Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жан-жақты қаралып, баға берілді - АРҚА АЖАРЫ

Жан-жақты қаралып, баға берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бо-йынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді. Онда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның және Әдеп кодексінің талаптарын бұзған Аршалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Г.К.Махаева мен осы аудандағы Жібек Жолы ауылдық округінің әкімі Г.С.Рыспаевтың тәртіптік істері қаралды.

Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Жанәділованың айтуынша, өткен жылы облыс бойынша әдеп мәселелеріне қатысты 674 іс-шара өткізілген. 104 азаматқа қабылдау жүргізілген. «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның және Әдеп кодексінің бұзылуына байланысты мемлекеттік қызметшілердің атына 50 арыз-шағым келіп түскен. Оның 9-ы мемлекеттік қызметкерлердің өзінен, 25-і жеке тұлғалардан, 17-сі мемлекеттік ұйымдардан түскен арыз-шағымдар.
Әдеп кеңесінде Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Г.С.Рыспаевқа қатысты іс өзіне жеке мәселесі бойынша сұрақтарымен келген тұрғынға тіл тигізгені үшін қаралды. Округ әкімінің өзі бұл оқиғаның шынымен болғанын растап, бірақ, оған тіл тигізетіндей ауыр сөз айтпағанын алға тартты әрі қабылдаудан кейін сыртқа шыққанда «қатты айтсам, бір жерден қате кетсем кешіріңіз» деп кешірім сұрағанын да жеткізді.
– Менің сәл қатты кетуіме бір жағынан тұрғындардың өздері де кінәлі. Себебі, көпшілік арасында тәртіп сақтамай, дауыс көтеретіндері де бар. Кейбіреулері кабинетіме келіп алып, айғай-шу шығарады. Қанша жерден әдеп сақтағанмен, өзіме ақырып тұрған адамға кейде ашумен айтып қалатын кездерім болады. Дегенмен, бұл жағдайдан кейін алдағы уақытта өзімді сабырлы ұстауға тырысатыным анық, – деді ол.
Әдеп жөніндегі кеңес өкілдері оқиғаға жан-жақты баға бере келе, Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Г.С.Рыспаевқа ескерту жариялағанды жөн көрді. Бұған қоса, жиында Ақкөл ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.С.Дүйсембаеваның, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Ақмола облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және Көкшетау қаласы әкімі аппаратының тәртіптік комиссия төрағаларының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Айтолқын АМАНГЕЛДІ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар