Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп балалы ардақты ана - АРҚА АЖАРЫ

Көп балалы ардақты ана

Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Осындай аналардың бірі – бүгінгі күні Көкшетау қаласында тұратын Күміс алқа иегері Гүлбаршын Сарбасова. Ол 1963 жылы Зеренді ауданының Өндіріс ауылында туған. Көп балалы отбасында тәрбиеленгендіктен болар, Гүлбаршын бауырмал болып өсті. Зеренді қазақ орта мектебінің қабырғасында жүргенде-ақ мұғалім болуды армандайтын. Алғашында Щучинск педагогикалық-индустриялдық техникумына оқуға түсіп, өндірістік оқыту шебері мамандығын алып шықты. Жолдамамен Рузаевка селосындағы № 12 училищесінде еңбек етті. 1983 жылы шұқыркөлдік Жанболат Сарбасовпен көңіл қосып, отбасын құрды. Шалқар селосында балабақшада, кейін мектепте жұмыс істеді.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін сырттай тәмамдады. Білім шаңырағында кәсіподақ ұйымының төрайымы болды. Селодағы орта мектептегі орыс сыныптарында қазақ тілінен дәріс берді. Өзге ұлт өкілдерінің балаларына қазақтың тілі мен дәстүрін үйретті. Өзі көп балалы отбасында өскендіктен болар, өзгенің балаларын өз балаларындай жақсы көрді. Жұбайы екеуі үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Болаты мен Абзалын ұяға, Гүлжаны мен Әнелін қияға қондырып, немере-жиен сүйіп отыр. Ермегі мен Айымы мектепте оқиды. 2015 жылыСарбасовтар отбасы Көкшетауға қоныс аударды. Гүлбаршын 53 жаста зейнеткерлікке шықса даеңбектен қол үзген жоқ. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен даритыны анық. Гүлбаршын өз келіндеріне қазақтың тілі мен дәстүрін үйретуден, немерелеріне ұлттық тәрбие беруден жалыққан емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Сондықтан, мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.
Гүлнәр ЖАҚЫПОВА.
Нұр-Сұлтан қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар