Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басшының 12 қасиеті - АРҚА АЖАРЫ

Басшының 12 қасиеті

Әлемнің екінші ұстазы атанған, соңында мол мұра қалдырған ғұлама бабамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Қайырымды қала» трактаттарынан оқырман назарына үзінді ұсынып отырмыз. Мың жылдан астам уақыт бұрын жазылса да, бұл еңбек әлі күнге дейін мәнін жоғалтпай келеді.

Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана имам, қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы бола алады.
1. Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделгені жөн, сонда, егер осы адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады.
2. Айтылған сөзді тыңдаушының құлағына ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғынықты етіп бере алуға тиіс.
3. Естігіш және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтап, бұлардан ешнәрсені ұмытпауы шарт.
4. Әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуға міндетті.
5. Өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар, өнер-білімге құштарланып, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жетуі тиіс.
6. Тағамға, ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болғаны дұрыс.
7. Жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ жүріп, бұдан алатын ләззатқа жирене қарағаны жөн.
8. Шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған, суайттарды жек көріп, аулақ жүру өзімізге жақсы.
9. Оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болса, келешек қызмет жолында зор көмегі тиері сөзсіз.
10. Дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қараса, пайдасы тимесе, еш зияндығын көрмейді.
11. Жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру – адам бойына бітетін ең асыл қасиеттердің бірі. Мұндай қасиетке ие адам жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсете алады.
12. Адамның бойында қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүректілік мінез болса, өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырған сәтте міндетті түрде шешімпаздық көрсете алады.
Осының бәрі бір адамның бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да, жаратылысынан осындай қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Мұндайлар аз. Сондықтан, егер қайырымды қаладан осындай адам табылса және өзі өсіп-жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алғашқы алтауы немесе бесеуі оның бойына біткен болса, онда қиялдау қабілеті жағынан теңдесі болмағандықтан, ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ. Ал егер, зәуде белгілі бір кезеңде мұндай адам болмай қалса, онда қала басшысы мен оның ізбасарлары белгілеген заңдар мен ережелер, егер олар қаланы дәйектілікпен билеп алса, өз күшінде сақталады. Кімде-кім туған кезінен бастап және жас жеткіншек шағында жоғарыда аталған шарттарды бойына дарытқан болса және есейгеннен кейін басқа алты шартқа сай келетін болса, біріншісінің орнын басатын екінші басшы сол болады.
1-шарт – дана болу. 2-шарт – қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды, ережелер мен әдет-ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің барлық іс-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу. 3-шарт – бұрынғылардың тиісті заңы сақталмаған жағдайда бірінші имамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық көрсету. 4-шарт – бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді, бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да қалаған кезінде танып-біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу, өзінің осындай іс-әрекеттерінде халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс. 5-шарт – бірінші имамдардың заңдарын және солардан кейін, солардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз сөзімен жігерлендіре білу. 6-шарт – әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты болу, оның бергі жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде және билеуші өнер ретінде біліп алу.
Осы қасиеттердің бәрін өз бойына жинақтаған адам табылмайтын болса, бірақ екі адам табылып, оның бірі – дана, екіншісі басқа шарттарға сай келетін болса, онда осы екеуі де қала басшылары болар еді. Егер осы қасиеттер бір топ адамның бастарына бөлек-бөлек біткен болса, сөйтіп, бірінде даналық, екіншісінде тағы бір қасиет, үшіншісінде тағы бір қасиет болса, онда осы адамдар өзара келіскен жағдайда, бәрі де қайырымды басшылар болмақ. Егер әйтеуір, бір кезде басшыларда даналық болмай қалса, онда бұлар басқа шарттардың бәріне сай келіп тұрса да, қайырымды қала ағзамсыз қалмақ. Сөйтіп, қаланы билеуші басшы бұл ретте ағзам бола алмайды, қаланың өзі де құрып кетуі мүмкін. Ал, егер осы басшыға ақылшы етіп қоярлық бір дана табылмаса, қала біраз уақыттан кейін сөзсіз құрып бітеді.
Интернет материалдары бойынша дайындаған
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар