Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біліміне біліктілігі сай мұғалімдер тапшы - АРҚА АЖАРЫ

Біліміне біліктілігі сай мұғалімдер тапшы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өткен жылғы қызмет қорытындысы мен 2020 жылы алға қойған мақсаттары мен міндеттері туралы айтылды.

Департамент басшысы Серік Алтаевтың айтуынша өткен жылы 55 профилактикалық бақылау жүргізілген. Оның нәтижелері бо-йынша ескертулер мен заң бұзушылықтарды жою үшін 53 нұсқама берілген. Негізгі өзекті мәселе пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі. Сонымен қатар, біліміне біліктілігі сай мұғалімдер тапшылығы сезіліп отыр.
Облыстағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 573 педагог маман жетіспейді. Мектептер мен балабақшалар бейнебақылау жүйесімен 65 пайыз ғана қамтылған. Мәселен, өңіріміздегі 556 мектептің 148-інде интернет желісі нашар. Содан болар, күнделік.кз сайттарына уақытылы керекті деректерді тіркеуге мүмкіндік жоқ. Бұл да жұмыстың оң нәтиже беруіне кері ықпалын тигізіп отыр. Облысымызда үш ауысымды он мектеп бар. Бір мектеп апатты жағдайда.
Тағы бір екпін түсіре ерекше атап өтетін түйінді мәселенің бірі, мұғалімдердің білім сапасы. Өңірімізде 86 мұғалімнің тиісті базалық білімі жоқ екен. Осыдан кейін білім сапасы туралы сөз қозғаудың өзі қисынсыз.
Брифинг барысында білім ошақтарын әдістемелік оқу-құралдарымен қамту мақсатында баспа үйлерімен келісім-шарт жасалғаны айтылды. Келер оқу жылында 800 мың дана оқулық сатып алу көзделіп отыр.
– Өткен жылдың аяғында білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің жұмысына бірқатар өзгертулер енгізілген. Біздің мекемеге бала құқығы, жаппай білім беру, оқушыларды тасымалдау, мектептен тыс мекемелер мен балалар үйінің жұмысына мониторинг жүргізу сынды мақсат-міндеттер жүктелді. Бұл мәселелердің барлығы қатаң бақылауға алынған, – дейді Серік Алтаев.
Жиында департамент басшысының орынбасары Гүлнәр Тасболатова мен білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Манат Әбілмәженов те сөз сөйлеп, жыл қорытындысы мен алдағы міндеттерге тоқталып өтті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар