Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәнсия ЕСЕКЕЕВА: «Волонтерлік қызмет – жүрек қалауымен істелінетін жұмыс!» - АРҚА АЖАРЫ

Мәнсия ЕСЕКЕЕВА: «Волонтерлік қызмет – жүрек қалауымен істелінетін жұмыс!»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Birgemiz» республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсімі өткен болатын. Республикалық айтулы шараға біздің өңірімізден «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық қорының төрайымы Мәнсия Есекеева қатысқан болатын.

Оның айтуынша, шарада Ақмола облысындағы еріктілер қозғалысы, соның ішінде өз қызметін осыдан он жыл бұрын бастаған «Best for kids» қоғамдық қорының жұмысы туралы жақсы пікірлер айтылған. Айта кетейік, бұл ұйым балалар үйіндегі жасөспірімдерге тұрақты қолдау көрсетіп келеді.
–Президент алдағы уақытта осындай волонтерлік ұйымдарды көбейту міндетін қойып отыр, – деді Мәнсия Есекеева. –Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлікпен айналысу қазақ халқының бойында бар асыл қасиет екенін еске салып, ата-салтымызды қайта жаңғыртудың сəті келгеніне тоқталды. «Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дəстүрі. Біз осы дəстүрді сақтап қалуымыз керек деген Президентіміздің сөзіне толық қосыламын. Айта кетейік, елімізде 200-ден астам волонтерлік ұйым бар. Олардың құрамында 50 мыңнан астам ерікті жұмыс істейді. Волонтер жылына орай, игі істердің басы-қасында жүретін ерікті жастарға ерекше қолдау көрсету көзделіп отыр. Мәселен, аймақтық фронт-офистер барлық еріктілерге өз идеяларын немесе нақты волонтерлік жобаларын іске асыруға көмектеседі. Президенттің арнайы тапсырмасы бойынша волонтерлерге түрлі жеңілдіктер ұсынылады. Бұдан былай волонтерлік жұмыс еңбек өтілі ретінде саналып, волонтер студенттерге қосымша шәкіртақы төленеді немесе пəн несиелерін жабуға рұқсат етіледі. Осы салада жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға да қаржылай көмек беріледі. Бұл мақсатта əлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді. Əр гранттың құны 300 мың теңге көлемінде болмақ. Мемлекет басшысы əкімдерге жергілікті бюджеттен қосымша гранттар бөлуді тапсырып, еңбегімен ерекшеленген волонтерлер мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын жеткізді.
– Мемлекет басшысы елімізде волонтерлер қозғалысын дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Жуырда «Birgemiz» атты республикалық Волонтер фронт-офисінің ашылу рәсімінде Президент Волонтер жылын өткізуге қатысты көптеген міндеттер белгіледі. Олардың жүзеге асуына біз де атсалысатын боламыз, – деген «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Мәнсия Есекееваның сөзіне қарағанда, 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Жас ұлан» ұйымының жетпіс мыңнан астам мүшесі бар.
–Балалар мен жасөспірімдер бір-біріне қамқорлық жасауға құштар. Мəселен, жоғары сынып оқушылары төменгі сыныпта тəрбиеленетін буынды ұдайы қадағалап отырады. Олардың оқуларына көмектеседі, əсіресе, көркем шығармаларды нəшіне келтіріп, мəнерлеп оқуға құмар. Кейбір төменгі сыныптардағы оқушылардың сабақ үлгерімі нашарласа, көмекке келетіндер де жоғары сыныптардағы ағалары мен апалары. Балалар өз замандастарына ғана емес, ауылдағы жалғызілікті қариялар мен зейнеткерлерге де қол ұшын беріп, қамқорлық көрсетеді. Мұндай мысалдар өте көп, – деген Мәнсия Есекеева жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі бір тамыры волонтерлікті өрістету деп есептейді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар