«Қазақстан Республикасы Бас прокурорының атына «PROGRESS FOOTBALL ACADEMY» балалар футбол академиясының директоры Р.Құлматовтан Бурабай ауданының прокуроры Асқар Байжановқа алғыс білдірген хат келіп түсті.
Өз хатында Р.Құлматов Бурабай кентінде балалар арасында мини-футболдан турнир өткізгенін жазады. Елордадан келген балалар келесі күні кері қайтуға билет алмақ болады. Алайда, техникалық себептерден команда құрамы рейске кешігіп, билеттің шектеулілігіне байланысты 35 бала бейтаныс қалада қалуға мәжбүр болады. Осы кезде оларға аудан прокуроры Асқар Байжанов көмек қолын созып, Щучинск қаласынан балаларды Елордаға жеткізіп салуды ұйымдастырады. Хатта академия директорымен бірге, Футбол клубы тәрбиеленушілерінің ата-аналары да балаларына жасаған осы қамқорлығы үшін аудан прокурорына алғыс білдірген.
Қ.КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.