Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Инклюзивті білім беру – уақыт талабы - АРҚА АЖАРЫ

Инклюзивті білім беру – уақыт талабы

Облыс орталығындағы №19 орта мектепте «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Білім» бағыты бойынша аймақтық партия кураторларының отырысы болып өтті.

Қазіргі таңда ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алу үшін тиісті жағдай жасау – мемлекеттік білім беру жүйесін дамытудың басты міндеттерінің бірі болып саналады. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен отырыста Ақмола облысындағы инклюзивті білім беру бағытын одан әрі дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды. Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар 11 мыңға жуық бала есепте тұр. Облысымызда 354 мектепте инклюзивті білім беруге жағдай жасалған. Алдымен сөз алған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова:
– Бүгінгі күні облысымызда 2020 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттілігі бар 10652 бала бар болса, соның 1280-і мүгедек балалар. Нақтырақ айтсақ, 2018-2019 оқу жылында психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер шешімімен ерекше білім беру қажеттілігі бар 5972 бала анықталса, оның 3 мыңнан астамы мектепке дейінгі және 2500-ден астамы мектеп жасындағы балалар. Сондай-ақ, 903 мүгедек бала арнайы тексерістен өткізілді. Біздің алдымызда жалпы бұл санаттағы балаларға сапалы білім алу үшін барынша жағдай жасау міндеті тұр, – деп атап өтті.
Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, алдағы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға үш негізгі көрсеткіш енгізіледі екен. Оның біріншісі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдар. Екіншісі, инклюзивті білім үшін жағдай жасаған мектептер. Ботагөз Балапайқызы әрбір көрсеткішке жеке-жеке тоқталып өтті. Мектепке дейінгі, мектеп және кәсіптік техникалық білім беру саласы бойынша өткен жылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдар үлесі 53,3 пайызды құрап отыр. Бұған мемлекеттік балабақшалардың саны ықпалын тигізуде. Облысымызда 244 балабақша бар болса, оның 130-ында инклюзивті білім алуға жағдай жасалған.
Инклюзивті білім беруді дамыту бойынша белгілі бір шаралар қабылданғанына қарамастан, мүмкіндіктері шектеулі балалардың бір бөлігі үйде оқумен қамтамасыз етілген. 2019-2020 оқу жылының басындағы мәлімет бойынша бүгінгі күні облысымызда 379 оқушы арнайы мектеп-интернаттарында, ал, 70 оқушы үйлерінде оқытылады екен. Осы санаттағы барлық балалар үшін бүгінгі күні оқыту бағдарламаларына сәйкес сабақтар өткізіледі. Балалар барлық іс-шараларға қатыстырылып, арнайы бекітілген типтік оқу жоспары жүзеге асырылуда.
2014 жылдан бастап Көкшетау қаласындағы №19 орта мектеп инклюзивті білім беруді дамыту бойынша облыстық ресурстық орталық мәртебесіне ие болды. Білім ошағында биылғы оқу жылында 1288 бала оқиды. Мектеп бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар 89 бала білім алуда.
Отырыс барысында облыстық инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы Марат Ыбыраев, Көкшетау қаласындағы №19 орта мектепте инклюзивті білім беруді дамыту бойынша облыстық ресурстық орталығының жетекшісі Ольга Лепешева, Бурабай аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Төлегенов, Зеренді №1 орта мектебінің директоры Нәжмедин Нұралин инклюзивті білім беруді дамыту бойынша хабарламалар жасады. Іс-шара соңында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер бойынша комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер талқыланды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар