Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалпыға бірдей декларация қашан және қалай тапсырылады? - АРҚА АЖАРЫ

Жалпыға бірдей декларация қашан және қалай тапсырылады?

Жеке табысы туралы жалпыға бірдей декларация тапсыру жайында БАҚ соңғы жылдарда жиі айтып, жазып жатса да, бұл мәселе төңірегінде түрлі түсінбестіктер орын алып жатады. Мәселен, өткен жылдың соңында әлеуметтік желілерде әр азамат жалпыға бірдей декларация талабына сай депозиттегі барлық ақшасын, үйінде ұстап отырған ақшасын, тіпті кесе-қасықтарына дейін көрсетіп, құзырлыға декларация тапсыруы қажет екен деген мазмұнда әңгімелер айтылып қалды.

Таяуда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметшілерге жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларациясын тапсыру бойынша семинар өткізген еді. Онда білікті мамандар жалпы дек-ларация жайында жан-жақты айтып, шараға қатысқандар тарапынан қойылған сан түрлі сауалдарға жан-жақты және толымды жауаптар берді. Жоғарыда айтқанымыздай, түсінбестік жайлардың бәрі білмегеннен шығатыны анық. Осы орайда, жалпыға бірдей декларация туралы мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырғандай семинарлар жиірек өткізіліп, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстары кеңірек жүргізілсе, мұндай түсінбестіктердің орын алмайтыны сөзсіз.
Мамандардың айтуынша, жалпыға бірдей декларация бір жылда емес, кезең-кезеңімен бірнеше жылда жүзеге асырылмақ. Бірінші кезеңде – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялау шеңберіндегі декларация-ны: жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы); мемлекеттік функция-ларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы) тапсырады.
Сондай-ақ, мұндай декларацияны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңдарға сәйкес, декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Екінші кезеңде – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы) болып табылатын жеке тұлғалар тапсырады.
Үшінші кезеңде – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсырады.
Төртінші кезеңде – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары түгел декларация тапсырады.
Жалпыға бірдей декларация осылайша бірнеше жылдың ішінде азаматтардың әртүрлі санаттарына қатысты сатылап жүргізіледі. Осыған орай, алдын ала әуреге түсіп, үрейге бой алдырудың еш орны жоқ. Әр санат өз уақыты келгенде құзырлы органға барып, заң талабына сай декларацияны тапсырады.
Семинарға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер жалпыға бірдей декларация жайында жан-жақты және толымды ақпарат алды.

Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар