Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр нені «Рухани жаңғыруға» теліп, бағдарлама қадірін кетіре бермейік - АРҚА АЖАРЫ

Әр нені «Рухани жаңғыруға» теліп, бағдарлама қадірін кетіре бермейік

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 2019 жылғы қорытындылары мен биылғы жылғы міндеттерін талқылауға арналған брифинг өтті.

Шара барысында бірқатар мекеме басшылары сөз алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өз салалары бойынша қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаевтың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс аумағында түрлі форматтағы 6 мыңға жуық іс-шара өткен. Педагогтарға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша «Латын графикасы – рухани жаңғыру негіздері» жобасы іске асырылуда. Былтыр Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Қазақ тілі, әдебиеті және латын графикасы» кабинеті ашылған. «Жаңа гуманитарлық білім» арнайы жобасы аясында облыс ғалымдарының қатысуымен екі ғылыми-практикалық конференция өткен.
Сонымен қатар, Ақмола облысының ақын-жазушыларының аудио кітаптары жасалып, Целиноград ауданы Қосшы ауы-
лында тұратын ұлағатты ұстаз Назгүл Жәкенова 2019 жылы «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанғаны да атап өтілді. Бағдарламаның «Туған жер» арнайы жобасының аясында облысымызда жалпы көлемі 5,5 миллиард теңгені құрайтын 591 әлеуметтік бастама жүзеге асырылған.
«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев тарқатып айтса, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарова өздерінде осы бағдарлама шеңберінде қолға алынған істерге тоқталды.
Енді осы орайда айтқымыз келетін бір мәселе, осы біз неге әр нәрсені «Рухани жаңғыруға» әкеп тіреп қоямыз? Сананы жаңғыртуға бағытталған бағдарламаның маңыздылығын болмашы іс-шаралармен төмендетуге болмайды. Мысалы, музейлерді төлқұжаттандыру, мектептерде «Адал ұрпақ» клубының ашылуы, тағы сол тақылеттес шаралар «Рухани жаңғырумен» үш қайнаса сорпасы қосылмайды. «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысын сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесінде естуші едік. Енді осы жолғы брифингте де облыстық білім басқармасының өкілдері соны өңін айналдырып, «Рухани жаңғырумен» байланыстырып жатыр. Сонда Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы шықпаса, музейлер құжаттандырылмай қала ма, әлде жемқорлықпен күрес жүргізілмей ме? Алдағы уақытта бағдарламаға жауапты мекемелер осындай мәселелердің басын ашып алғаны жөн болар еді. Әрнені «Рухани жаңғыру» деп ұрандатып, бағдарламаның құнын қашырып алмайық.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мақсаты жаһандану заманында ең алдымен ұлттық рухымызды, мәдениетіміз бен тарихымызды сақтау болып табылады дейміз де, өз сөзімізді өзіміз теріске шығаратынымыз, қазақилыққа бет бұрудан тартыншақтайтынымыз қынжылтады. Мұндай жағдайда ұлттық рухымыз қалай көтеріледі? Ана тілімізде сөйлегенде ғана біз қазақ екенімізді сезініп, ұлттық құндылықтарымызды байыта түспейміз бе?!
Мұны айтып отырған себебіміз, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кейбір кітаптар мен журналдардың сапасы сын көтермейді. Онда жарияланған қазақ тіліндегі материалдардың әр сөйлемінде қателер өріп жүр. Содан болар, брифингке қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Аманай Сейітқасымов, журналистер қауымы, әсіресе, тоқсанына бір рет жарық көретін «Рухани Aqmola» журналын шығаруда талап күшейтілсе, бағдарлама аясында басып шығарылатын кітаптардың сапасына да дұрыстап көңіл бөлінсе деген тілектерін жеткізді.
Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар