Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қысқы серуен қызықтары - АРҚА АЖАРЫ

Қысқы серуен қызықтары

Табиғаттың әрбір мезгілі ерекше болатыны сөзсіз. Әр мезгілдің өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Осы мезгілдердің ішінде қыс айы аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекшеленеді. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың өзгеше құпиясымен танысқандай болады.

Дала мен табиғаттың аппақ көрінісі адамзатты сиқырлы бір сезімге бөлейді. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Әсіресе, балалар! Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға беттесе, дала төсінде қолдан сырғанақ жасап, қолдарына шана сүйреген балалар мен жүздері күлкіге толы адамдар бейне бір қыстың аязды, боранды қаһарын емес, оның жылы нұрымен, ыстық сәулесін көрсетіп тұрғандай.
Көкшетау қалалық №7 «Айша» балабақшасында серуен әр жыл мезгіліне байланысты белгілі бір ұйымдастырылған картатека арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде ауа-райын, жануарлардың қысқы тіршілігін бақылауда, құстарға қамқорлық жасау кезінде балалардың қуанышты жүздерін, қар бетіндегі кішкентай ғана іздерін, екі беттің алмадай қызаруы қайталана бермейтін сәт. Сонымен қатар, қыс мезгілі денсаулыққа да өте пайдалы. Даладағы таза ауа балалардың сергек жүруіне, сонымен бірге, ойлау-даму жүйесіне де әсер етеді. Осы серуенде табиғаттың көрінісінен әсер алмау мүмкін емес. Қарапайым ағаштардағы ақ қарлар ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің, ал, терезедегі аяздың іздері бейне бір ертегі әлеміне жетелейді, деп балалар өз ойларымен бөліседі. Сондықтан, қыс мезгілінде балалармен серуен құру ерекше бір сезімге бөлейді. Балалардың табиғат көрінісіне қарап тамсануынан асқан ыстық сезім бар ма? Әрдайым қыс уақытында балалармен серуенге шығуға асығамыз. Ол серуендегі әр сәтті бағалаймыз және есте сақтап қалуға тырысамыз. Қыс қанша суық, аязды болса да өзінің жылы нұр сәулесімен қуантады.
Мен тәрбиеші ретінде қыс мезгілінде балалармен серуенге шығып, сол кішкентай бүлдіршіндердің томпиып аппақ қарда ойнап, асыр салуы ғажап көрініс. Аппақ қар кіршіксіз адалдықты байқатса ол, балалардың жүзінен пәксіз сезімді көруге болады.
Мейрамгүл ТІЛЕУБАЙ,
№7 «Айша» балабақшасының
№12 «Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар