Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов екі айдың қорытындысы бойынша экономиканың жай-күйі туралы баяндады. Оның айтуынша, әлемдік тауар нарықтарында мұнай мен металл бағасының айтарлықтай төмендеуі байқалады.
Биылғы 9 наурыздағы жағдай бо-йынша мұнай бағасы бір барреліне $34 құрады. Бұл жыл басымен салыстырғанда екі есе арзан. Осыған қарамастан, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыру толық көлемде орындалатын болады. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары жұмыс істеуде. Еңбек нарығындағы жағдайға мониторинг жүргізілуде. Инвестициялық жобалар пулы іске асырылуда. Аталған шаралар макроэкономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Осы жылғы 24 ақпанда коронавирустың әлемдік экономикаға таралу әсерінің күшеюі аясында жағдай күрт өзгерді. 2020 жылғы 6 наурызда ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленің талаптары туралы келісе алмады. Бұл мұнайдың әлемдік бағаларын айтарлықтай төмендетуге алып келді. Сыртқы факторларға байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайларда мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданды. Жұмыс орындарын сақтау; ішкі нарыққа бағытталған жаңа өндірістерді дамыту (импортты алмастыру); қазіргі сауда ағындарын сақтау үшін баламалы өткізу нарықтарын іздестіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
– Аталған шаралардың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету. Азаматтарымыздың ешқайсысы қиын жағдайда қалмайды, – деп түйіндеді отырысты Үкімет басшысы А. Мамин.