Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы Жеңіс 75 - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы Жеңіс 75

Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов

Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов 1918 жылдың 15 шілдесінде Атбасар ауданындағы Қосбармақ ауылында дүниеге келген. Атбасар қазақ мектеп-интернатында білім алып, 1939 жылдың күзінде Қызыл Армия қатарына міндетті әскери борышын өтеуге шақырылған.

Коммунистік партия қатарына өткен пулеметшілер бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты Ақан Құрманов 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Днепр өзенінен өту кезіндегі қиян-кескі шайқаста ерлікпен көз жұмды. Сүйегі Чернигов облысы Репкинский ауданының Мысы селосында жерленген. Ақан Құрмановқа қаза тапқан соң, 1944 жылдың 15 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Атбасар тарихи-өлкетану музейінің Ұлы Отан соғысына арналған залында Ақан Құрмановтың жеке қолданған заттары сақталған. Мұнда фотосуреттерін, былғары плащы, әскери билеті және Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені туралы қаулыны көруге болады. Ақан Құрманов – орталық майданның 61-армиясында, 76-гвардиялық атқыштар дивизиясының 234-атқыштар полкінің 2-ротасындағы пулеметшілер бөлімшесінің командирі болған. Мұражайға қойылған хатының бірінде жауынгер былай деп жазыпты: «КПСС мүшелігіне өттім, Чернигов атындағы гвардиялық 76-шы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа кірістім. Фашистерді өздері қазған көріне өздерін көмеміз».
Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрмановтың есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Атбасар қаласындағы орталық көшелердің біріне ержүрек жауынгердің аты берілген.
Туған ауылы Қосбармақта даңқты жерлесіміздің ескерткіш бюсті орнатылды. Астана қаласындағы Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов атындағы мектеп-лицейде «Даңқ» мұражайы жұмыс істейді. Сондай-ақ, Атбасар ауданында батырды еске алу құрметіне дәстүрлі спорт жарыстары өткізіліп тұрады. Құрманов туралы өлеңдер, поэмалар, очерктер жазылған.
Осы орайда, жергілікті тұрғындардың бірі Самат Құсайынов бастаған топ 1930 жылы құрылған колхозды Ақан Құрманов есімімен атау жөнінде өтініш жазып, сол кездері Қазақстанды басқарған Шаяхметовке дейін барып, заңдастырып алғанын айтуымыз керек. Кейін бұл шаруашылық «Самар» совхозына біріктірілген.
А.Құрмановпен майдан жолдарын бірге жүріп өткен Ақкөл ауданының Жалғызтау ауылының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов 1980 жылдың ортасында майдандас досының аманатын орындап, отбасымен Қосбармақ ауылына тағзым ете келгені батыр рухының мәңгі өшпейтінін дәлелдейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар