Мемлекеттiк архивтiң жоғары санаттағы мұрағатшысы Бибiгүл Адамбаева «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң мәселелерi бойынша азаматтарға арналған үкiмет филиалы қызметкерлерi арасында семинар өткiздi.
Семинарда бiрге өтiнiштердi қабылдау, қате жiбермеу және нақты мәлiметтердi талап ету мәселесi қаралды. Жалпы «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi бойынша қызмет көрсету тәртiбiмен қатар, бекiтiлген стандартқа сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi жайлы да әңгіме өрбіді.
Сондай-ақ, «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметін «электрондық үкiмет» арқылы алуға болатындығы туралы және азаматтардың өтiнiштерiнiң қаралу мерзiмiне байланысты мәселелер талқыға салынды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Бурабай ауданы.