Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Домбыраның түрлерін біле жүрейік - АРҚА АЖАРЫ

Домбыраның түрлерін біле жүрейік

Қадыр ақын айтқан «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», деген бір ауыз сөзі қазақ үшін өміршең ұғымға айналды. Қазақ пен домбыра егіз ұғым.

Қазақта домбыраның түрі де, жасау тәсілі де көп. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде қазақта домбыраның 20-дан астам түрі бар. Олардың кейбірі көне түрлері болса, енді бірі – жаңасы.
Домбыра жасаудың үздігі, осы күнге дейін 3 мыңға жуық домбыра жасаған, танымал профессор Жолаушы Тұрдықұловтың айтуынша, көне аспапты жасау ілімі ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып беріліп отырған. Содан түрлері көбейе бастаған.
Қазіргі таңда домбыраның мынадай түрлері бар: ән мен күй домбырасы, торсық, тұмар, кең шанақты, шіңкілдек, балдырған, балашық, аша, үш ішекті, қуыс мойын, шертер, тағы басқалары. Өткен ғасырдан бері қолданысқа енген оркестр домбыралары тағы бар. Олар: қоңыр дауысты (альт), жіңішке дауысты (прима), ащы дауысты (секунда) бас домбыралар (екі нұсқасы), қозықұйрық.
Ал, домбыраның кең қолданылатын түрлері жайлы сөз қозғарда жазушы, күйші, қазақтың біртуар ұлы Таласбек Әсемқұловтың «Домбыраға тіл бітсе» атты еңбегіне тоқталып өткен жөн. Күйшінің айтуынша, қазақ арасында кең тараған домбыраның қауақ және қалақ атты екі түрі бар екен. Қауақ домбыра әсіресе, Батыс Қазақстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстанда кең таралған. Ал, Орталық Қазақстан, Жетісу, Семей өңірінде тараған домбыра – қалақ домбыра. Оның өзі үш түрлі – иықты, бүйірлі, сауырлы домбыра болып келеді.
Домбыра – түркі халықтарына ортақ көне аспап. Қазақтағы «Домбыра» сөзі башқұрттарда «домбыра», тәжіктерде «домбурак», буряттарда «домбро», моңғолдарда «домбор», түріктерде «томбра» деп аталады екен.
Дайындаған
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар