Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылар құқы заңмен қорғалады - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылар құқы заңмен қорғалады

Электр энергиясы біздің өмірімізде маңызды орын алатыны белгілі. Адамзаттың тіршілігінде электрсіз өмір сүру мүмкін емес. Бүгінде қай өнеркәсіп кәсіпорны, қай сала болсын, электр энергиясын пайдаланылатыны сөзсіз. Әрбір үйдегі, офистегі, кеңседегі аспаптар мен қондырғылар электр энергиясы арқылы жұмыс істейді, демек, өндіріс нарығының субъектісі мен электр энергиясын тұтыну нарығының арасында тиісінше өзара қарым-қатынас туатындығы аян.

Біздің елдің қолданыстағы заңнамасында электр энергиясы нарығының 2 түрі белгіленген. Бірі көтерме, екіншісі бөлшек электр нарығы. Көтерме электр нарығы негізінен, энергетикалық кәсіпорындар мен электр энергиясының ірі тұтынушылары арасындағы қарым-қатынас алаңы болып табылады. Осынау нарықтың әрекет етуі «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен» реттеледі.
Ал, энергетикалық кәсіпорындар мен электр энергиясын тұтынушылар арасындағы өзара қарым-қатынас электр энергиясының бөлшек нарығында қалыптасады, сондай-ақ, бұл арақатынас «Электр энергиясының бөлшек нарығын ұйымдастыру және осы нарықта қызмет көрсетуді ұсыну қағидалары, сондай-ақ, «Электр энергиясын пайдалану қағидаларымен» реттеледі. Аталмыш қағидаларда тұтынушылар мен энергетикалық кәсіпорындардың қарым-қатынастары, тараптардың құқығы мен міндеттері, электр желілеріне қосылу тәртібі, электрмен жабдықтау үшін келісім-шарт жасау, тұтынушылардың электр қондырғыларына тиісінше кернеу беру өтінімдері және өзге де мәселелер көзделген.
Бәрімізге белгілі, электр желілеріне қосылу қатардағы тұтынушы үшін едәуір күрделі үдеріс болып табылады және көп уақыт жұмсауды талап етеді. Осынау жәйтті ескере отырып, Энергетика министрлігі тұтынушыларды электрмен жабдықтау желілеріне қосылуды қол жетімді ету мақсатында ұдайы оңтайландыру және жеңілдету жұмыстарын жүргізіп отырады. Мәселен, 2015 жылдан бастап бірқатар рұқсат беру процедуралары жеңілдетілді. Атап айтқанда, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін рұқсат алу, сондай-ақ, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органынан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін рұқсат алу сияқты ережелер алынып тасталды.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу ниеті бар барша тұтынушыларға электр энергиясын пайдалану қағидаларымен танысуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта министрлік қолданылып жүрген энергетика саласындағы заңнамаға өзгертулер енгізуді қолға алуда. Сөйтіп, осы үдерісті жетілдіріп, жеңілдету мақсатында түрлі қисындар қарастырылып жатыр. Өзгертулер жобасы қалыптастырылғаннан кейін, онымен министрліктің ресми сайтында және Ашық НҚА порталында танысуға болады.
Аумақтық департамент бұл орайда, барша тұтынушылардан кез-келген заңсыздыққа төзімсіздік танытуды өтінеді, егер энергетика саласындағы заңнаманы бұзу оқиғалары орын алатын болса, бұл туралы дереу біздің департаментке хабарлаңыздар. Сондай-ақ, барша оқырмандарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің ресми сайтында электр энергиясының сапалылығы мен электр желілеріне қосылудың қол жетімділігін анықтау үшін сауалнама парақтары орналастырылғаны жөнінде құлаққағыс етеміз. Әрбір адам осы сауалнаманы толтырып, аталмыш үдерісті жетілдіруге өз үлестерін қосуына болады.
Жасұлан ҚАСЕНОВ,
Қазақстан Республикасы Энергетика
министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар