Ауданда мал шаруашылығының дамуына жете назар аударылуда. Соның арқасында мал басы көбейіп келеді.
«Агробизнес-2020», «Сыбаға» бағдарламасының аясында 335 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алынып, Зеленобор селосында орналасқан «Бидайық», Атамекен ауылындағы «Шиелі Агро» серіктестігінде және «Айдын», «Ақ киік», «Алдияр», «Дастан», «Беке» шаруа қожалықтарында ет бағытындағы фермалар құрылды. Ал, «Арғын», «Тишков» шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкер Берікбол Шағиұлы 479 қой-ешкі сатып алды. «Ырыс» бағдарламасы аясында «С.Омаров» шаруа қожалығы мен жеке кәсіпкер Әбдірахманов тауарлы сүт фермасын құрды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Айдын» шаруа қожалығы 68 бас жылқы сатып алды. Биылғы жылы «Шиелі агро», «Кен Милк» серіктестіктері мен «Қоянды Агро», «Кіндік Қарағай сүт», «Яндиев» шаруа қожалықтары Словакия мен Чехиядан 585 бас асыл тұқымды ірі қара әкеледі. Оның 435 басы етті малдар. Сондай-ақ, «Ақ бас 1985» серіктестігі, «Нарж» шаруа қожалығы мен «Сайлаубек» жеке кәсіпорыны ет бағытындағы 150 бас ірі қара сатып алады. Аудандағы «Достық Кай» серіктестігі 1 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын құрмақшы. Аталмыш серіктестік асыл тұқымды 200 ешкі бағып, өнімдерін сатуды жоспарлап отыр. «Азия-Бурабай» серіктестігі терісі қымбат бағаланатын аң фермасын ашпақшы.
Боранбай КӨМЕКЕЙҰЛЫ.
Бурабай ауданы.