Агроөнеркәсіп кешенінде ауданның еңбекке жарамды тұрғындарының 60 пайызы жұмыс істейді. Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласына 2,6 миллиард теңге субсидия берілді.
Мемлекеттік қолдау алуға өтім берушілер саны 27 пайызға өскен. Мал шаруашылығында 4,5 мың тонна ет, 21,4 мың тонна сүт өндірілді. Ауданда 25 мың бас ірі қара, 24 мың қой-ешкі, 9 мың жылқы, 60 мың құс бағылады. «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Виктор», «Бірлік» шаруа қожалықтары 72 бас етті және сүтті асыл тұқымды мал әкелді. «Новокиенка» серіктестігінде 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп, жыл сайын ет өңдейтін кәсіпорынға 1 мың бас ірі қара тапсырады.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Жақсы ауданы.