Алматы қаласында Сүлеймен Демирел атындағы университет базасында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өтті.
Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсетіп, кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтар арасында өтті. Фестивальға республика бойынша 245 педагог қатысты. Барлық қатысушылар TED форматында «Таратуға лайықты идеялар» (Ideas Worth Spreading) шеңберінде өз жұмыстарын таныстырды. Оған Ақмола облысынан 17 ұстаз қатысып, өз бақтарын сынады.
Конкурс бірнеше бағыт бойынша жүргізілді. «Педагогикалық идея-
лар фестивалі» республикалық конкурсының нәтижесі бойынша Целиноград ауданындағы №32 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жазира Атошева және Бурабай ауданының, Щучинск қаласындағы №9 мектеп-гимназиясы директорының оқу жөніндегі орынбасары Баян Бекетай ІІ дәрежелі дипломды иеленді. Ал, Целиноград ауданының, Төңкеріс ауылдық орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Гүлнәр Айдарбекова мен Степногорск қаласындағы, №4 «Арман» балабақшасының тәрбиешісі Светлана Савина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, білім-біліктіліктерін таныта білген педагогтар – Степногорск қаласындағы №4 «Арман» балабақшасының әдіскері Наталья Третяк, Ақкөл ауданының №3 Ж.Бектұров атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Венера Худобина, Аршалы ауданының, Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақмарал Бимендина, Астрахан ауданының, Новочеркасск орта мектебі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Анна Денисенколар арнайы мадақтамаға ие болды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Целиноград ауданы.