Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметшінің әдепті болуы – басты талаптардың бірі - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметшінің әдепті болуы – басты талаптардың бірі

Облыстық әкімдікте өткен бейне конференцияда Ақмола облысының әдеп жөніндегі уәкілетті институтының өткен жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы міндеттері белгіленді.

Облыстық басқармалар мен ведомстволар басшыларының орынбасарлары, Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудан әкімдері аппаратының әдеп жөніндегі уәкілдері қатысқан жиынды облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова ашып, жүргізіп отырды. Оның айтуынша, өткен жылы аталмыш институт мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру, басқа да көмек көрсету бойынша 674 іс-шара өткізген екен. 104 жеке қабылдау жүргізілсе, оның 36-сы елді мекендерде өткен. Қызмет әдебі нормасын бұзған мемлекеттік қызметшілердің 51 ісі қаралыпты. Оның 18-і дәлелденді. Жауапты қызметшілерге қатысты тәртіптік шара қолданылған. 20 өтініш бойынша мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқы қалпына келтірілді. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ мақалаларын мониторингтеу нәтижесінде 15 оң және 11 сын материалдар анықталды. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар бойынша мемлекеттік қызметшілердің моральдық бейнесі әдеп мінез-құлқы нормасына қарама-қайшы келетін 48 материал жарияланған.
–Есептік кезеңде тиісті лауазымды тұлғаларға қызмет әдебі нормасын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін қарау жөніндегі ұсыныспен 51 хат жіберілді. Оның 37-сіне қатысты тәртіптік іс қозғалды. Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау мәселесі жөнінде түсіндіру жұмысы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Әдеп кодексіне қатысты 414 шара өткізілді. Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселесі жөнінде аудандар мен елді мекендерге 112 рет іс сапарға шықтық. Ұжымдағы моральдік-психологиялық жағдайды анықтау үшін 164 рет анонимдік сауалнама жүргізілді. Бұған 6436 мемлекеттік қызметші қатысты. Мүдделер қарама-қайшылығының 7 оқиғасы анықталды. Оның барысында екеуінің лауазымды міндеттері өзгертілсе, өзгелеріне шара қолданылды. Мемлекеттік қызметшілердің құқын қорғау жұмысы жүргізілуде. Бұл негізсіз салынған тәртіптік істі алып тастауға, жеткіліксіз негізде сыйақы бермеуге және іссапар шығынын уақытында төлемеуге қатысты болып отыр,–деді Айнагүл Жанәділова.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыратын заңдағы түзетулер туралы хабардар етті.
–Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер, яғни, орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері мен әкімдерінің орынбасарлары, қалалар мен аудандардың әкімдері сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаса, міндетті түрде отставкаға шығуға сұрануы керек. Осы нормаларды заңнамалық бекіту мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді деп санаймын, – деді Дархан Хайруллин.
Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселелеріне тоқталды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елуден астам мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді. Әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілердің уақытынан артық жұмыс істеуін бақылауға алуы қажет. Іс-шара барысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарманың басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Күнсая Балғожина, Ақмола облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі Екатерина Рублевская, Аршалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлнәр Есенқартова баяндап берді. Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауап алды.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар