Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмолалықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүргізу әдістемесін үйретті - АРҚА АЖАРЫ

Ақмолалықтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы жүргізу әдістемесін үйретті

Көкшетау қаласының «Аntikor ortalyǵy» сервистік ғимаратында мемлекеттік қызметшілер, заң саласының өкілдері, «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторингтік топ мүшелері және үкіметтік емес ұйымдар үшін «Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы» семинар – тренингі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанда Парламентаризмді дамыту қорының президенті, Республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Зәуреш Батталова, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Төлеубаев, аймақтық Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Владислав Шуль, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы директорының м.а. Алма Бекентаева сөз сөйледі.

Аудиторияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің міндеттері мен әдістерімен таныстыра отырып, Зәуреш Батталова «Әрбір тәжірибелік тапсырмада біздің тыңдаушылар НҚА-да көптеген тәуекел факторларын анықтайды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың болмауы салдарынан біздің заңнамаларымыздың сапасы бойынша төмен болғанын көрсетеді. Әсіресе, заңнамада қандай да бір процедураның екі мағыналы, түсініксіз, анық емес болуы мүмкін көптеген нормалар бар. Сондықтан, әлдекімнің ойына заң талаптарын бопсалаушылық, шантаж және сыбайлас жемқорлық мәмілелері үшін пайдалану ойы туындамауы үшін заңдардың анықтығын, қарапайымдылығын және ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет», – деп, атап өтті.

Тренинг барысында сөз алған Мұрат Төлеубаев бұл процеске азаматтардың белсенді қатысуы сапалы заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еліміздің барлық өңірлерін қамтыған оқыту семинарының басты мақсаты азаматтық қоғамның заң шығару жобасына және қоғамдық құқықтық мониторингке қатысуын жандандыру арқылы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін НҚА жобаларын тәуелсіз сарапшы ретінде одан әрі оқуға қатысуға мүмкіндік беретін сертификаттар берілді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қоғам өкілдерін кеңінен тарта отырып, НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы заңнамалық түрде қалпына келтірілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар