Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы – кәсіподақтар назарында - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайы – кәсіподақтар назарында

«Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалында «Ақмола облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбек құқықтарын сақтау мәселелері талқыланған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен «Nur Otan» партиясы арасындағы әріптестік жөніндегі меморандум шеңберінде ұйымдастырылған шараға партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, «Ақмола облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қали Рахметов, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, облыстық прокуратура, «БЖЗҚ» акционерлік қоғамының облыстық филиалы, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық, еңбек инспекциясы, ауыл шаруашылығы басқармасы және салалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тараптар көтеріліп отырған мәселенің өзектілігіне тоқталды. Оның ішінде бірыңғай әлеуметтік төлемдерге қатысты туындап отырған мәселелерді шешудің мүмкіндіктері айтылды.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын сақтауға кепіл беретін ұжымдық келісім-шарттар жасау қажеттілігі сөз болды. «Nur Otan» партиясының жұмыс топтары өңірлік филиалдар арқылы кәсіподақтарға ұжымдық келісім-шарттардың санын арттыруға атсалыспақшы.
Осы арқылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлері белгіленген әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізе алатын болады.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар