Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік көмек – әрдайым назарда - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік көмек – әрдайым назарда

Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында Ашық есік күні өтті.

Басқарма басшысы Дина Ахметжанова мен оның орынбасарлары, басқарманың бөлім басшылары бұл күні мекемеге өтініштерін арқалап келген азаматтарға кеңес беріп, қоғамдық қабылдау жүргізді. Тұрғындардың бірі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер «бір терезе» қағидасы бо-йынша жүргізілсе деген тілегін жеткізсе, енді бірі зейнетақы мәселесіне қатысты сауал қойды. Облысымызға осыдан бір жыл бұрын Моңғолия мемлекетінен қоныс аударған қандасымыз С.Тұлығұн оралман ретінде өзіне мемлекеттен жеңілдіктер қарастырылып, ақшалай көмек берілсе екен дейді. Ал, Көкшетау қаласының тұрғыны Р.Баязитова Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтеген ұлы Р.Баязитовке соғыс ардагерлерімен теңестіріліп, жеңілдіктер тағайындалса деген өтінішін жеткізді.
Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова журналистерге берген сұхбатында бүгінде тұрғындар арасында жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек алуға қатысты көптеген сұрақтар туындағандықтан, мекемеде Ашық есік күні тоқсан сайын өткізіліп тұратынын айтты.
–Ашық есік күні шарасы қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінде де өтуде. Барлық сұрақтарды назарға алып, әрі қарай мәселелерді шешу жолдарын қарастыратын боламыз. Орталық органдарға, министрлікке хат жолданады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, атаулы әлеуметтік көмек әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды еңбекке ынталандыруы қажет. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетіктерін тұрғындарға кеңінен насихаттаймыз, – деді басқарма басшысы.
Мәлімет ретінде айта кетсек, бүгінде облыс аумағында 7500-ден астам көп балалы отбасы тұрады. Өткен айдан олардың барлығына мемлекеттік жәрдемақы төлеу басталды. 2020 жылы әлеуметтік аз қамтылған 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек беруге 1,4 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде 195 миллион теңге кепілдендірілген әлеуметтік пакетке жұмсалады. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 4,5 мыңнан астам балаға гигиеналық құралдар және азық-түліктен тұратын кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер жөнелтіледі.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар