Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық және өмірлік дағдылар - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық және өмірлік дағдылар

Ақмола облысының білім басқармасы Bilim Foundation қоғамдық қорымен бірлесіп «Балалардың өмірлік дағдылары мен әлеуметтік-эмоциялық дамуын қалыптастыру» жобасы аясында «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясымен балалар психологиясы бойынша басылып шыққан кітаптардың таныстырылымын өткізді.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың төрайымдығымен өткен шарада Bilim Foundation қоғамдық қорының атқарушы директоры Берік Рақышев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, өзі алып келген балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар топтамасының қаншалықты қажеттілігіне тереңірек тоқталды. Сондай-ақ, облысымыздың 368 мектебінің 35 мың бала білім алатын 7-10 сыныптарына 524 кітап жиынтығын тарту етті. Бұл кітап жиынтығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы мақұлдаған.
– «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясымен жарық көрген кітаптар топтамасын Bilim Foundation қоғамдық қоры қазақ және орыс тілдерінде дайындады. «Samruk-Kazyna Trusf» корпоративтік қорының демеушілік қолдауымен қазақ және орыс тілдерінде 19 басылыммен ұсынылып отырған бұл кітаптар балалар мен жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайту және дамыту мәселелері бойынша білім деңгейін арттыру мақсатында, білім беру ұйымдарындағы психологтар, педагогтар, ата-аналар мен балаларға тегін таратылады, – дейді аталмыш қордың атқарушы директоры Берік Ұзақбайұлы.
«Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясымен шыққан балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар топтамасының авторлары әлемге әйгілі Америкалық психологиялық қауымдастығының өкілдері. Бұл топтамаларды жариялаудағы мақсат – жас ұрпақтың эмоционалды-психологиялық дамуына жағдай жасау. Әр кітаптың тақырыбы айтып тұрғандай, есеюдің ең өзекті мәселелерін және осы жолда кездесетін қиындықтарды қамтиды. Ондағы ата-аналардың ажырасуы, эмоциялық мәселелер, бір жерден екінші жерге көшу, мектептің ауысуы және оған бейімделу, қорқыныш, үрей, депрессия, бәрі балаға кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Осы жарияланған басылымдардың бір ерекшелігі – онда оқырманды өзінің ішкі әлемін түсінуге және қоршаған ортамен өзара іс-қимыл жасауға үйрететін тарихшылар, қызықты кейіпкерлер мен сюжеттер қамтылған. Сонымен қатар, әр кітапта проблеманың пайда болу механизмдері мен оны жеңу үшін қажетті қадамдық әрекеттерді қарапайым тілмен түсіндіретін стратегиялары бар. Соның негізіне когнитивті-мінез-құлық терапиясының тұжырымдамасы енгізілген.
Сонымен, «Денсаулық және өмірлік дағдылар» сериясымен шығарылған балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптар топтамасында «Менің беймаза санам. Үрейді жеңу тәсілдері», «Эмоциялар! Сезімдердің мәні неде?», «Жаңа мектеп, жаңа орта. Көшкенде және орта ауысқанда не істеу керек?», «Депрессия. Жеңіп шығып, алға жүр!», «Қателеспейтін адам жоқ», «Қызғаныш пен іштарлық», «Ата-анамнан алыстағым келмейді…», «Қайғыны жеңген бала» тағы басқа кітаптар әр мектепке, әр балаға, ата-анаға өмірдің қиындықтарынан шығуға көмек ретінде жол тартты.
Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі зор іс-шараға мектеп психологтары қатысып, өз ойларын ортаға салды, ризашылықтарын білдіріп, мектепке кітап жиынтықтарын алып қайтты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар