Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың төрағалығымен аудандық әкімдікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде семинар-кеңес болып өтті.
Жақсы, Есіл және Жарқайың ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының басшылары мен мамандары қатысқан кеңесте 2019 жылдың қорытындылары мен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту жөніндегі 2020 жылдың жоспары жөнінде айтылды.
Басымдық дақылдар себілетін алқаптардың көлемін кеңейту, егіс алқаптарының құрылымы, етті мал шаруашылығын дамытудың жоспарлы көрсеткіштерін орындау, ауыл шаруашылығына бағытталған жерді тиімді пайдалану, елді мекендердің шекарасын белгілеу, тұрғындарды жайылым жермен қамтамасыз ету, алқаптардың электрондық картасын цифрландыруды аяқтау, су айдындарының лайлануының алдын алу мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жөнінде мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Боранбай КӨМЕКЕЙ.