Бұл мәселе облыстық әкімдікте «FlyArystan» әуе компаниясының басшылығымен талқыланды.
Бұл күндері «FlyArystan» әуе компаниясының өкілдерімен Көкшетаудан еліміздің өзге қалаларына әуе рейстерін ұйымдастыру туралы келіссөздер жүргізілуде. Келесі аптадан бастап, әуе компанияның сайтында Көкшетау-Алматы рейсі бойынша билеттер сатыла бастамақшы. Ең арзан билет таңғы рейске 8990 теңге тұрады.
Басшылықтың айтуынша, алғашқы рейс 2020 жылғы наурыздың ортасына жоспарланып отыр. Компания ұшақтары Көкшетаудан Алматыға аптасына үш рет, сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері қатынайтын болады. Жаз айларында рейстер санын көбейту қарастырылған. Сонымен қатар, «Көкшетау-Қарағанды» бағытында да әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Бұл бағытқа билет құны 4999 теңге тұрады. Одан әрі кезекте «Көкшетау-Ақтөбе» рейсін ашу тұр. Осы рейстердің бәрі қазіргі заманғы «Airbus A320» ұшақтары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.