Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күн тәртібінде – аймақаралық форумға дайындық мәселелері - АРҚА АЖАРЫ

Күн тәртібінде – аймақаралық форумға дайындық мәселелері

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев алдағы күзде Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумы үшін салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен, сондай-ақ, қала көшелерін жаңартып, жақсартудың барысымен танысып, алда тұрған міндеттерді ойдағыдай атқарып шығу мәселелерін тағы бір пысықтай түсті.

Алдағы күзде облыс орталығында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығы форумы өтетіндігі белгілі. Оған дайындық қаланы дамытудың біраз мәселелерін шешуі тиіс. Осы ауқымды шараға орай, қалада тұрғын үй құрылысы қарқын алып, көшелер жаппай жөнделуде. Соның бірі – Қопа көлінің жағасында іргесі қаланып жатқан жаңа «Воскресения Хрис-това» кафедралды соборы мен жағажай аумағындағы жол мен көпір құрылысы дер едік. Бұл нысандардың құрылысы форум басталғанша аяқталуы тиіс.
Облыс басшысы алдымен, осы нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. «Новый собор» қоғамдық қорының төрағасы Александр Мартыненконың айтуынша, кафедралды собор құрылысының сметалық құны 1 миллиард теңгеден асады. Қазіргі кезде ғимараттың еден астының жылу құбырлары тартылып, үсті бетондалып, плитка төселді. Қабырғаларының ішкі жақтарын әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері суретшілер безендіру жұмыстарына кіріспекші. Күн жылынған соң сыртқы баспалдақтары мен қабырғалары ретке келтірілмекші. Облыс басшысы қосымша жұмысшыларды тартып, құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Ал, жағажай аумағында жаз ортасына дейін жол мен көпір құрылысына қатысты негізгі жұмыстарды аяқтап, асфальт төсеуге кірісу керектігін қадап айтты. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Қаржы мен құрылыс материалдары және жұмыс күші жеткілікті көрінеді. Төрт жолақты жолдың ұзындығы 0,6 шақырым, ені 14 метр. Жолдың екі жағында жаяу жүргіншілер жолы болады. Бұдан бөлек ұзындығы 72,8 метрлік көпір мен су және кәріз құбыры жүйесі де салынып жатыр.
Форумның басты нысаны – «Болашақ сарайы» құрылысының жоғары қарқыны да қуантпай қоймайды. Балалар мен жасөспірімдерге арналған нысанның жоба бойынша құны 6,5 миллиард теңгені құрайды. Жалпы көлемі 7 мың шаршы метрді алып жатыр. Ғимарат екі бөліктен тұрады. Біріншісі интеллектуалдық дамуды қалыптастыратын аймақ болса, екіншісі спорт алаңдары.
– Қазір нысанның екінші қабатының қабырғалары тұрғызылуда. Жұмысқа еш кедергі жоқ барлығы ойдағыдай жүргізілуде, – дейді жоба жетекшісі «БиоГрупп» серіктестігінің өкілі Жомарт Қырсықпаев.
Бұдан әрі облыс басшысы Әуелбеков көшесінің бойындағы Жақия қажы атындағы жаңа мешіт құрылысы, облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы мен облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде болып, ахуалмен танысты. Мешіт құрылысын Құрбан айт мерекесіне дейін аяқтау жос-парланса, «Сарыарқа» шағын ауданында жедел жәрдем қызметінің жаңа стансасы салынатын болып отыр. Медициналық мекеме басшылығының айтуынша, Көкшетау қаласында орналасқан облыстық жедел жәрдем қызметі стансасы 150 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Облыстың әр өңірінде бөлімшелері бар. Соңғы жылдары аталған құрылым бірқатар қайта құруларды бастан өткерді. Қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандырылудың арқасында станса қызметкерлерінің бұрынғыдан жедел әрі сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік туды. Алайда, станса ғимаратының тарлығы сапалы жұмыс істеуге біраз кедергі келтіріп отырған жайы бар.
Ғимарат ішін аралап көріп, дәрігерлермен кездескен облыс әкімі Ермек Маржықпаев облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы мен облыстық жедел жәрдем қызметі стансасының бас дәрігері Александр Высоцкийге жаңа стансаның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырды.
– Жаңа стансаның құрылысы үшін «Сарыарқа» шағын ауданынан жер телімін қарастыратын боламыз. Ол үшін қазірден бастап жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуді тапсырамын, – деді Ермек Маржықпаев. Облыс әкімі атап өткендей, бұл медициналық мекеменің құрылысына қаржы республикалық бюджеттен бөлінуі мүмкін.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар