион теңгені құрады. Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 18,5 пайызға, саны 948,6 мыңға дейін өсті. Сомасы 19,6 пайызға өсіп, мөлшері 38 798,8 мың теңгені құрады.
2020 жылғы 1 қаңтарға төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі мына түрде ұсынылған: 3 643 POS-терминал (2019 жылғы 1 желтоқсанға – 3 576), 345 (347) – банкомат, 2 386 (2 310) төлем карточкаларын қабылдайтын сауда кәсіпорны және қызмет көрсететін кәсіпорын, 575 (573) банк киоскісі және төлем терминалы.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар