Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына есеп ұсынуды ұмытпаңыз - АРҚА АЖАРЫ

Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына есеп ұсынуды ұмытпаңыз

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына кезекті есеп ұсыну міндеттілігі туралы хабарлайды. Ұйымдардың өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі 2020 жылғы 31 наурызда аяқталады.

Осыған байланысты жеке мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық, корпоративтік және жеке қорлар, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үкіметтік емес ұйымдарға, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне infonpo.gov.kz веб-порталында электрондық есептілік нысанын уақытылы толтыру ұсынылады.
Есепті кезең ішінде өз қызметін тоқтата тұрған, сондай-ақ, тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысындағы үкіметтік емес ұйымдар дерекқорға өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынбайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҮЕҰ дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады. ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электронды түрде infonpo.gov.kz веб-портал арқылы ұсыну үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесінде (ХҚКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет. Интернет арқылы тапсыруға мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтағыштарда) тапсыру мүмкіндігі бар. ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді ілеспе хатпен бірге пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекен-жайға жіберу қажет: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынбағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар