Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

«Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Ақмола облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов «Облыстық кәсіподақтар орталығының 2019 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде айтып берді.

Өткен жылдың бірінші қаңтарындағы анықтама бойынша кәсіподақ мүшелерінің саны 72 998-ді құрады және олар 1216 бастауыш кәсіподақ ұйымына біріктірілген. Облыс әкімдігі, кәсіподақтар және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арасында 2018-2020 жылдарға арналған 5 салалық, 17 аудандық және 2 қалалық болып бөлініп, келісім жасалды. Жеке еңбек дауларын сотқа дейінгі тәртіпте татуластыру арқылы шешу үшін Жоғарғы Сот пен Кәсіподақтар федерациясы арасында қол қойылған Меморандум аясында облыста кәсіподақтардың аумақтық одағының базасында «Татуласу орталығы» ашылып, жұмыс істеуде.
Бірлестік төрағасы Қали Рахметов өз сөзінде, еңбек қатынастарын заңдастыру өте өзекті мәселе екенін айта келе, мыңдаған жұмыс берушілер жұмысшылардың еңбегін еңбек шартын жасамай-ақ пайдаланып отырғанын тілге тиек етті. Әлеуметтік серіктестік жөніндегі үш жақты комиссиямен бекітілген «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы өз жұмысын жүйелі жалғастыруда. Сондықтан да, кәсіподақтары бар облыстың барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндірістік кеңестер құрылған және қазіргі кезде олардың 909-ы тұрақты жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік инспекторлар жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшін облыстың 448 кәсіпорны мен ұйымына тексеріс жүргізіліпті. Тексерулер барысында 480 заң бұзушылық, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша – 415, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 55, жұмыспен қамту бойынша – 10 жағдай анықталған. Есепті мерзімде облыста 56 жазатайым оқиға орын алған, нәтижесінде 61 адам жарақат алып, оның 12-сі қайтыс болған.
Халықты ақпараттандыру жұмыстары жүйелі қолға алынған. Кәсіподақ орталығы жасаған ұсыныстар облыс әкімдігімен, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының сайттарында жарияланып, арнайы әлеуметтік серіктестік туралы жеке бөлімдер ашылған.
Олар облыстық үш жақты комиссия жұмысының нәтижелерін және еңбек қатынастарына қатысты басқа да мәселелерді жариялап отырады. Сондай-ақ, республикалық, жергілікті БАҚ-тарда, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы ақпараттар таратылады. Жеке парақшалар да белсенді қолданылады. Қазір ондағы жазылушылардың саны 50 000-нан асады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар