«Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақмола филиалының ұйымдастыруымен облыс орталығындағы Достық үйінде орыс романсының кеші өтті.
Романс – поэзия, музыка және ән салудың бір арнаға тоғысып, әрбір жүрекке жақын әрі таныс сезімдерді оятатын жанр. Ол адамды толғандырған дүниелердің бәрін – махаббатты, қайғыны, үкілеген үмітті, шаттықты барынша көрсетуге мүмкіндік береді. Міне, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының ассоциация-
сы» Ақмола филиалының жанынан құрылған өнерпаз ұжымның орыс романс кешін тамашалауға келген көрермен де естен кетпес әсерге бөленді.
Көркемөнерпаздар халық әндерін және қазіргі заманғы орыс әндерін орындады. Кеш жүргізушісі Наталья Замолоцких көрермендерге әр вокалдық шығарманың құрылу тарихын қысқаша түсіндіріп отырды. Орыс романсының құдіретіне сүйсінген көрермен көркемөнерпаздардан қошеметін аямады. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына және алда келе жатқан Наурыз мерекесіне орай алда тағы бірқатар ән кештері өтеді деді ұйымдастырушылар.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының»
өз тілшісі.